Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


§ 2. Қабылдау бөлімшелерінің штат нормативтері



бет3/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

§ 2. Қабылдау бөлімшелерінің штат нормативтері
20. Қабылдау бөлімшесінің дәрігерлер лауазымы ауруханадағы 400 және одан да көп төсекке - тәулік бойы жұмыс істейтін 1 постпен белгіленеді.
21. Қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі лауазымы ауруханадағы 200 және одан да көп төсекпен белгіленеді.
Аурухана құрамында 200 инфекциялық төсек пен қабылдау бөлімшесі болған жағдайында айтылған бөлімшенің меңгерушісі лауазымы қосымша белгіленеді.
22. Хирург, травматолог-ортопед, акушер-гинеколог, офтальмолог, уролог, токсикологиялық және басқа да мамандық бойынша тәулік бойы шұғыл көмек көрсету үшін хирург, травматолог-ортопед, акушер-гинеколог, офтальмолог, уролог, токсиколог және басқа да мамандық бойынша дәрігерлердің лауазымдары дәрігер лауазымының шамасынан тыс атқарылған жұмыстың көлеміне байланысты белгіленеді.
23. Қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі лауазымы мынадай жағдайда белгіленеді:
100-200 төсекке 1 лауазым;
201-ден 400 төсекке дейін тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
400 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост және келесі әр 100 төсекке қосымша 1 лауазымы.
Аурухана құрамында 200 инфекциялық төсек пен қабылдау бөлімшесінің болған жағдайында жұқпалы ауруларды қабылдау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді.
24. Қабылдау бөлімшесінің аға мейірбикесі лауазымы 300 және одан да көп төсектік ауруханада белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.05.01. № 10 бұйрығымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
25. Қабылдау бөлімшесінің санитарлар лауазымдары ауруханада мынадай жағдайда белгіленеді:
100-200 төсекке - 1 лауазым;
201-ден 400 төсекке дейін - тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;»
400 төсектен асса, 400 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост және келесі әр 100 төсекке қосымша 1 лауазым.
600 және одан да көп төсек саны бар ауруханаларда науқастардың заттарын қабылдау үшін қосымша 1 санитар лауазымы белгіленеді.
Ауруханада 200 инфекциялық төсекті және қабылдау бөлімшесі болған жағдайында инфекциялы науқастарға күтімін жасау үшін санитарлардың тәулік бойы жұмыс істейтін 1 посты белгіленеді.
26. Анықтама бюросы үшін медициналық тіркеуші лауазымдары ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет