§ 5. Гемодиализ бөлімшесінің штат нормативтері («жасанды бүйрек») 52. Гемодиализ бөімшелерінің дәрігері лауазымдары белгіленген уақыт нормативі бойынша жұмыс көлеміне байланысты немесе 4 диализдік орынға 1 лауазым есебінен, бірақ диализ залына 1 лауазымнан кем болмауы тиіс. 53. Шұғыл көрсеткіштер бойынша кешкі және түнгі уақытта, демалыс және мейрам күндерінде гемодиализ өткізетін дәрігердің лауазымдары, жұмыстың көлеміне байланысты белгіленеді. 54. Күндізгі стационар дәрігері лауазымы 8 амбулаториялық науқасқа (төсекке) белгіленеді 55. Бөлімше меңгерушісі лауазымы диализдік орындардың саны 6-ға дейін 0,5 лауазымы, 6-дан астам - 1 лауазым белгіленеді. 56. Гемодиализ бөлімшесінің мейірбикесі лауазымдары 2 диализдік орынға-1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ диализдік залға 1 лауазымнан кем болмауы тиіс. 57. Гемодиализ бөлімшесінің емшара мейірбикесі лауазымы 6 диализдік орынға - 1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ диализдік залға 1 лауазымнан кем болмауы тиіс. 58. Шұғыл көрсеткіштер бойынша кешкі және түнгі уақытта, демалыс және мейрам күндерінде гемодиализ өткізетін мейірбике лауазымдары, көрсетілген мақсаттарға енгізілген дәрігерлердің лауазымдарына сәйкес белгіленеді. 59. Күндізгі стационар мейірбикесі лауазымы 16 амбулаторлиялық науқасқа (төсекке) белгіленеді. 60. Аға мейірбике лауазымы бөлімше меңгерушісінің лауазымына сәйкес белгіленеді. 61. Емшара санитары лауазымы ауысымына 4 диализдік орынға 1 лауазым есебінен белгіленеді. 62. Күндізгі стационарда еден сыпырушы санитарлар лауазымы 16 амбулаторлиялық науқасқа (төсекке) белгіленеді. 63. Электроншы-инженер лауазымы ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді. 64. Техник лауазымы ауысымына 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымнан кем емес белгіленеді.