мал шаруашылығы
. Малдың түр-түрінің қыр-сырын игеріп, олардың
мүмкіндіктерін ӛз тұрмыстарында барынша пайдалану қазақ халқының
философиялық биіктігін кӛрсетеді. Мал бағу дегеніміз тӛрт түлікті сайын
далаға жайып жіберіп, қарап отыру емес. Қазақтар малдарды түліктерге бӛле
отырып, олардың тіршілік ету ыңғайларын табиғат жағдайымен орайластыру,
оларды кӛбейту, асылдандыру, есебін алу, табиғаттың тосын апаттарынан аман
сақтау, тұрмыстық азыққа, киімге, айырбас тауарға айналдыру және тағы да
басқа мәселелерін игерген, сонымен қатар, осы аталғандарды жүзеге асыру
барысында қисынды ой, далалық білім, аса талғампаздық, сыншылдық, саналы
және шұғыл шешім қабылдауға дағдылану, табиғатқа тӛселу сынды мінез-
құлыққа ие болып, жалпы айтқанда дала философиясын тұрмыстық
философияға айналдырған. Олар мал шаруашылығын негізге ала отырып,
егіншілік, қол ӛнершілік, кәсіпшілікпен де айналысып, ӛздерінің ұлттық
мәдениетін қалыптастырған. Дала ӛркениеті, оның ішінде қазақ ӛркениетінде
тұрмыс мәдениеті ең жоғарғы деңгейде дамыған. Киіз үйден бесікке дейінгі
жәдігерлер құны жойылмайтын, уақыт ӛзгерте алмайтын, әрі қайталанбайтын
дара мәдениеттер. Осылардың барлығын түйіндей отырып қазақ халқының
тұрмыстық философиясын былайша жіктеуге болады:
Мал шаруашылығы (түліктерге, саулықтарға бӛлу, жайлымдар таңдау,
мал бағу стратегиясы, тӛлдету, асылдандыру, азыққа айналдыру, жүні мен
терісін пайдалану және т.б.);
Егін шаруашылығы (жерді меңгеру, диханшылық, тұқымдарды түрімен
ажырату, мезгілдік егіншілік, жеміс-жидектер егу, оларды баптау, күту, ору,
жинау, сақтау, тұқымдықты ажырату және т.б.);
Қол ӛнершілік ( ағаштан бұйымдар жасау, ұсталық, қыштан, саздан
құйып жасау, шеберлік, темірді балқыту, жіп иіру, тері илеу, қоғасын құю,
ӛрнектеу, кестелеу, киіз басу, алаша тоқу, киім тігу, тоқыма тоқу, құрақ құрау,
таспа ӛру, зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқ, ат әбзелдерін, жиһаздар, саз
аспабтарын, қару-жарақтар жасау және т.б.);
Аңшылық, саятшылық (аңға шығу, сонарлау, тазыларды, құмай
тазыларды дайындау, үйрету, қарулар, қақпандар жасау, аң терілерін игеру,
бүркіт, лашын, қаршыға, қыран, сұңқар сынды саятшылық құстарын асырау,
құсбегілік, оларды үйрету, жүйрік аттарды баптау, тұлпарлар дайындау және
т.б.);
Сауда кәсіпшілігі (сүт, ет, май, құрт, ірімшік сияқты ӛңделген азықтарды
сату, айырбас сауда, мал сату, малды бордақылау, жәрмеңкелер, аламан
бәйгелер ұйымдастыру және т.б.);
Рухани кәсіпшілік (балгерлік, бақсылық, сынықшылық, кӛріпкелдік,
жұлдызшылық, құмалақ ашу, зікір салу, түс жорушылық, жауырынмен бал
ашу, жорамал айту, тамыр басу, үшкіру, ұшықтау, аластау, ем-дом жасау,
шӛптермен емдеу, қарғыс пен кӛз тиіуді алу, таңдай басу және т.б.).
Осы аталғандардың барлығы қазақ баласын ӛмірге, еңбекке баулу,
кәсіптікке бейімдеу, шеберлікті дамыту, кӛркем ойлау қабілетін арттыру сынды
қасиеттерді бойына сіңіруге тікелей ықпал етсе, адамгершілік пен сыпайылық,
ақылдылық пен сыншылдық, сабырлық пен бейнеткештік, ұқыптылық пен
икемділік, іскерлік пен ісмерлік, еңбекқорлық пен алғырлық, зеректік пен
зейінділік, сезімталдық пен адалдық, шапшаңдық пен қырағылық, батырлық
пен мәрттік, намысқойлық пен қайсарлық, тазалық пен әділдік, жомарттық пен
рақымшылдық, имандылық пен инабаттылық, әдептілік пен кішіпейілділік
сияқты тәлім-тәрбиені дамытып, азаматтық, моралдық, діни, этикалық,
эстетикалық, экономикалық, патриоттық реттегі ұстанымдарды, ұлттық салт-
дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенім, салт-жоралғы, мәдениет пен ӛркениетті де
қалыптастырды. Бұл турасында Хакім Абай
отыз үшінші қара сӛзінде
«егер де
мал керек болса, қолӛнер үйренбек керек. Мал жұтатпайды, ӛнер жұтамайды.
Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолӛнерді – қазақтың әулиесі сол» - деп
қолӛнердің тұрмысты оңалтуға апаратын бірден-бір жол екендігін баса
кӛрсетеді де, ары қарай қазақтың ӛнерге қатысты кеселдерін қатты сынға
алады. Ӛкінішке орай, қазақтардың барлығы ӛте еңбекқор, кәсіпшіл деп дӛп
басып айту ӛте қиын. Оған мысал «Дала Уалаяты» газетінің 1895 жылдың 26
қарашасындағы 45 санындағы Аппасов Сұлтанның
«Қазақбайдың ұрылары»
атты мақаласында қазақ даласындағы ұрлық пен барымтаның басты себебі –
кәсіпсіздік екендігін атап кӛрсеткендігі, Абай да ӛзінің
42-ші қара сӛзін
жұмыссыздыққа арнап, еңбексіз жатып ішу, қолы ұдайы бос болу жеке
адамның басындағы және бір қауымдағы кеселдің үлкен себешісі деген аса
сыншыл, ӛткір ойлар айтады. Осы аталғандарға қосымша ретінде батыстық
әлеуметтанушылар мен психологтар елдегі нашақорлық, түрлі бейбастақтық
мәселелері адамдардың жұмыссыздығынан, аса байлықтан етек алады десе,
техниканың қарқынды дамуын негізге алған кейбір пессимист ғалымдар мың
адамның еңбек ететін қол жұмысын автоматтың бір тетігі ғана атқарады, олай
болса жоғарыда аталған келеңсіздіктердің басты себешісі техника дегенге
саяды.
Материалдық мәдениет пен руханилық ара қатынасының кӛрсеткіші
іспеттес ӛркениетті адамзат дамуының шыңы емес, керісінше, тығырыққа
апаратын жол деп есептейтін
Махттма Ганди
, оның дәлелі, ӛркениет әлемінде
ӛмір сүретін адамдар ӛмірінің мәні мен физикалық игілікті мақсат етеді деген
тұжырымға келеді. "Бұрын киім ретінде тері, ал қару ретінде найза қызмет
ететін, ал қазір шалбар киіп, түрлі басқа киімдерді денені безендіру үшін киеді,
найзаның орнына бес, тіпті одан да кӛп бытыралы тапанша қолданады. Бұрын
Еуропада адамдар жерді қолдарымен ӛңдеген, кейіннен булы қозғағыштың
кӛмегімен адамдар кең ауқымды жерді игеріп, кӛп байлық жинай алды. Мұны
ӛркениеттің кӛрсеткіштері деп атайды. Бұрын азғантай адамдар кітап жазатын,
бірақ құнды болатын, ал қазір кез-келген адам ойына келгенін жазып,
адамдардың миларын уландыруда. Бұрын адамдар бір-бірімен соғысқанда,
күштеріне сенетін, ал қазір бір адам тӛбешік астында жатып пушкамен
мыңдаған адамдардың ӛмірін жоқ етеді.
Бұл ӛркениет.
Бұрын адамдар ашық
аспан астында қанша қаласа, сонша жұмыс істейтін болған, ал қазір мыңдаған
жұмысшылар тіршілік етуге нәпақа табу үшін фабрикалар мен шахталарда
бірігіп жұмыс істейді. Олардың жағдайы жануарлардан да тӛмен. Олар ӛз
ӛмірлерін тәуекелге буып, ең қатерлі жұмыстарды миллионерлер үшін істеуге
тәуелді. Осының барлығы ӛркениет ӛлшемі. Бұл ӛркениет не адамгершілікті, не
дінді қабылдамайды, тіпті кейбіреулері дінді ырымшылдықтың ӛнімі деп те
есептейді. Мен ӛзімнің жиырма жылдық тәжірибемнің нәтижесінде
адамгершілік астарында ӛнегесіздіктің дәріптелінетініне кӛзім жетті. Ӛркениет
адамдар үшін ыңғайлылыққа қызыға ұмтылу, бірақ бақытқа емес, себебі мұнда
ол масқара сәтсіздікке ұшыраған болар еді».
Материалдық мәдениеттің гүлдену кезеңін зәулім үйлер, дамыған техника,
электрондық жетістіктер және т.б. арқылы дәлелдеу қиын емес, ӛйткені
барлығы кӛзге кӛрініп тұр. Негізгі мәселе руханилық пен материалдық
арасындағы адамдық іс-әрекет, адамдық сапа, ойлау жүйесінің ізгілікті дамуы.
Ақселеу Сейдімбек
ӛзінің этномәдени пайымдауы барысында материалдық
ӛндіріс деңгейімен рухани мәдениет ӛресінің сай келе бермейтін кейбір
келеңсіз кӛрністерін бүгінгі ӛмірден байқауға болатындығын айтады.
Туындатудан
гӛрі
тұтынуға
бейім
қомағай
психология,
ӛзімшіл
практикашылдық, адам қабілетінің тар аядағы мамандықпен шектеліп
қалушылығы, мәдени-рухани ұқыпсыздық, мәдениетті дамытудың мемлекеттік
деңгейдегі дәрменсіздігі т.б. осы сияқты келеңсіздіктер ӛкінішке орай, бүгінгі
ӛміріміздің шындығы қалпында сақталып отыр. Бұған әлі де болса екпінін
тоқтата қоймаған идеологиялық әміршілдіктіде қосуға болады. Ӛйткені бұл да
мәдениеттің элементі болып табылады. Белгілі бір топтың немесе сыртқы ӛктем
күштің мүддесі тұтас этнос ӛміріне зорлықпен таңылса, мәдениетке мұның да
кері ықпал ететінін қазақ халқы жақсы біледі
(Сейдімбек Ақселеу. Қазақ әлемі.
Этномәдени пайымдау. Оқу құралы. – Алматы, «Санат» 1997. – 79 б.)
.
Достарыңызбен бөлісу: |