§11. Ультрадыбыстық диагностикалық бөлімшесінің
штат нормативтері
101. Мейірбике лауазымы ультрадыбыстық диагностика дәрігерінің лауазымына сәйкес, меңгеруші лауазымы қоса бекітіледі.
102. Санитарлардың лауазымдары 0,5 ультрадыбысты диагностика дәрігерінің 1 лауазымы есебінен меңгеруші қызметі қоса алғанда белгіленеді, бірақ 1 лауазымнан кем емес.
103. Сәулелі диагностикалық бөлімшелерінің (кабинеттері) аппаратурасын инженерлік аппараттармен қамтамасыз ету қызметкерлер құрамы денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысшылары және қызметші мамандары басшылар штаттарына сәйкес жүргізеді.
§12. Радиоизотопты диагностика зертханаларының
штат нормативтері
104. Уақытты есептеу ережелері өзінің құрамына зерттеуді өткізу уақытын, даярланған қорытынды жұмысты, құжатнамаларды және басқа шаралар өткізуді, оның ішінде компьютерде ақпаратты өңдеуге уақыт енгізіледі.
105. Компьютерде ақпараттарды талдау, гамма - камерада жүргізілген зерттеулер, дәрігер-радиологтарға арналған қайта қаралған ережелерге сәйкес уақыт 25% қысқарады.
Радиоизотопты диагностика зертханаларындағы радиодиагностикалық инженерлік жабдықтау радиологиялық бөлімнің қызметкерлермен жүргізіледі.
106. Санитарлар лауазымдары радиолог-дәрігердің 1 лауазымына сәйкес жобаланған 0,5 есебімен белгіленеді, бірақ 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.
§13. Клиникалық–диагностикалық зертхананың
штат нормативтері
107. Зертхана санитарларының лауазымы 1 лауазым есебінен 4 дәрігер–зертханашы, фельдшер–зертханашылар және зертханашылар лауазымына белгіленеді. Зертхана штатында, жұмыс көлеміне байланысты қосымша санитардың лауазымдары белгіленеді.
§14. Иммунологиялық және серологиялық зертханалардың
штат нормативтері
108. Дәрігер–зертханашылардың лауазымдары, жұмыс күніне әрбір 150 зерттелетін сарысуға бір лауазым белгіленеді. Зертханаға бір лауазымнан аспауы тиіс.
109. Зертханашылар лауазымы жұмыс күніне әрбір 75 сарысуды зерттеуге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
110. Клиникалық-диагностикалық зертхана құрамындағы иммунологиялық және серологиялық зертхана қызметкерлерінің лауазымы зерттеулерді жүргізу уақыты нормативтеріне сүйене отырып түзетіледі.
Бригадаға берілген зерттеу жұмыстарын жүзеге асырудың нормативі төмендегідей: 1 дәрігерден, 3 зертханашыдан, (олардың біреуі тіркеу, қабылдау және биоматериалдарды өңдеуді жүргізеді) және бір санитардан құралады және олардың әрбір жұмыс күніне 180 сериялы зерттеу немесе 90 сериялы және 30 бірлік зерттеулерден тұрады.
§15. Бактериологиялық зертханалардың штат нормативтері
111. Диагностикалық-емхана зертханаларының құрамындағы бактериалогиялық зертхана қызметкерлерінің лауазымдары жұмыс көлемінен және қызмет тарификаторы бойынша орындалатын зерттеу уақытынан тыс құрастырылады. Қызметкерлердің уақыт нормативі болмағанда атқарылатын қызметтері (1-бактериолог дәрігер, 2 фельдшер, 1 санитар-өздігінен құрылғыларды дайындау үшін және 1 санитар-тазалаушы) жылына 3334 сараптамаға бір бригада есебінен құралады.
§ 16. Цитологиялық зертханалардың штат нормативтері
112. Клиникалық цитологияның диагностикалық жұмысының қатарына стационар бөлімдеріндегі, емханадағы қаралу кабинеттеріндегі, көпшілікті профилактикалық және диагностикалық қарау кезінде морфологиялық диагнозды қоюын бақылау сияқты цитологиялық зерттеулердің түрлері жатады.
113. Зерттеу жүргізуге арналған ережелер болмаған жағдайда (қызмет тарификаторы бойынша) мына ережелер құрылады:
1) профилактикалық бақылау кезінде жылына 40000 цитологиялық зерттеу жүргізетін дәрігерлердің, цитотехниктердің және санитарлардың лауазымдары 1 дәрігер, 3 цитотехник және 1 санитардың есебінен құралады;
2) диагностикалық зерттеуге нормативтер бригадаға бір жылда жүргізген 400 зерттеу есебінен құрастырылады. Олар: 1 дәрігер; дәрігер лауазымы, 1 цитотехникалық және 1 санитар лауазымы;
3) гормоналды зерттеулерге нормативтер (вагинальды мазка бойынша гормональді кәсіптің анықтамасы, жыныстық хроматинді зерттеу) 1 дәрігер, 1 цитотехниктен, 1 санитардан құралған бригаданың жылына 2500 зерттеулерінің есебінен белгіленеді;
4) егер цитолог дәрігер материалды жинақтау жұмыстарын жүргізсе, онда оның жүктемесі күніне 10 бөлімнен құралса, ставкаға жылына 2500 зерттеуді құрайды;
5) цитологиялық зертхана жүктемесі көбейгенде қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ставкасы есебінен көбейеді;
6) цитологиялық зертханалардың штатында 6 және одан да көп дәрігерлер және цитотехник қызметкерлері болса, зертхана меңгерушісі дәрігердің жұмысын орындаудан 0,5 ставкаға босатылады, 12 және одан да көп лауазымдар дәрігерлер жұмысының тікелей техникалық орындауына толығымен босатылады;
7) цитологиялық зертхана жұмысының көлемін, сипатын, құрылымын ескере отырып, штатта 15 дәрігерден кем емес, зертханашылар, санитарлар, бар лауазымдарда босатылған аға зертханашы, медициналық тіркеуші, шаруа-бикелері болуы қажет;
8) цитологиялық зертханаларда арнайы электрондық жабдықтар (электронды есептеуіш машина, электронды жабдығы бар күрделі оптикалық аспаптар – микроскоп) олардың штат кестесіне инженер лауазымы енеді.
§17. Эндоскопия бөлімшесінің штат нормативтері
114. Эндоскопиялық операциялар жасау үшін мынадай нормативтер белгіленеді:
Жамбас қуыстарының мүшелеріне операция жасау 210 минут (гемиколэктомия, асқазан резекциясы, гастроэктомияны қоспағанда);
гемиколэктомия, асқазан резекциясы, гастроэктомияға операция жасауға 360 минут;
кеуде қуысы мүшелеріне операция жасауға 360 минут;
кіші жамбас мүшелеріне операция жасауға 210 минут;
ішперде астындағы кеңістікке операция жасауға 210 минут;
көкірек ортаға операцияларға 210 минут;
бассүйекке операция жасауға 210 минут.
Эндоскопиялық операциялар жасауға уақытының нормалар есебі- хирургиялық әрекет мәліметтерін орындайтын эндоскопист дәрігерлеріне арналған.
115. Мейірбикелер лауазымдары - эндоскопиялық бөлімшесінің меңгерушісі лауазымын қоса алғанда, эндоскопист дәрігерлері лауазымына сәйкес белгіленеді.
116. Санитарлардың лауазымдары - эндоскопиялық бөлімшесінің меңгерушісі лауазымын қоса алғанда, эндоскопист дәрігерлерінің 1 лауазымынан 0,5 лауазым белгіленеді, бірақ 1-ден артық емес.
§18. Физиотерапия және емдік дене тәрбиесі бөлімшелерінің
штат нормативтері
117. Физиотерапия жөніндегі мейірбикелер лауазымдары жылына 10 мың шартты физиотерапиялық бірлік есебінен 1 лауазым белгіленеді.
118. Массаж жасау жөніндегі мейірбикелер лауазымы массаж жасаудың қолданыстағы нормативтерінен физиотерапиялық бөлімшенің (бөлменің) штатында белгіленеді.
119. Емдік дене тәрбиесі жөніндегі инструкторлардың лауазымы 150 төсек есебінен 1 лауазым және қосымша 1 лауазым полиомиелитпен науқастарына әрбір 20 төсекке, әрбір ортопедиялық, травмотологиялық, неврологиялық, туберкулез бөлімшелеріне сүйек-буын туберкулез науқастарына 0,5-1 лауазым белгіленеді.
120. Физиотерапиялық бөлімшелердің (бөлмелердің) санитарлары лауазымы физиотерапия жөніндегі мейірбикелер, ЕДТ инструкторлары мен массаж жасаушылардың 2 лауазымына 1 лауазым есебінен белгіленеді және су-балшық-торф-озокерито-парафинмен емдеу кезінде, көрсетілген емшераларды жіберумен айналысатын 1 мейірбике лауазымы белгіленеді.
121. Шартты физиотерапиялық бірлік үшін оны орындауға және әзірлеуге 8 минут қажет етілетін жұмыс қабылданған.
Бір науқастың денесінің әр бөлігінде процедура жүргізу кезінде бір қатысу үшін олардың әрбірінен өз еркімен шартты бірліктерден есептелінеді, егер бұл процедуралар бір мезгілде өткізілмесе.
122. 1 массажды бірлік үшін 10 минуттық жұмыс қабылданады (әзірлеу-қорытындылау уақытын ескере отырып, құжаттамалауды енгізудің қажеттілігі және қажет етілген емделуге уақыты және қысқа мерзімді демалыс).
Науқас денесінің шектес анатомо-топографиялық бөліктерінде массаж жасау кезінде екінші және әрбір кезекті анатомо-топографиялық бөліктері осы нормативтерде қаралғанмен салыстарғанда 20% қысқарады. Дененің шектес болып табылмайтын анатомо-топографиялық бөліктерінде массаж жасау кезінде, емшаралардың әрбірі өз еркімен есепке алынады.
Бөлмеден тыс массаж емшараларын орындауға арналған уақытқа өту (бару) массажды бірліктерде іс жүзінде шығыстар бойынша есепке алынады.
§19. Функциялық диагностика бөлімшесінің (кабинеттің)
қызмет құрамының штат нормативтері
123. Функциялық диагностика кабинеттерінің медбикелер лауазымдары функциялық диагностика кабинеті дәрігерлерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді бірақ, көрсетілген кабинеттің 1 лауазымнан кем болмауға тиіс.
124. Бөлімшелердегі (кабинеттің) санитарлар лауазымдары функциялық диагностика дәрігерлерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді бірақ, көрсетілген кабинеттің 1 лауазымынан кем болмауға тиіс.
125. Функциялық диагностика бөлімшесі (кабинеті) дәрігерлері мен медбикелерінің жұмыс жүктемесі есеп нормасы 33 шартты бірлік 6,5 сағат жұмыс күнімен (1 бірлік - 10 минут) деп есептелінеді.
§20. Патологиялық-анатомиялық бөлімшенің штат нормативтері
126. Зертханашылар лауазымдары патологоанатом-дәрігер әр лауазымына 1,5 лауазымы есебінен белгіленеді.
127. Гистологиялық зертхана санитарларының лауазымы патологоанатом-дәрігері әр лауазымының 1 лауазымы есебінен белгіленеді, бірақ бөлімшеде бір лауазымнан кем емес болуы тиісті.
128. Мәйітхана санитарлары лауазымдары әрбір патологоанатом-дәрігер лауазымына 1 лауазым белгіленеді, бірақ бөлімшеде бір лауазымнан кем емес болмауға тиісті.
129. Басқа медициналық ұйымдарда қайтыс болған науқастарды тәулік ішінде қабылдау қажеттіліктері болған жағдайда көрсетілген жұмыстармен қамтамасыз ету үшін жалпы белгіленген демалыс және мереке күндеріне, кешкі және түнгі уақыттарға қосымша санитарлар лауазымы белгіленеді.
§21. Денсаулық сақтау ұйымдары дәріханаларының
штат нормативтері
130. Денсаулық сақтау ұйымдары дәріханаларының қызметкерлер лауазымдары 100 және одан да көп төсекке белгіленеді.
131. Дәріхана меңгерушісі-провизор лауазымы әрбір аурухананың дәріханасында белгіленеді (аурухананың бөлімше меңгерушісі ретінде).
132. Дәріхана меңгерушінің орынбасары - провизор лауазымы 400 және одан да көп төсегі бар ауруханалардың дәріханаларында белгіленеді (аурухананың бөлімше меңгерушісі орынбасары ретінде).
133. Провизор – технолог лауазымына:
200 төсектік аурухана дәріханаларында -1 лауазым;
аурухана дәріханаларында 200-ден астам төсекке, қосымша әрбір 100 төсекке - 1 лауазым;
аурухана дәріханаларында 500 төсекке және одан көп, әрбір 100 төсекке - 0,5 лауазым белгіленеді.
134. Ауруханалардың дәріханаларында провизор-талдаушылардың лауазымдары:
100-ден 200 төсекке - 0,5 лауазым;
200-ден 500 төсекке - 1 лауазым;
500-ден көп болса – қосымша 0,5 лауазым әр 200 төсекке белгіленеді бірақ, 2-ден кем болмауы керек.
135. Ауруханалардың дәріханаларында фармацевт лауазымдары:
әрбір 200 төсекке 1 лауазым;
әрбір 100 төсекке қосымша 1 лауазым (ауруханаларда 200-ден 500 төсекке дейін);
әрбір 100 төсекке қосымша 0,5 лауазым белгіленеді (ауруханаларда 500 төсектен астам).
136. Ауруханалардағы дәріханаларда буып-түюші лауазымдары:
әрбір 200 төсекке 1 лауазым;
әрбір 100 төсекке қосымша 0,5 лауазым (200-ден көп).
137. Санитарлар лауазымы провизор-технологтардың және фармацевттердің жалпы штатынан 40%-нан белгіленеді бірақ 1 лауазымнан кем емес.
138. Жұмысшы лауазымы әр аурухананың дәріханасында белгіленеді.
139. Үй-жай тазалаушы лауазымы әр аурухананың дәріханасында белгіленеді.
140. Штатында провизор-технологтар және фармацевттері жоқ аурухана дәріханаларында төсек санының аздығына байланысты олардың міндетін дәріхана меңгерушісі атқарады.
141. Егер аурухана шаруашылық есепті 200 немесе одан да көп төсектік аурухана штатындағы аурухана аралық дәріханамен қызмет көрсетсе, 1 провизор-технолог немесе фармацевт лауазымы белгіленеді.
142. Жұқпалы ауруханалардың дәріханаларында санитар-жуушы лауазымы 200 төсекке 1 лауазым белгіленеді.
§22. Шұғыл және жоспарлы консультациялық көмек көрсету (санитариялық авиацияның)
бөлімшесінің штат нормативтері
Ескерту. 22-параграфтың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.01.05 № 10 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
143. Шұғыл және жоспарлы консультациялық көмек бөлімшесі (санитариялық авиация) қызметкерлерінің лауазымдары мынадай штат нормативтері бойынша белгіленеді:
1) бөлімше меңгерушісі – терапевт-дәрігер – 1 лауазым;
2) шығу бригадасының дәрігерлері 100 мың адамға есептегенде 0,8 лауазым (жиынтық);
3) аға фельдшер – 1 лауазым;
4) фельдшер-диспетчер – 5,135 лауазым;
5) шығу бригадасының фельдшері – 100 мың адамға есептегенде 0,8 лауазым (жиынтық);
6) шығу бригадасының санитары – 100 мың адамға есептегенде 0,8 лауазым (жиынтық);
7) санитар – 2 лауазым;
8) медициналық аппаратурамен қызмет көрсету жөніндегі медициналық техник (инженер) – 1 лауазым
Ескерту. 143-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.01.05 № 10 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
§23. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімдер мен медициналық статистика кабинеттерінің штат нормативтері
144. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім персоналының лауазымдары халық санына байланысты мынадай нормативтер бойынша 1 миллион адамға дейінгі есептен әдіскер-дәрігердің 2 лауазымы, фельдшердің 2 лауазымы, 1 миллионнан астам адамға - әдіскер-дәрігердің 3 лауазымы, фельдшердің 3 лауазымы, 1,5 миллионнан астам адамға – әдіскер-дәрігердің 3,5 лауазымы, фельдшердің 3,5 лауазымы белгіленеді.
§24. Медициналық статистика кабинеті
145. Медициналық статистик лауазымы күніне 36-50 емделіп шыққан науқасқа, стационарға 1 лауазымнан кем емес белгіленеді.
146. Дәрігер-статист лауазымы медициналық статисттің 2 лауазымына, бірақ бір лауазымнан кем емес белгіленеді.
147. Медициналық статистика бөлмесінің меңгерушісі лауазымы әр стационарда белгіленеді.
§25. Балаларға арналған медициналық ұйымдардың
педагогикалық қызметкерлері
148. Тәрбиешілердің лауазымы 1 лауазым есебінен белгіленеді:
туберкулезге қарсы бөлімдерге, мамандандырылған санаторийлік-сауықтыру және оңалту ұйымдарында (орталықтарда) мектеп және мектеп жасына дейінгі 40 балаға;
сүйек–буын туберкулезімен ауыратын науқастарға арналған туберкулезге қарсы бөлімшелерде 25 мектеп жасына дейінгі балаға.
Мұғалімдердің лауазымдары туберкулезге қарсы ауруханалар (диспансерлер) штатында, мамандандырылған санаторийлік-сауықтыру және оңалту ұйымдарында (орталықтарда) сыныптар саны және оқу жоспарларына байланысты белгіленеді.
Сыныптарда 4-тен кем емес және 20 оқушыдан аспайтын болып қаралу керек. Іріктелген сыныптарды толықтыру үшін оқушы балаларының контингенттері жетіспесе, оқушыларға арналған топтық сабақтар ұйымдастыруға болады.
149. Мұғалімдердің лауазымдары оқу жоспары және туберкулез балалар науқастарына сыныптар санынан туберкулезге қарсы ауруханалар штатында бекітіледі, балаларға арналған сыныптардың санына, туберкулезбен ауырғандардың және оқу жоспарына байланысты болады. Сыныптарда 4 кем емес және 20 оқушыдан артық болмау қажет деп ескеріледі. Сыныптарды толықтыру үшін туберкулезге шалдыққан балалардың контингенттері жетіспесе, оқушыларға арналған топтық сабақтарды ұйымдастыруға болады.
150. Оқу бөлімінің меңгерушісі лауазымы 1 лауазым есебінен белгіленеді.
151. 200 төсектік ауруханада 1 психолог лауазымы белгіленеді.
152. Логопедтер лауазымдары логопед кабинеттерінің қолданыстағы нормативтері бойынша белгіленеді.
§26. Өзге лауазымдар
153. Бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары лауазымы 250 және одан да көп төсегі бар ауруханада белгіленеді.
154. Бас дәрігердің акушерия–гинекологиялық көмек жөніндегі орынбасары лауазымы 200-ден көп акушериялық және гинекологиялық төсегі бар ауруханада белгіленеді.
155. Бас дәрігердің хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары хирургиялық бейіні 200 төсектен кем емес ауруханада белгілене алады.
Сонысына қарамастан акушериялық және гинекологиялық төсектер өзіне бас дәрігердің хирургиялық цикл керуеттерінде қосады, бұл уақытта егер аурухана штатында акушериялық-гинекологиялық көмек жөніндегі орынбасары лауазымы белгіленбеген жағдайда.
156. Бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымы стационарға 1 бірлік белгіленеді (аурухана, клиника, диспансер).
157. Бас мейірбике немесе басшының мейірбикелік жұмыс жөніндегі орынбасарының лауазымы әр ауруханада белгіленеді.
158. Мұрағат тіркеушісі лауазымы 200 төсекке 1 лауазым, стационарда 1 кем емес лауазым белгіленеді (аурухана, клиника, диспансер).
2-тарау. Перзентханалардың, әйелдер консультациялары және
перинаталдық орталықтардың штат нормативтері
159. Жалпы ауруханалық персонал, клиникалық бөлімшелер, анестезиология-реанимация бөлімшелері, клиника-диагностикалық зертханаларда, сәулелі диагностика, физиотерапия және емдік дене тәрбиесі, функциялық диагностикалар, қан кабинетінің, медициналық статистика және басқа қызметтер лауазымдары тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың бөлімшелердің және көп бейінді емханалардың қолданыстағы штаттық нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
160. Барлық халықтың тұрғылықты жеріне және жұмыс орыны (оқу орнына) бойынша амбулаториялық көмек көрсету үшін акушер-гинеколог дәрігерлері лауазымдары ересектер 6000 адамға, оның құрамына 55% астам әйелдер болса, 15 жастан жоғары 3300 әйелге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
161. Педиатр-неонатолог дәрігерлердің лауазымдары қосымша салмағы 1000 грамнан аз емес шала туылған баларға 4 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
162. Терапевт дәрігерлер қосымша 1 лауазым есебінен белгіленеді.
163. Фтизиатр-дәрігерлердің лауазымдары жүкті әйелдер, жас босанған әйелдерге және жаңа босанған әйелдерге, туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
164. Жүкті әйелдерге амбулаториялық көмек көрсету үшін стоматолог-дәрігері лауазымдары әйелдер консультациясына қызмет көрсету аумағында тұратын 160 мың ересекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
165. Әйелдер консультациясының меңгерушісі акушер-гинеколог дәрігерінің (бөлім меңгерушісі ретінде) лауазымы:
акушер-гинеколог дәрігерлер лауазымының тиісті санына қарай олардың біреуінің орнына 3 кем емес;
акушер-гинеколог дәрігерлері лауазымының тиісті санына 3-тен 6-ға дйін 0,5 меңгеруші лауазымы белгіленеді.
акушер-гинеколог дәрігерлері лауазымының тиісті санына қарай 6-дан көбірек бұл лауазымдардан жоғары белгіленеді.
166. Акушердің лауазымдары:
перзентхананың қабылдау бөлімшесіне – тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
босандыру бөлімшесінде - 40 акушериялық физиологиялық және жүктілік патологиясы төсегіне тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен, бірақ тәулік бойы жұмыс істейтін 1 посттан кем емес;
акушериялық физиологиялық бөлімшелерде (палаталарда) – 30 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен;
жүктілік патологиясы бөлімшелерінде (палаталарда) - 20 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост және 40 төсекке 1 емшара мейірбикесі лауазымы;
жүкті әйелдер (палаталарда), жас босанған әйелдер және жаңа босанған әйелдер, туберкулезбен науқастарды бөлімшелерде – осы мақсаттарға көзделген 15 акушериялық төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
әйелдер консультацияларында акушер-гинеколог дәрігерлерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
167. Мейірбикелер лауазымдары:
жаңа туғандарға акушериялық бөлімшелердегі (палаталарға) қызмет көрсету үшін аталған бөлімшелерде 15 төсекке – тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен;
жаңа туған акушериялық обсервациялық бөлімге қызмет көрсету үшін, көрсетілген бөлімдерге (палата) 10 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост, «Ана мен бала» бөлімшесіндегі 15 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді;
салмағы 1000 граммнан аз, шала және жаңа туғандарға қызмет ету үшін аталған балаларға 4 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен. Қажет болған жағдайда шала туған және жаңа туған балаларды күтуге жеке пост ұйымдастырылады;
аналардан жаңа туғандарға, туберкулез науқастарына (перзентхана құрамда арнайы бөлім немесе палаталарда, жүктілерге арналған, жас босанған әйелдерге және жаңа босанған әйелдерге, туберкулез науқастары үшін) аталған бөлімшелерге (палата) қызмет етуге арналған 15 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен;
кеуде емізу қағидаларына оқыту үшін 60 босанғаннан кейінгі төсектер бар болғанда - 1 лауазым;
босанғаннан кейінгі 60-тан артық төсекке – 1 лауазым және қосымша 0,5 лауазым әр келесі 40 төсекке (60-тан жоғары);
гинекологиялық бөлімшелердегі таңу жұмыстары үшін 1 лауазым перзентхана болғанда 20 төсектен кем емес хирургиялық көмекке мұқтаж гинекологиялық аурулар үшін 1 лауазым;
әйелдерді емдеуге жатқызу мақсатымен түсікті жасанды әдістермен түсіру жұмыстарына арналған 25-тен кем емес гинекологиялық төсегі бар перзентхана үшін 1 лауазым.
168. Перзентханалардың операциялық мейірбике лауазымына:
60-80 төсекке – тәулік бой жұмыс істейтін 1 пост;
80-105 төсекке – тәулік бой жұмыс істейтін 2 пост;
110-130 төсекке – тәулік бой жұмыс істейтін 3 пост белгіленеді.
169. Аға акушерлер лауазымына:
барлық бейіндердің акушерия бөлімшелерінде аталған бөлімшелердің меңгерушісі лауазымына сәйкес белгіленеді.
босандыру бөлімшесіне – 1 лауазым;
консультацияға амбулаториялық қабылдаудың акушер-гинеколог дәрігерлерді 5-тен кем болмаған жағдайда әйелдер консультациясына 1 лауазым.
170. Аға операциялық мейірбикелердің лауазымы, 3-тен кем емес операциялық мейірбике және таңушы мейірбикенің лауазымдары көзделетін жағдайда перзентхана штатында белгіленеді.
171. Стационар бөлімшенің аға мейірбикелері лауазымы гинекологиялық бөлімше және жаңа туған балалар бөлімінің меңгерушісі лауазымына сәйкес белгіленеді.
172. Перзентхананың бас акушер лауазымы мекемеде 30 және одан көп төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
173. Санитарлар лауазымдары (кіші медициналық мейірбикелер) тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен:
қабылдау бөлімшесіне;
босандыру бөлімшелерінің (палата), барлық бейінді акушерлік бөлімшелердің туғаннан кейінгі палаталарының (палата), жүктілік патология бөлімшесінің (палаталар) әр бір тәулік бойы жұмыс істейтін постыларына;
100 төсекке дейінгі перзентханаларда 40 жаңа туғанға (төсек);
100 және көбірек төсекті перзентханаларда 30 жаңа туғандарға (төсек);
30 төсектік гинекологиялық бөлімшеге (палата) белгіленеді.
174. Санитарлардың лауазымдары:
операциялық және таңу жұмыстарына операциялық мейірбикелер және таңушы мейірбикелер лауазымдарына сәйкес, аға операциялық мейірбике лауазымын қоса алғанда;
перзентханаларға келушілерге қызмет көрсету үшін 80-115 төсекке 1 лауазым;.
120-145 төсекке - 2 лауазым;
150 және одан көп төсекке - 3 лауазым;
әйелдер консультациясына амбулаториялық қабылдауға дәрігерлерінің 3 лауазымына 1 лауазым есебінен.
175. Санитар-буфетші лауазымдары бөлімшеде ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді.
176. Санитар-сыпырушы лауазымдары әр акушериялық және гинекологиялық бөлімшелерге 1 лауазым, ал бөлімшелерде 40 төсектен көп болса бөлімшеге 2 лауазым белгіленеді.
177. Шаруа-бикесі лауазымдары:
акушериялық, гинекологиялық және балалар бөлімдерінде 1 лауазым;
әйелдер консультациясына штатында акушерлер-гинеколог дәрігерлердің саны кемінде 6 лауазымы болған жағдайда белгіленеді.
178. Педагог-психолог лауазымы перзентханадағы керуеттің қуаттылығына қарамастан белгіленеді.
179. Дәріханалар персоналының лауазымдары медициналық ұйымдар дәріханаларының штат нормативтері бойынша белгіленеді.
3-тарау. Хоспис қызметкерлерінің штат нормативтері
180. 400 мың халыққа 30 төсек есебінен хоспис ұйымдастырылады. Хоспис төсек қорының үйлесімді мөлшері 15-45 төсек.
181. Диспансердегі дәрігерлік бөлімше (палата) дәрігерінің лауазымдары 1 лауазым есебінен мына төсек санына белгіленеді:
терапевт дәрігер: 1 лауазым - 15 төсекке;
онколог дәрігер: 1 лауазым - 30 төсекке;
психотерапевт дәрігер: 1 лауазым - ұйымдастырушылыққа.
182. Үйдегі көмекке қызмет ету үшін шығу бригадаларынан құрылған (шығу бригадалары) көшпелі бөлімшелері ұйымдастырылады. Бригадалардың саны қолданыстағы жұмыс көлемімен анықталады. Көшпелі бөлімшелер дәрігерлерінің лауазымдары бригадаға мына есеппен белгіленеді:
терапевт дәрігер 1 лауазым;
онколог дәрігер 1 лауазым;
183. Стационарлық бөлімше меңгерушісінің лауазымы төсек саны 30-дан астам болған жағдайда белгіленеді.
184. Көшпелі бөлімшенің меңгерушісі лауазымы бригада дәрігері 1 лауазымының орнына белгіленеді.
185. Бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары лауазымы әрбір хосписте белгіленеді.
186. Мейірбикелердің (палаталардағы) лауазымы 5 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост және коматозды науқастар үшін 2-3 аполикалық төсекке қосымша 1 пост белгіленеді.
187. Емшара мейірбикелері лауазымдары әр бөлімшеге 1 лауазым және 2 жылжымалы бригадасына (үйдегі хосписке) 2 лауазым белгіленеді.
188. Таңушы мейірбикелердің лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді.
189. Бөлімшенің аға мейірбике лауазымы бөлімше меңгерушісі лауазымына сәйкес белгіленеді.
190. Науқастарды қабылдау мейірбикесі лауазымы хосписке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
191. Емдәм (диета) мейірбикелерінің лауазымы әрбір хосписте 0,5 лауазым есебінен белгіленеді.
192. Медициналық статист лауазымы әрбір хосписте белгіленеді.
193. Бас дәрігердің мейірбике жұмысы жөніндегі орынбасары (бас мейірбике) лауазымы әрбір хосписте белгіленеді.
194. Шаруа-бикесі лауазымы әрбір бөлімшеде белгіленеді.
195. Санитарлар (палаталық) немесе науқастарды күтетін кіші медициналық мейірбикелер лауазымы 5 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді.
196. Емшара және таңушы кабинетінің санитарлары лауазымына сол кабинеттердің мейірбике лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
197. Санитар-буфетші лауазымдары ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді.
198. Санитар-сыпырушы лауазымы бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
199. Санитар-ваннашы лауазымдары бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
200. Науқастарды алып жүруге арналған және мәйіттерді тасуға арналған санитарлар лауазымы хосписке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
201. Фармацевт лауазымы 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
202. Әлеуметтік қызметкер лауазымы хосписке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
4-тарау. Ауруханалардың мейірбикелік күту
қызметкерлерінің штат нормативтері
203. Ауруханада мейірбикелік күтім 80-120 төсекке ұйымдастырылады.
204. Стационарлық бөлімшелері (палаталары) дәрігерлерінің лауазымдары мына төсек санына 1 лауазым келеді:
геронтолог дәрігер: 1 лауазым - 40 төсекке;
невропатолог дәрігер: 1 лауазым стационарға;
психиатр дәрігер: стационарға 0,5 лауазым.
205. Бөлімше меңгерушісі лауазымы ординатор лауазымының орнына белгіленеді.
206. Бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары лауазымы әрбір ұйымға белгіленеді.
207. Жалпы ауруханалық қызметкер, фельдшер-зертханашылар, функциялық диагностика мейірбикелері, физиотерапия және емдік дене тәрбиесі қызметкерлері лауазымдары соматикалық ауруханалардың қолданыстағы нормативтер бойынша белгіленеді.
208. Мейірбикелердің (палаталық) лауазымдары 20 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
209. Емшара мейірбикесі лауазымдары 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
210. Аға мейірбикелердің лауазымы әр бөлімшеге енгізіледі.
211. Медициналық статистик лауазымы әрбір ұйымда белгіленеді.
212. Бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасары (бас мейірбике) лауазымы әр ұйымда белгіленеді.
213. Шаруа-бикесі лауазымы бөлімшеге белгіленеді.
214. Санитарлар (палаталық) немесе науқастарды күтетін кіші медициналық мейірбикелер лауазымы 20 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
215. Емшара кабинетінің санитаркалары лауазымдары сол кабинеттердің мейірбикелік лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
216. Санитар-буфетші лауазымдары ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді.
217. Санитар-ваннашы лауазымдары 80 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
218. Науқастарды тасымалдауға және алып жүруге арналған санитарлар лауазымдары 100 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
219. Фармацевт лауазымы 100 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
5-тарау. Диспансерлердің штат нормативтері
Достарыңызбен бөлісу: |