Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


§ 1. Балалар санаторийлерінің (туберкулез санаторийлерінен



бет33/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

§ 1. Балалар санаторийлерінің (туберкулез санаторийлерінен
басқа) штат нормативтері
398. 75 және одан көп төсек бар психоневрологиялық санаторийлерде физиотерапевт дәрігерінің қосымша 0,5 лауазымы белгіленеді.
399. Ревматизммен ауыратын науқас балаларға арналған 100-ден астам төсек бар санаторийлерде отоларинголог дәрігерінің қосымша 0,5 лауазымы белгіленеді.
400. Жекелеген мамандықтар дәрігерлерінің лауазымдары 1 лауазым есебінен былай белгіленеді:
педиатриялық, пульмонологиялық және кардиоревматологиялық (ерекшелігі жоқ полиартритпен ауыратын науқастарға арналған) 300 төсекке отоларинголог-дәрігері;
психоневрологиялық (церебральды сал ауыруымен ауыратын психикасы бұзылған балаларға арналған) 150 төсекке травмотолог-ортопед дәрігері;
дерматологиялық және пульмонологиялық 500 төсекке аллерголог-дәрігері.
401. Стоматолог-дәрігерлердің лауазымдары 300 төсекке белгіленеді, бірақ санаторийлерде 75 төсектен асатын 0,5 лауазымнан кем болмауы керек.
402. Диетолог-дәрігерлерінің лауазымы эндокринологиялық, нефрологиялық және гастроэнторологиялық 400 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
403. Бөлімше меңгерушілерінің лауазымдары кемінде 100 төсек бар әрбір бөлімшеге белгіленеді.
405. Әрбір меңгеруші лауазымдары 0,5 дәрігер лауазымының орнына белгіленеді.
406. Бас дәрігердің медицина бөлімі жөніндегі орынбасарының лауазымы 300 және одан да көп төсек бар санаторийлерге белгіленеді.
407. Мейірбикелердің (палаталық) лауазымы тәулік бойы жұмыс істейтін пост есебінен белгіленеді: 3 жасқа дейінгі балаларға 15 төсекке; 3 жастан асқан балаларға 30 төсекке.
408. Изолятор мейірбикелерінің лауазымы 100 төсекке лауазым есебінен белгіленеді. Санаториилердегі 300 және одан төсекке көп тәулік бойы жұмыс істейтін пост белгіленеді.
409. Гипс салу кабинеті мейірбикелерінің лауазымдары травмотология-ортопедиялық және психоневрологиялық (церебральды сал ауруымен ауыратын психикасы бұзылған баларға арналған) 125 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
410. Санаторийлерге емдәм мейірбикелерінің лауазымы былай белгіленеді: 75-ке дейін төсекке 0,5 лауазым; 80-250 төсекке әрбір келесі 200 кереует орындарына 1 лауазым.
411. Аэросолярийде қызмет көрсету немесе аэротерапия үшін арнайы бейімделген пляж бен верандаларында қызмет көрсету мейірбикелерінің лауазымы 250 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
412. Санитарлардың (палаталық) лауазымы тәулік бойы жұмыс істейтін пост есебінен белгіленеді: 3 жасқа дейін 25 төсекке; 3 жастан асқан балаларға 30 төсекке, науқастарды емдік-диагностика кабинетіне алып баратын және тасымалдайтын санитарлардың лауазымдары психоневрологиялық (церебральды сал ауруымен ауыратын психикасы бұзылған балалар үшін) 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
413. Изолятор санитарларының лауазымдары изолятор мейірбикелерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
414. Гипс салу кабинеті санитарларының лауазымдары гипс салу кабинеті мейірбикелерінің лауазымына сәйкес белгіленеді, бірақ 1 лауазымнан артық болмауы керек.
415. Аэросолярийде қызмет көрсету немесе аэротерапия үшін бейімделген жабдықталған пляж бен верандаларында қызмет көрсететін санитарлардың лауазымы мейірбикелердің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
416. Педагогикалық бөлім меңгерушісінің лауазымы мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 100 және одан көп төсектік бар барлық санаторийлерде белгіленеді.
417. Тәрбиешілер лауазымдары былай белгіленеді: психоневрологиялық, оның ішінде церебральды сал ауруымен ауыратын психикасы бұзылған балалар үшін 3 жастан асқан балаларға 15 төсек; басқа бейімделген 3 жастан асқан балаларға 25 төсекке; барлық бейімдегі 3 жасқа дейінгі балаларға 50 төсекке.
Екі ауысымдағы мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі балалар арасында тәрбие жұмысын өткізу кезінде, оларды оқыту үшін мұғалімдер лауазымы енгізілмесе, тәрбиешілер лауазымы қосымша 15 төсекке 1 лауазым есебінен 25 немесе 50 төсекке тиісті бөлімше бейіндері белгіленеді.
418. Санаторийлерде музыкалық жетекшілер лауазымдары былай белгіленеді: 50-125 төсекке - 0,5 лауазым; 125-тен астам төсекке - 1 лауазым.
419. Логопедтер лауазымдары психоневрологиялық оның ішінде церебральды сал ауруымен ауыратын психикасы бұзылған балалар үшін 125 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет