Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет16/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet

Ӛзін тексеру сұрақтары
1.
Тұлға дегеніміз не? 
2.
Тұлға мәдениетінің қажеттілігі мен іс-әрекеттік жетестігін саралаңыз? 
3.
З.Фрейдтің «либидо» ұғымына талдама жасаңыз? 
4.
Тұлғаның әлеуметтік құрылымын жіктеңіз? 
5.
Жеке адам мен тұлғаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде? 
 
 
 


Б) Мәдениеттегі материалдық пен руханилықтың ара қатынасы 
Адамның іс-әрекеті мен сол іс-әрекеттің нәтижесі және адамдар қолынан 
шыққан материалдық игіліктер жиынтығын 
материалды мәдениет
деп 
атаймыз. Талдап ӛтер болсақ:
1) еңбек мәдениеті мен материалдық ӛндіріс, яғни еңбек құралдары, 
технологиялық процестер, ішіп-жем азық-түліктерін ӛсіру және жерді ӛңдеу;
2) тұрмыс мәдениеті;
3) топос немесе тұрғын жер мәдениеті, яғни тұрғын жерлер, үйлер, 
ауылдар, қалалар;
4) ӛз-ӛзіңе, ӛз дене бітіміңе деген мәдени қатынас.
Огборн анықтамасы бойынша материалдық мәдениет терминіне барлық 
материалдық заттар және технология дамуындағы жаңалықтар мен ӛзгерістер 
жатады. Сондықтанда материалдық мәдениетті археология, этнография, тарих, 
экономика және т.б. ғылымдар қарастырады. 
Материалдық мәдениет
ӛз 
алдына жеке ұғым болғанымен ол да кең мағынада рухани мәдениеттің 
кӛрсеткіші. Себебі рухани мәдениет адам мен қоғам рухани ӛмірінің түрлі 
жақтарын қамтитын адамдық іс-әрекет сферасы. Бұл турасында Н.Бердяев 
«Кез-келген мәдениет, тіпті материалдық мәдениет дегеніміз де рух 
мәдениетіне тиесілі; кез-келген мәдениетте рухани негіз бар – себебі ол табиғи 
жағдайдағы рухтың шығармашылық жұмыс жемісі» - деп анықтама берді. 
Рухани мәдениет
әрбір жеке дара адамның рухани әлемі және оның рухани 
дүниелер тудыру барысындағы әрекеті, мысалы ғалымдар, жазушылар, 
суретшілер, заң шығарушылар және т.б. шығармашылығы, ал рухани әрекеттің 
жемісіне рухани құндылықтар, ғылыми нәтижелер, кітаптар, заңдар, дәстүрлер 
және т.б. жатады. 
Рухани мәдениет
саяси, құқықтық, ізгіліктік, эстетикалық, 
діни, ұлттық, ғылыми және философиялық сынды түрлі қоғамдық сана 
формалары арқылы кӛрініп отырады да ӛнер, әдебиет, сәулет және басқа да 
адам іс-әрекеттерінің ескерткіштеріне айналады. Рухани мәдениетке дін, 
ғылым, ағартушылық, білім, ӛнер, тіл, жазу ӛнері және т.б. жатады.
Материалдық ӛндіріс және оның жекелеген аймақтарындағы адамзаттың 
жинаған тәжірибесі еңбек пен ӛндіріс мәдениеті деп аталатын мәдениет 
формасын сипаттайды. Материалды және ӛндіріс мәдениеті әлеуметтік-
экономикалық және технико-технологиялық жүйелерді ӛзіне енгізеді де, адам 
еңбек пен ӛндіріс субъектісіне айналады, демек ӛзінің тарихтар саласынан 
жиналған тәжірибелері мен еңбек әрекеті ілімдерін келер ұрпаққа мұраға 
қалдырады. 
Тарихшы-ғалым Манаш Қозыбаев ӛркениет шындығына келгенде 
мәдениет, ал мәдениет болса 
тірнек 
/материальная/ және 
кӛрнек
/духовная/ 
мәдениеті болып екіге бӛлінеді деп оларға ескіше атау берген 
(Қозыбаев М.Қ. 
Ӛркениет және ұлт. - Алматы: Сӛздік-Словарь, 2001.- 69 б.). 
Кез-келген материалдық 
мәдениет рухани мәдениеттің жемісі бола отырып, тұрмыстық қажеттілік пен 
сұранысты қанағаттандыру мақсатында пайда болып, заман ӛте түрленіп 
модерзинацияланады. Нәтижесінде адамды рухтандыратын, сұлулық пен 
ерекшелікке ие заттарға айналады, демек ӛзінің алғашқы түп негізі болған 


рухани мәдениеттің пайда болуына тікелей ықпал етеді. Осы ойымызды тарқату 
мақсатында рухани және материалдық мәдениет ара қатынасының куәгері 
ретінде қарапайым қазақ тұрмысын алуға болады. Халық тұрмысының басты 
кәсібі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет