ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI Медицина факультеті Тақырыбы: Дені сау балаларды диспансерлік бақылау.
Орындаған:Өмірзақова Ж Қабылдаған:Байжанова Г Тобы: ЖМ – 509
Дені сау 1 жасқа дейінгі балаларды диспансерлік бақылау
Арнайы мамандардың балаларды тексеруі:алғашқы айда , 1-жаста бала емдеу 3-реттен кем емес,кейіннен айына 1рет; хирург (ортопед,офтальмолог,невропатолог,отоларинголог .
Профилактикалық тексерістерде:баланың күн тәртібі,баланың тамақтануына,массаж жүргізілуіне ,дене шынықтыратын жаттығуларға,тәрбие беру жөнінде ұсынытар,мешелдің,анемияның алдын-алуына,тамақтанудың созылмалы бұзылыстарына, жұқпалы ауруларға ерекше мән беріліп,кеңестер айтылады.
Баланың жалпы жағдайына баға бергенде: баланың дене салмағы мен бой ұзындығына,кеуде және бас щеңберіне,жүйке-психикалық және физикалық даму жағдайына, тісінің жарып шығуына,өзін-өзі ұстауына,сүйек-бұлшықет жүйесіне ,ішкі ағзалар ,БЦЖ вакцинасынан кейінгі қалдық реакцияны,туа пайда болған аурулар мен даму ақаулықтарына ерекше мән беріледі.
Қосымша зерттеу әдістеріне: айына 1рет антропометрия жасау, қанның және зәрдің клиникалық талдауы 3 айлық және 1 жастағы балаға жасалады.
Баланың жалпы жағдайынажәне қосымша зерттеу әдістеріне қарап дәрігер баланың денсаулығына , яғни , физикалық және жүйке –психикалық жағдайына, шығуына, өзін-өзі ұстауына, қалыптыдан функционалды және органикалық бұзылыстардаң бар –жоқтығына,балардың денсаулық тобын анықтап,керек болса,аурудың пайда болуына әкелетін қауіп –қатер тобын анықтап,баға береді және алдын-алу және емдеу шараларын ұйымдастырады.