Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


§ 10. Сәулелік диагностика бөлімшесінің штат нормативтері



бет11/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

§ 10. Сәулелік диагностика бөлімшесінің штат нормативтері
86. Рентген-зертханашылардың лауазымдары дәрігер-рентгенологтардың лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
87. Рентген мұрағатына (компьютерлік рентген мұрағаты) үшін медициналық тіркеушілердің лауазымы стационарлар үшін ауысымға бір лауазым және емханаға бір лауазым есебінен белгіленеді.
88. Рентген бөлімшесі (кабинет) санитарларының лауазымдары дәрігерлердің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
89. Рентгенолог-дәрігердің лауазымы кеуде қуысының органдарын профилактикалық флюрографиялық тексеру үшін бекітілген 60 мың тұрғынға бір лауазым есебінен белгіленеді.
90. Рентген-зертханашыларының лауазымы кеуде қуысының органдарын профилактикалық флюорографиялық тексеру үшін бекітілген 30 мың тұрғынға бір лауазым есебінен белгіленеді.
91. Медициналық тіркеушілердің лауазымы 30 мың тұрғынға бір лауазым есебінен белгіленеді. 15 мың адам тұрғыны бар аудандарда рентген-зертханашылардың лауазымы 0,5 лауазымы қарастырылады.
Тұрғыны 15 мың адамнан аз аудандарда флюорографиялық кабинеттердің штаты ауданның рентгенологиялық лауазымдардың ортақ лауазымдарының есебінен істелуі керек.
92. Жылжымалы құрылғыларда бір рентгенолог-дәрігер, бір рентген-зертханашы, бір жүргізуші штаттары қарастырылған.
93. Компьютерлік томография бойынша рентген-зертханашылардың лауазымы ауысымда 2 рентген-зертханашы лауазымы есебінен белгіленеді.
94. Емшара мейірбикесі лауазымы ауысымда бір кабинетке 0,5 қызмет орны есебінен белгіленеді.
95. Компьютерлік томография кабинеті санитарларының лауазымы бір ауысымда бір компьютерлік томография кабинетіне 0,5 лауазым есебінен белгіленеді.
96. Компьютерлік томография жөніндегі инженерлердің лауазымы ауысымда екі немесе одан да көп құрылғыларға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
97. Анестезиолог мейірбикенің лауазымы анестезиолог дәрігер лауазымына сәйкес белгіленеді.
98. Күрделі ангиографикалық және рентгено-теледидарлық құрылғылармен инженер-маман қызмет көрсетеді: инженердің 1 лауазымы 2 және одан да артық құрылғыларға белгіленеді.
99. Рентгенхирургиялық емдік әрекеттер аптасына 4 реттен артық болмау керек.
100. Есептік мөлшерге зерттеуге немесе емдік кірісулерге алдын-ала жұмыстарын өткізу уақыты қосылған.
Алынған ақпаратты талдау үшін және белгіленген медициналық құжатты енгізу үшін бір зерттеуге қосымша уақыт - 30 минут.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет