І тарау. МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ
-
КУЛЬТУРФИЛОСОФИЯ
«Мәдениет» латын сӛзі болғанымен бар әлемге адам қолынан шыққан
барлық материалдық және рухани ӛндіріс нәтижелерін қамтитын жалпы
философиялық кӛзқарас ретінде танымал. Ӛз бастауын сонау антикалық
кезеңнен алатын мәдениеттанулық ойлар бертін келе зерттеу аймағы кеңейіп, ӛз
бетінше жаңа «мәдениеттану» ғылымының пайда болуына алып келді. Қазіргі
қоғамда ӛмір сүретін мәдени меңгеру нысандары мен әдістерінің нақтылы
бӛлінуі, мәдениет нысандарын жасау мен жеткізу, мәдени ӛмірдегі тұрақты
және ӛзгермелі процестер, мәдени факторлар мен механизмдерді
сабақтастырушы «мәдениеттану» ғылымы ХХ ғасырдың ең озық қоғамдық-
гуманитарлық ғылымдар қатарында. Осы аталған және дербес мәдениеттану
ғылымының қызметтері мен процестеріне килікпей, түрлі мәдени іс-шараларға
ӛзінше философиялық серпін, мән-мазмұн беретін мәдениет философиясы
ғылымы болып табылады. Мәдениеттану ғылымымен қатарласа дамып келе
жатқан мәдениет философиясы
болмыс, сана, материя, қоғам, даму сынды таза
философиялық проблемалармен мәдениеттің құндылықтық-танымдық жүйесі,
синтетикалық нысанадары, мәдени бағалау, мәдениет қызметтері сынды ӛзіндік
бағыттарын байланыстыра отырып кӛптеген ӛзіндік мәдени-философиялық
проблемалардың тарқатылуына жол ашты. Адамның адам болуы үшін тек
биологиялық эволюция жеткіліксіз, сондықтанда жаңа процесс болып
есептелетін мәдени-философиялық эволюция қажеттің қажеті.
Достарыңызбен бөлісу: