§ 11. Мәжбүрлеп емдеубөлімшесінің штат нормативтері 320. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы 0,5 дәрігер лауазымының орнына әр бөлімшеге төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 321. Психиатр дәрігерлерінің лауазымы 20 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 322. Психологтың лауазымы бір бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді. 323. Әлеуметтік қызметкердің лауазымы бір бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді. 324. (Палаталық) мейірбикелердің лауазымы 25 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді. 325. Психотуберкулез және психосоматикалық бөлімшенің (палаталық) мейірбикелерінің лауазымы 20 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді. 326. Ем шара кабинеті мейірбикесінің лауазымы әр бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді. 327. Психотуберкулез және психосоматика бөлімшесінің ем шара кабинеті мейірбикесінің лауазымы әр бөлімшеге 2 лауазым есебінен белгіленеді. 328. Еңбек терапиясы нұсқаушысының лауазымы әр 25 науқасқа 1 лауазым есебінен белгіленеді. 329. Санитарлардың (палаталық) лауазымы 100 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді. 330. Науқасты қарап және оны алып жүретін санитарлардың лауазымы 25 науқасқа 1 лауазым есебінен белгіленеді. 331. Психотуберкулез және психосоматика бөлімшесінің науқасты қарап және оны алып жүретін санитарлардың лауазымы 20 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 332. 200-ге дейін төсегі бар ауруханаларда және диспансерлерде кешкі және түнгі уақыттарда дәрігерге дейінгі білікті жәрдем көрсету үшін (палаталық) мейірбикелер лауазымының тиісті санының орнына 4 фельдшер лауазымына дейін белгіленеді. 333. Науқастарға консультацияны өткізу үшін басқа ұйымдардан маман - консультанттары ұйымдар сметасында осы мақсаттар үшін көзделген қаражат шегінде шақыруға рұқсат етіледі.