Өз үйіңді тап Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.
Қажетті құралдар: түрлі-түсті дөңгелектер
Ойын барысы: Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер таратып, түстерін атау. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлер жасап өз үйлерін жылдам тауып, тұра қалу.
1 Тышқан мен мысық Ойын мақсаты:балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету.
Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады. Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек. Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек. Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.
Қажетті құралдар: мысық пен тышқан бет перделері.
2 Түлкі мен балапандар Ойын мақсаты: Шапшаңдық пен мұқияттылыққа тәрбиелеу
Ойын шарты: Бұл ойынға балалар 7-8 ден бөлініп ойнайды. Топ ішінде бір баланы «түлкі» етіп сайлап,қалған балаларды балапандар деп әрқайсысына бетпердке кигізіп ойын ойналады. Ойында балапандар түлкі кейіпкеріне ұсталып қалмауы үшін,тәрбиеші көмегімен белгі бойынша ойынды бастап аяқтауы тиіс. Балалар шапшаң кең бөлмені айнала қашуы тиіс.
Қажетті құралдар: түлкің мен балапандар беп перделері.
3 Ұйқыдағы аю Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады.
Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізі\п лорындыққа отырғызып қояды. Балалар орманда серуендеп келе жатып,ұйқыдағы аю көреді. Аю болса балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп,балаларды қуа жөнеледі. Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғыузып қояды.ойын қайта жалғаса берекді.
Қажетті құралдар: Аю бетпердесі.
4 Допты қуып жет Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түсетеріңн көлемін ажырата білуге баулу. Ойынның шарты: бұл ойынға 5-6 бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып жібереді.»Допты қуып жет»деген белгі бойынша ,балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек. Құралдар: түрлі-түсті ,үлкен-кішілі доптар.
5 «Балапандар мен мысық» Бастапқы қозғалыс: Жай жүріс, жүгіру.
Ойынға түсініктеме:
Балалар тәрбиешімен бірге мысыққа жақындап:
Мыс-мыс-мысығым,
Қандай күшті пысығым.
Пеш үстінде ұйықтайды,
Көзін қатты қыспайды.
Балапанды ұстайды?
Мысық: Мяу! деп балаларды қуа жөнеледі.
6 Қояндар мен қасқыр Мақсаты: Балаларды алғырлыққа, қырағылыққа, татулыққа тәрбиелеу. Ептілік қасиеттерін арттыру. Денсаулықтарын шынықтыру. Шарты: Бір бала қасқыр болады, ал қалған балалар қояндар болады. Қояндар өз үйлерінде тығылып жатады, ал қасқыр өзінің апанында жатады. Тәрбиеші: - Секеңдеңдер қояндар, Жүгіріңдер жортыңдар- деген кезде, қояндар үйлерінен шығып секеңдеп ойнайды. Осы кезде қасқыр апанынан шығып қояндарды қуа жөнеледі. Ұстап алған қояндарды апанына апарады. Осылай 3-4 қоянды ұстағаннан кейін ойынды басқа бала жалғастырады. Ойын 2-3 рет ойналады.
7 Кеглиді көзде Мақсаты: Балаларды мергендікке,ептілікке,белгілі бір бағытты көздей білуге үйрету. Шарты: Балалар екі қатарға бөлініп тұрады,тізілген кеглиларды қолдарындағы доппен көздеп құлату керек. Әрбір бала өзінің неше кегли құлатқанын есінде сақтап отырады.Допты оң қолымен , сол қолымен де домалатуға болады.
8 Допты тордан лақтыр Мақсаты: Допты лақтыра білуге үйрету, топпен жарыса білуді ептілікке,шапшаңдыққа үйрету. Шарты: Құрылған тордың екі жағынан бөлініп тұрады. Арақашықтығы 1-1,5 метр болуы керек. Балалар тор арқылы бір-біріне допты лақтырады.Допты жерге түсірмей қағып алып отыру керек.Тәрбиеші жерге түскен допты санап отырады.Қай топта доп көп жерге түсе сол топ жеңіледі.
9 Доптар мектебі Мақсаты: Доппен ойнаудың тұрлерін үйрету,екі қолмен қағып алу,қабырғаға үру, жерге ұрып қағып алу сияқты т.б.түрлерін ойнай білу. Ептілікке тәрбиелеу. Шарты: Балалар тәрбиешінің көрсеткен жаттығуларын орындайды. 1. Допты жоғары лақтырып екі қолмен қағып алу.
2. Допты жерге соғып екі қолмен ұстап алу. 3. Допты жерге соғып шапалақты соғып екі қолмен ұстап алу. 4. Қабырғаға допты соғып екі қолмен қағып алу. 5. Допты қабырғаға соғып ұстап алып,жерге соғып қағып алу.
10