«Денсаулық – зор байлық» Мақсаты



Дата04.08.2022
өлшемі37,5 Kb.
#147939

«Денсаулық – зор байлық»
Мақсаты:

  1. Денсаулыққа жауапкершілікті қарау, шапшаң ойлау, денсаулыққа пайдалы және зиян әдеттерді ажырату дағдылары мен салауатты өмір салты ережелерін ұстану қабілеттерін қалыптастыру;

  2. Денені шынықтыру мен гигиеналық тазалыққа деген ынталарын арттыру;

  3. Тазалық пен ұқыптылыққа, зиянды әдеттерден жат болуға тәрбиелеу.

Барысы:

  1. Сөзжұмбақты шешу


Д Ә Р І Г Е Р

Г И Г И Е Н А

А Й Н А

П А С Т А

С А Б Ы Н

Д У Ш

С Ү Л Г І

С А Б Ы Н

Т А Р А Қ



  1. Ақ халатты жан.

  2. Бұл денсаулықты қорғау және тазалық сақтау туралы ғылым.

  3. Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп, Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне

  4. Белінен қыссаң, аузынан ақ уыз шығады.

  5. Жуынамын деп жазған – ай, Күннен күнге азғаны-ай

  6. Көлшігім бар төбемде, Жуынам тұмсықпен себем де

  7. Шомылған баланы, аймалап алады. Сүртеді қолыңды, сүртеді жоныңды

  8. Бұдан кір қорқады, Ол судан қорқады.

  9. Өзі жұқы, тісі көп, Тазалыққа ісі көп



  1. Бүгін біз «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында сөз қозғайтын боламыз. Екі топқа бөлініп, келесі кластерлерді толтырасыздар:



  • Денсаулыққа пайдалы;

  • Денсаулыққа зиян.




  1. Пікірталас

Темекі, ішімдік және компьютер пайдасы мен зияны.
Темекі

+

-

  1. Қымбат тондарды күйеден (моль) сақтайды;

  2. Жүйке жүйені тыныштандырады;

  3. Сәнділік




  1. Өкпе ауруы

  2. Сары тіс

  3. Жағымсыз иіс

Ішімдік


+

-

  1. Көтеріңкі көңіл күй

  2. Қиындықтарды (проблемаларды) ұмыту

  3. Спиртпен залалсыздандыру

  4. Тонғанда жылытады

  1. Ұрыс, жанжал

  2. Қылмыс жасау

  3. Денсаулық жауы

  4. Ақша жауы

Компьютер



+

-

  1. Керек ақпаратты табу

  2. Фильм, презентация

  3. Ойын ойнау

  1. Көру нашарлауы

  2. Ғаламтордағы жарнама

  3. Компьютерлік ойынның психикаға әсері

4. Жағдаяттар


Жанель мектептегі сұлу қыздардың бірі, өзі ауқымды, бай отбасынан. Ақшаның молшылығы сондай – құрбыларымен мектептен соң кафеде сыра ішу әуесқойлыққа айналды. Ол Қайсар есімді студент жігітпен танысады да, бір-біріне деген сүйіспеншіліктері оянады. Екеуі бір айдай қыз бен жігіт ретінде араласып жүреді. Қайсар - қазақша күреспен айналысатын, үздік спортшы болғандықтан, қызынына шарт қояды: не сыра ішуді қой, не екеуіміз қарым-қатынасты үземіз. Осыны естіген Жанель ішімдікке мас болып, жігітіне СМС жазады және өз-өзіне қол жұмсайды да, ауруханаға түседі. Қыздың ата-анасы СМС-ті полиция бөліміне әкеліп, Қайсардың үстіне шағымданады. Қайсар кәмелетке толмаған қызды өлімге итермеледі деген жазамен 3 жыл бас бостандығынан айрылады.



  • Кім жазықты?

  • Жанельдің қателігі неде?

  • Ата-анасының ше?

  • Сіз Қайсардың орнында болсаңыз, не істер едіңіз?

Рауза мен Бекболат шаңырақ көтеріп, 5 жыл бақытты өмір сүреді. Олардың Дарина есімді қызы мен Нурбол есімді ұлы болады. Екеуі, тіпті, бір-бірімен ұрысып та көрмеген, тату жұп еді. Бір күні Бекболат Раузаға басқа әйелді сүйетінін, және ол әйелдің аяғы ауыр екенін айтып, үйден кетіп қалады. Бұндайды күтпеген Рауза, ішімдік арқылы бар қиындықты ұмытуға қадам басады. Күн сайын мас болып, балаларына да қол көтеретін болды. Екі айда үйдегі қымбат заттардың бәрі ішімдік үшін сатылды. Кәмелетке толмағандармен жұмыс жасау инспекторына шағым түсіп, Рауза ата-ана құқығынан айырылып, балаларын интернатқа алып кетеді.



  • Кім кінәлі?

  • Осы жағдайды сіз кімді аяйсыз, неліктен ?

  • Сіз Раузаның жақын досы болсаңыз, не істер едіңіз?

5. Мақал-мәтелдерге сүйеніп, кластер жасау
Тазалық — саулық негізі, 
Саулық — байлық негізі.
Ауырып, ем іздегенше, 
Ауырмайтын жол ізде.

Бүгінгі тәрбие сағаты


Денсаулық жайлы сөз еткен.
Көп нәрсені ұғып алдық
Кетпейтің мәңгі естен!- деп бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
«Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер».

Бекет Өтетілеуов атындағы орта мектебі




Мұғалім: Молдахметова С.З.



2016-2017 оқу жылы



Қымбат тондарды күйеден (моль) сақтайды



Жүйке жүйені тыныштандырады



Сәнділік

Өкпе ауруы



Сары тіс

Жағымсыз иіс



Көтеріңкі көңіл күй



Қиындықтарды (проблемаларды) ұмыту



Спиртпен залалсыздандыру



Тонғанда жылытады



Ұрыс, жанжал



Қылмыс жасау



Денсаулық жауы



Ақша жауы



Керек ақпаратты табу



Фильм, презентация



Ойын ойнау



Көру нашарлауы



Ғаламтордағы жарнама



Компьютерлік ойынның психикаға әсері




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет