§ 2. Бірыңғай донорорталығы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 556-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 556. Бірыңғай донорлық орталық (бұдан әрі - БДО) әрбір ҚО-да құрылады. 1-2-санаттағы ҚО БДО-да фельдшер (мейірбике) 3 лауазымы және 3 медициналық тіркеуші лауазымы көзделген. 20000-нан артық донацияның әр 5000-на фельдшердің (мейірбике) қосымша 1 лауазымы және медициналық тіркеушінің 1 лауазымы енгізіледі. 3-4-санаттағы ҚО БДО-да фельдшер (мейірбике) 1 лауазымы және 1 медициналық тіркеуші лауазымы қарастырылған. 5000-нан артық донацияның әр 2500-на медициналық тіркеушінің қосымша 1 лауазымы енгізіледі.