§ 6. Детоксикация бөлімшесінің штат нормативтері 65. Экстракорпоралды детоксикация бойынша дәрігер лауазымы 10 төсекке - 1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ 1 лауазымнан кем болмауы тиіс. 66. Хирург - дәрігер лауазымы 20 төсекке - 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымнан кем болмауы тиіс. 67. Аға мейірбике лауазымы бөлімше меңгерушісінің лауазымына сәйкес белгіленеді. 68. Мейірбикелер (палаталық) лауазымдары 15 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді. 69. Операциялық және жара таңатын бөлімшенің мейірбике лауазымы 10 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 70. Шаруа-бикесі лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді. 71. Операция, емшара және жара таңатын кабинеттердің санитарлар лауазымдары осы кабинеттердің мейірбике лауазымына сәйкес белгіленеді. 72. Буфетші-санитарлар лауазымы ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді. 73. Еден сыпырушы (палаталық) - санитар лауазымдары мейірбикелер (палаталық) лауазымдарына сәйкес белгіленеді. 74. Ваннашы-санитарлар лауазымы 20 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.