Арнайы мамандардың балаларды тексеруі:тоқсан сайын 1рет педиатр бақылауы;стамотолог көрсеткіштерге сәйкес.
Профилактикалық тексерістерде:баланың күн тәртібі, гимнастика және денді сауықтыруға арналған шаралар, тәрбие беру жөнінде ұсынытарды қадағалау, мешелдің алдын-алуына, мектепке дейінгі мекемелерге дайындау.
Баланың жалпы жағдайына баға бергенде: баланың дене салмағы мен бой ұзындығының динамикасына,тіс формуласына,психомоторлы дамуына,өзін-өзі ұстауына,тері жамылғысының жағдайына,сүйек-бұлшықет жүйесіне ,ішкі ағзаларының жағдайына назар аударылады.
Қосымша зерттеу әдістері: тоқсанына 1рет антропометрия жасау,жалпы қан ,зәр талдауы және құрттарға талдау жылна 1рет жасалады.Баланың бала бақшаға бейімделуіне болжам жасалады.Диспансерлік бақылау нәтижесіне сәйкес бала денсаулығына кешенді түрде баға беріліп,алдын-алу жен емдеу шаралары жүргізіледі.
Алдын-алу және емдеу шаралары бір жастағы балалардыкіне ұқсас,сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелерге арнайы дайындық жүргізіледі.
Диспансерлік бақылаудың тиімділігін:психомоторлы және физикалық даму көрсеткіштері, клиникалық талдау нәтижелері мен аурулардың жиілігі ,бала-бақшаға бейімделуінің ауырлық дәрежесіне сәйкес баға беріледі.