Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы
238 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына қосымша Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтері 1-бөлім. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтері 1-тарау. Ауруханалардың дәрігерлік және фармацевтикалық персоналының үлгі штаттары мен штат нормативтері ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.05.01. № 10 бұйрығымен 1-параграф жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) §1. Клиникалық бөлімшелер (палаталар) 1. Стационар бөлімшелерінің (палаталарының) қызметкерлер құрамының лауазымдары бейіндік төсектердің айналымына сәйкес жұмыстың көлеміне байланысты және мамандардың жүктеме нормативін анықтау әдістемесі негізгі бейін мамандығы дәрігерінің бір лауазымы үшін, палаталық мейірбикелердің бір постысы үшін және палаталық санитарлардың бір постысы үшін осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013.17.08. № 477/1 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 1-1. Амбулаториялық-емханалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға арналған ұсыныс сипатында және оны медициналық ұйымның бірінші басшысы медициналық қызметтердің қажеттілігіне қарай жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша бекітеді. 2. Негізгі бейін мамандығы дәрігерінің, палаталық мейірбикелер постысының және палаталық санитарлар постысының лауазымдары емделген науқастардың санына байланысты осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді. 3. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 2-тармағында көзделген лауазымдарды қоспағанда, жекелеген мамандықтар дәрігерлерінің лауазымдары: 1) нейрохирургия және нейротравмотология бөлімшелері бойынша бөлімшеге 1 лауазым есебінен: офтальмолог-дәрігер, отоларинголог-дәрігер және психиатр-дәрігер (жиынтықта) және бөлімшеге 1 лауазым есебінен невропатолог-дәрігер; 2) торакалды-хирургия, кардиохирургия және туберкулез өкпе-хирургия бөлімшелері бойынша - бөлімшеге 1 терапевт дәрігер лауазымы; 3) тамыр хирургиясы бөлімшесі бойынша (шығу кезінде шұғыл көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін) - 2 жүрек-қан тамыр хирургі дәрігері лауазымы; 4) проктология бөлімшелері бойынша бөлімшеге 0,5 онколог-дәрігер лауазымы; 5) урология бөлімшелері бойынша - манипуляциялар мен эндоурологиялық зерттеулер нормативі есебінен және жұмыс көлемінің болуына қарай эндоскопист-дәрігер лауазымы; 6) токсикология бөлімшелері бойынша - бөлімшеге 0,5 лауазым есебінен психиатр дәрігер лауазымы; 7) травматология бөлімшелері бойынша нейрохирургия бөлімшесі болмаған жағдайда 0,5 нейрохирург дәрігері лауазымы белгіленеді, емделген науқастар саны нормативтен екі есе асқан жағдайда 1 нейрохирург дәрігер лауазымы белгіленеді. 4. Бейіндік бөлімшелер осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 3-қосымшаға сәйкес төсек саны аз болған кезде және параклиникалық бөлімшелерінің мамандарының жүктеме нормативін анықтау әдістемесіне қарай ұйымдастырылады. 5. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы әр бөлімшеде кемінде 0,5 ставкадан белгіленеді. Егер емделген науқастардың нақты саны емделген науқастардың нормативінен екі есе асса, онда бөлімше меңгерушісінің тұтас лауазымы белгіленеді. 6. Бөлімшелердің аға мейірбикелерінің лауазымдары бөлімшелер меңгерушілерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді, ал диспансерлік бөлімшелер бойынша - осы бөлімшелердің тәртібімен және штат нормативтері бойынша белгіленеді. 7. Бөлімшелердің аға мейірбикелерінің лауазымдары бөлімшелер меңгерушілерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді. 8. Гипсті таңғыш қою жөніндегі мейірбикелер лауазымдары травматологиялық-ортопедиялық бейіндегі емделген 1000 науқасқа немесе сүйек-буын туберкулезімен ауыратын науқастарға 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымнан кем емес болып белгіленеді. 9. Токсикологиялық орталықтың менеджері-мейірбикесінің лауазымы токсикология бөлімшесіне ақпараттық-консультациялық жұмыс үшін белгіленеді. 10. Шұғыл химиялық-токсикологиялық диагностиканың зертханашылары мен фельдшер-зертханашыларының лауазымдары токсикология бөлімшесінің жанындағы тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді. 11. Емдәм мейірбикелерінің лауазымдары 150 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 12. Шаруа-бикесі лауазымы әрбір клиникалық бөлімшеде белгіленеді. 13. Емшара кабинеттері санитарларының лауазымдары осы кабинеттегі мейірбикелердің лауазымдарына сәйкес белгіленеді. 14. Дәкемен таңу кабинеттері санитарларының лауазымдары осы кабинеттердің мейірбикелерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді. 15. Гипс салу кабинеті санитарларының лауазымдары осы кабинеттердің мейірбикелерінің лауазымына сәйкес белгіленеді. 16. Буфетші-санитарлар лауазымдары бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді. Күйік бөлімшелеріне көрсетілген 3 лауазым буфетші-санитарлар енгізіледі. 17. Ваннашы-санитарлар лауазымдары бөлімшеге (күйіктерден басқа) 1 лауазым есебінен белгіленеді. Күйік бөлімшелеріне көрсетілген 2 лауазым ваннашы-санитарлар енгізіледі. 18. Дәретханаларды жинаушылардың лауазымдары бөлімшеге 1 лауазым жинаушының есебінен белгіленеді. 19. Науқастарды таситын және ертіп жүретін санитарлардың лауазымы 100 төсек есебінен 1 лауазым белгіленеді. жүктеу/скачать 2,74 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |