§ 7. Гипербариялық оксигенация бөлімшесінің штат нормативтері
75. Гипербариялық оксигенация бөлімшесінің (бұдан әрі - ГОБ) дәрігері, кіші және орта медициналық персонал лауазымдары қолданысты ГОБ стационарлық және жылжымалы құрылғыларына тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
76. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы бөлімшенің дәрігерлері лауазымдарының үстінен 2 және одан да көп ГОБ құрылғылары болған жағдайында белгіленеді.
77. Аға мейірбике лауазымы бөлім меңгерушісінің лауазымына сәйкес белгіленеді.
78. Инженерлік-техникалық персоналының лауазымы мен ГОБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету техникалық құжаттары бойынша белгіленеді.
79. Жүргізушілер лауазымы ГОБ жылжымалы құрылғыларына тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.05.01. № 10 бұйрығымен 7-1-параграфпен толықтырылды
§7-1. Диагностика мен емдеудің рентгенохирургиялық әдістері бөлімшесінің штат нормативтері
79-1. Диагностика мен емдеудің рентгенохирургиялық әдістері бөлімшесінде (топтарында) бөлімше меңгерушісінің 1 лауазымы, аға мейірбикесінің 1 лауазымы, шаруа-бикесінің 1 лауазымы, маман дәрігерлердің 1 посты, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің 1 посты, рентген-зертханашылардың 1 посты, анестезист мейірбикелердің 1 посты, санитарлардың 1 посты белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 8 параграф жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |