Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы



бет1/25
Дата06.07.2018
өлшемі3,34 Mb.
#47985
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6173 болып енгізілді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қоса берілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Қ.Ш. Нұрғазиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау Министрінің
2010 жылғы 7 сәуірдегі  
№ 238 бұйрығына     
қосымша        

Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен
штат нормативтері


1-бөлім. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтері


1-тарау. Ауруханалардың дәрігерлік және фармацевтикалық
персоналының үлгі штаттары мен
штат нормативтері


§1. Клиникалық бөлімшелері

      Ескерту. 1-параграф жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.01.05 № 10 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.



      1. Стационар бөлімшелерінің (палаталарының) қызметкерлер құрамының лауазымдары бейіндік төсектердің айналымына сәйкес жұмыстың көлеміне байланысты және мамандардың жүктеме нормативін анықтау әдестемесі негізгі бейін мамандығы дәрігерінің бір лауазымы үшін, палаталық мейірбикелердің бір постысы үшін және палаталық санитарлардың бір постысы үшін осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      2. Негізгі бейін мамандығы дәрігерінің, палаталық мейірбикелер постысының және палаталық санитарлар постысының лауазымдары емделген науқастардың санына байланысты осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      3. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 2-тармағында көзделген лауазымдарды қоспағанда, жекелеген мамандықтар дәрігерлерінің лауазымдары:
      1) нейрохирургия және нейротравмотология бөлімшелері бойынша бөлімшеге 1 лауазым есебінен: офтальмолог-дәрігер, отоларинголог-дәрігер және психиатр-дәрігер (жиынтықта) және бөлімшеге 1 лауазым есебінен невропатолог-дәрігер;
      2) торакалды-хирургия, кардиохирургия және туберкулез өкпе-хирургия бөлімшелері бойынша - бөлімшеге 1 терапевт дәрігер лауазымы;
      3) тамыр хирургиясы бөлімшесі бойынша (шығу кезінде шұғыл көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін) – 2 жүрек-қан тамыр хирургі дәрігері лауазымы;
      4) проктология бөлімшелері бойынша бөлімшеге 0,5 онколог-дәрігер лауазымы;
      5) урология бөлімшелері бойынша – манипуляциялар мен эндоурологиялық зерттеулер нормативі есебінен және жұмыс көлемінің болуына қарай эндоскопист-дәрігер лауазымы;
      6) токсикология бөлімшелері бойынша – бөлімшеге 0,5 лауазым есебінен психиатр дәрігер лауазымы;
      7) травматология бөлімшелері бойынша нейрохирургия бөлімшесі болмаған жағдайда 0,5 нейрохирург дәрігері лауазымы белгіленеді, емделген науқастар саны нормативтен екі есе асқан жағдайда 1 нейрохирург дәрігер лауазымы белгіленеді.
      4. Бейіндік бөлімшелер осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 3-қосымшаға сәйкес төсек саны аз болған кезде және параклиникалық бөлімшелерінің мамандарының жүктеме нормативін анықтау әдістемесіне қарай ұйымдастырылады.
      5. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы әр бөлімшеде кемінде 0,5 ставкадан белгіленеді. Егер емделген науқастардың нақты саны емделген науқастардың нормативінен екі есе асса, онда бөлімше меңгерушісінің тұтас лауазымы белгіленеді.
      6. Бөлімшелердің аға мейірбикелерінің лауазымдары бөлімшелер меңгерушілерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді, ал диспансерлік бөлімшелер бойынша – осы бөлімшелердің тәртібімен және штат нормативтері бойынша белгіленеді.
      7. Бөлімшелердің аға мейірбикелерінің лауазымдары бөлімшелер меңгерушілерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
      8. Гипсті таңғыш қою жөніндегі мейірбикелер лауазымдары травматологиялық-ортопедиялық бейіндегі емделген 1000 науқасқа немесе сүйек-буын туберкулезімен ауыратын науқастарға 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымнан кем емес болып белгіленеді.
      9. Токсикологиялық орталықтың менеджері-мейірбикесінің лауазымы токсикология бөлімшесіне ақпараттық-консультациялық жұмыс үшін белгіленеді.
      10. Шұғыл химиялық-токсикологиялық диагностиканың зертханашылары мен фельдшер-зертханашыларының лауазымдары токсикология бөлімшесінің жанындағы тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
      11. Емдәм мейірбикелерінің лауазымдары 150 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      12. Шаруа-бикесі лауазымы әрбір клиникалық бөлімшеде белгіленеді.
      13. Емшара кабинеттері санитарларының лауазымдары осы кабинеттегі мейірбикелердің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
      14. Дәкемен таңу кабинеттері санитарларының лауазымдары осы кабинеттердің мейірбикелерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
      15. Гипс салу кабинеті санитарларының лауазымдары осы кабинеттердің мейірбикелерінің лауазымына сәйкес белгіленеді.
      16. Буфетші-санитарлар лауазымдары бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді. Күйік бөлімшелеріне көрсетілген 3 лауазым буфетші-санитарлар енгізіледі.
      17. Ваннашы-санитарлар лауазымдары бөлімшеге (күйіктерден басқа) 1 лауазым есебінен белгіленеді. Күйік бөлімшелеріне көрсетілген 2 лауазым ваннашы-санитарлар енгізіледі.
      18. Дәретханаларды жинаушылардың лауазымдары бөлімшеге 1 лауазым жинаушының есебінен белгіленеді.
      19. Науқастарды таситын және ертіп жүретін санитарлардың лауазымы 100 төсек есебінен 1 лауазым белгіленеді.

§2. Қабылдау бөлімшелерінің штат нормативтері

      20. Қабылдау бөлімшесінің дәрігерлер лауазымы ауруханадағы 400 және одан да көп төсекке - тәулік бойы жұмыс істейтін 1 постпен белгіленеді.


      21. Қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі лауазымы ауруханадағы 200 және одан да көп төсекпен белгіленеді.
      Аурухана құрамында 200 инфекциялық төсек пен қабылдау бөлімшесі болған жағдайында айтылған бөлімшенің меңгерушісі лауазымы қосымша белгіленеді.
      22. Хирург, травматолог-ортопед, акушер–гинеколог, офтальмолог, уролог, токсикологиялық және басқа да мамандық бойынша тәулік бойы шұғыл көмек көрсету үшін хирург, травматолог-ортопед, акушер–гинеколог, офтальмолог, уролог, токсиколог және басқа да мамандық бойынша дәрігерлердің лауазымдары дәрігер лауазымының шамасынан тыс атқарылған жұмыстың көлеміне байланысты белгіленеді.
      23. Қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі лауазымы мынадай жағдайда белгіленеді:
      100-200 төсекке 1 лауазым;
      201-ден 400 төсекке дейін тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
      400 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост және келесі әр 100 төсекке қосымша 1 лауазымы.
      Аурухана құрамында 200 инфекциялық төсек пен қабылдау бөлімшесінің болған жағдайында жұқпалы ауруларды қабылдау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді.
      24. Қабылдау бөлімшесінің аға мейірбикесі лауазымы 300 және одан да көп төсектік ауруханада белгіленеді.
      25. Қабылдау бөлімшесінің санитарлар лауазымдары ауруханада мынадай жағдайда белгіленеді:
      100-200 төсекке - 1 лауазым;
      201-ден 400 төсекке дейін - тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
      400 төсектен асса, 400 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост және келесі әр 100 төсекке қосымша 1 лауазым.
      600 және одан да көп төсек саны бар ауруханаларда науқастардың заттарын қабылдау үшін қосымша 1 санитар лауазымы белгіленеді.
      Ауруханада 200 инфекциялық төсекті және қабылдау бөлімшесі болған жағдайында инфекциялы науқастарға күтімін жасау үшін санитарлардың тәулік бойы жұмыс істейтін 1 посты белгіленеді.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.01.05 № 10 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      26. Анықтама бюросы үшін медициналық тіркеуші лауазымдары ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді.

§3.Операция бөлімшесінің штат нормативтері

      27. Операциялық мейірбике лауазымдары 25 хирургиялық төсекке 1 лауазым (кардиохирургиялық, торакалды хирургиялық бөлімдер мен тамыр хирургиясы бөлімшелері үшін - 2 лауазым) есебінен белгіленеді.


      28. Хирургиялық, травматологиялық-ортопедиялық, акушерия–гинекологиялық, офтальмологиялық, урологиялық, токсикологиялық және басқа да мамандандырылған медициналық көмектің шұғыл көмек көрсету үшін операция мейірбикелердің лауазымы қарастырылған мамандықтар бойынша дәрігерлердің лауазымына сәйкес белгіленеді.
      29. Операция аға мейірбике лауазымы операциялық 3 мейірбике мен дәкелеу мейірбикелері жағдайында белгіленеді.
      30. Операция санитарлары лауазымдары тиісінше операция мейірбикелері мен аға мейірбикелерді қоса алғанда лауазым белгіленеді.

§4. Анестезиология-реанимация бөлімшелерінің (тобының)
штат нормативтері

      31. Анестезиология-реанимация дәрігерлерінің лауазымдары 1 лауазым есебінен белгіленеді:


      кардиохирургиялық, торакалды хирургиялық, туберкулез өкпе хирургиясы бөлімшелерінде - 25 төсекке;
      ересектер үшін күйік және хирургиялық бөлімшелерде - 50 төсекке;
      нейрохирургиялық, онкологиялық, микрохирургиялық бөлімшелерде - 75 төсекке;
      хирургия бейініндегі ересектерге арналған басқа атаулардағы бөлімшелерде (гинекологиялық, бет-жақтық, отоларингологиялық, офтальмологиялық және басқа) – 100 төсекке;
      балаларға арналған хирургия бөлімшесінде - 40 төсекке;
      перзентханаларда әйелдер мен жаңа туған сәбилер үшін (оның ішінде басқа да медициналық ұйымдар ішінде ) - 100 төсекке;
      хирургия бейіні және басқа да бөлімшелерде балаларға 50 төсекке белгіленеді.
      Тамыр хирургиясындағы науқастарды трансторакалды және трансабдоминалды емдеуге пайдаланатын төсектер торакалды хирургиялық бөлімшелердің төсектері ретінде есептеледі.
      32. Стационарлық көмек көрсететін қалалық және облыстық денсаулық сақтау ұйымдарының хириругиялық бейінінен 75 төсек, ал орталық аудандық ауруханада, онкологиялық ауруханада және онкология диспансерінде хирургиялық бейін 50 төсек, анестезиология-реаниматология дәрігері лауазымы 1 лауазымнан кем емес белгіленеді.
      33. Құрамында хирургия бейінінен 150–ден кем емес төсегі бар медициналық ұйымның анестезиология-реанимация бөлімшесінің штатында шұғыл көмек көрсету үшін анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді. Шұғыл жәрдем көрсететін көпбейінді ауруханаларда әрбір ересектерге арналған 200 және балаларға арналған 150 хирургиялық төсекке анестезиолог-реаниматологтан қосымша тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді.
      34. Анестезиолог-реаниматолог дәрігерлерінің тәулік бойы жұмыс істейтін бір пост мына медициналық ұйымдарда белгіленеді:
      онкология диспансерлерінде - 250-375 төсекке;
      инфекциялық ауруханаларда 400 және одан да көп төсекке немесе қалада бірнеше аурухана болған жағдайда инфекциялық ауруханалардың бірінде 400-ден кем түспейтін төсегі бар инфекциялық ауруханасының біреуіне 200 төсекке;
      қаланың балалар инфекциялық ауруханасының бірінде 100 және одан да көп төсекке;
      ережеге сәйкес жіті терапия және реанимация палаталары ұйымдастырылмайтын, бірақ балалар инфекциялық бөлімшесі бар қалалық немесе балалар қалалық ауруханасында қалада 150-ден кем емес инфекциялы балалар төсектері болған жағдайда. Көрсетілген төсектер санына балалар инфекциялық ауруханалары мен жіті терапия және реанимация палаталары бар қала ауруханаларының 100 немесе одан да көп төсектері кірмейді;
      терапевт және педиатриялық бейінді ауруханаларда, хирургия бөлімшесінің болуына қарамастан 250-375 төсекке;
      перзентханаларда 100 және одан да көп төсекке.
      35. Жіті терапия мен реанимация палаталарының жұмысын қамтамасыз ету үшін дәрігерлер лауазымының саны 6 төсекке – тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен, кардио-хирургия реанимация бөлімшесінің әр бір 3 төсегіне тәулік бойы жұмыс істейтін 1 посттан және жаңа туған сәбилер мен шала туған балалардың әрбір 4 төсегіне тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді;
      36. Детоксикацияның экстракорпоралды әдісін қолданатын денсаулық сақтау ұйымдарында анестезиология және реанимация бөлімшелерінде экстракорпоралды детоксикациялық 3 төсекке реаниматолог-дәрігер 0,5 лауазым есебінен белгіленеді.
      37. Ауруханада бөлімше және жіті терапия палатасы болмаған жағдайында хирургиялық төсек санына қарамастан 1 анестезиолог-реаниматолог дәрігер лауазымы енгізіледі.
      38. Денсаулық сақтау ұйымдарында 12 және одан да көп анестезиолог-дәрігер лауазымына операция жасайтын бөлмелерде жұмыс істеуге 2 және одан да көп анестезиология және реанимация, оның ішінде мамандандырылған бөлімшелерді де (инфарктан кейін, кардиохирургиялық және т.б) ұйымдастыруға рұқсат етіледі.
      39. Жіті терапия мен реанимация палаталарының жұмысын қамтамасыз ететін дәрігер-зертханашы лауазымы 6-12 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
      40. Анестезиология-реаниматология бөлімшесінің меңгерушісі лауазымы бөлімшеде кемінде 3 анестезиолог-реаниматолог дәрігер лауазымы болған жағдайында мына тәртіпте белгіленеді:
      лауазымдар саны 3-тен 6-ға дейін болғанда 0,5 лауазым орнына;
      лауазымдар саны 6-дан астам болған жағдайда көрсетілген саннан жоғары;
      Анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің лауазымы 3-тен кем белгіленген ұйымдарда анестезиология және реаниматология бойынша жұмыс жетекшілігі ұйым басшылығымен анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің біріне жүктеледі.
      41. Жіті терапия мен реанимация бөлімшелері бар денсаулық сақтау ұйымдарында анестезист-мейірбике лауазымы әрбір анестезиолог- реаниматолог дәрігерге 1,5 лауазым есебінен белгіленеді.
      42. Жіті терапия мен реанимация бөлімшелері жоқ денсаулық сақтау ұйымдарында анестезист-мейірбике лауазымы әрбір анестезиолог- реаниматолог дәрігерге 2 лауазым есебінен белгіленеді.
      43. Күйік бөлімшесі бар денсаулық сақтау ұйымдарында қосымша 1 анестезист-мейірбике лауазымы белгіленеді.
      44. Жіті терапия мен реанимация палаталарының жұмысын қамтамасыз ететін орта медициналық персонал лауазымдары:
      мейірбикелер - 3 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді;
      фельдшер-зертханашылар (зертханашылар) - 6-15 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
      45. Мейірбикелер лауазымы 33-тармақта аталған анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері лауазымына сәйкес белгіленеді.
      46. Емшара мейірбике лауазымы бөлімшеде экстракорпоралдық детоксикация әдісін жүргізуге арналған 12 төсектен кем емес болмаған жағдайда, егер басқа топ қарастырылмаған болса.
      47. Жараны таңушы мейірбике лауазымы медициналық ұйымда хирургиялық көмек көрсететін 150 бала мен 200 ересекке және одан көп төсек болған жағдайда белгіленеді.
      48. Бөлімшенің аға мейірбикесі лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді. Бөлімшеде жіті терапия мен реанимация палаталары болмаған жағдайында бұл лауазым 1 анестезист-мейірбике лауазымының орнына белгіленеді.
      49. Науқастарды күтетін кіші мейірбике лауазымы ересектердің 6, балалардың 3 төсегіне – тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
      50. Шаруа-бикесі лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді.
      51. Бөлімшедегі төсектер санына қарамай науқастарды тамақтандыру үшін қосымша кіші мейірбике лауазымын енгізуі мүмкін.

§5. Гемодиализ бөлімшесінің штат нормативтері
(«жасанды бүйрек»)

      52. Гемодиализ бөімшелерінің дәрігері лауазымдары белгіленген уақыт нормативі бойынша жұмыс көлеміне байланысты немесе 4 диализдік орынға 1 лауазым есебінен, бірақ диализ залына 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.


      53. Шұғыл көрсеткіштер бойынша кешкі және түнгі уақытта, демалыс және мейрам күндерінде гемодиализ өткізетін дәрігердің лауазымдары, жұмыстың көлеміне байланысты белгіленеді.
      54. Күндізгі стационар дәрігері лауазымы 8 амбулаториялық науқасқа (төсекке) белгіленеді
      55. Бөлімше меңгерушісі лауазымы диализдік орындардың саны 6–ға дейін 0,5 лауазымы, 6–дан астам - 1 лауазым белгіленеді.
      56. Гемодиализ бөлімшесінің мейірбикесі лауазымдары 2 диализдік орынға-1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ диализдік залға 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.
      57. Гемодиализ бөлімшесінің емшара мейірбикесі лауазымы 6 диализдік орынға - 1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ диализдік залға 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.
      58. Шұғыл көрсеткіштер бойынша кешкі және түнгі уақытта, демалыс және мейрам күндерінде гемодиализ өткізетін мейірбике лауазымдары, көрсетілген мақсаттарға енгізілген дәрігерлердің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
      59. Күндізгі стационар мейірбикесі лауазымы 16 амбулаторлиялық науқасқа (төсекке) белгіленеді.
      60. Аға мейірбике лауазымы бөлімше меңгерушісінің лауазымына сәйкес белгіленеді.
      61. Емшара санитары лауазымы ауысымына 4 диализдік орынға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      62. Күндізгі стационарда еден сыпырушы санитарлар лауазымы 16 амбулаторлиялық науқасқа (төсекке) белгіленеді.
      63. Электроншы-инженер лауазымы ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      64. Техник лауазымы ауысымына 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымнан кем емес белгіленеді.

§6. Детоксикация бөлімшесінің штат нормативтері

      65. Экстракорпоралды детоксикация бойынша дәрігер лауазымы 10 төсекке - 1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.


      66. Хирург – дәрігер лауазымы 20 төсекке - 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.
      67. Аға мейірбике лауазымы бөлімше меңгерушісінің лауазымына сәйкес белгіленеді.
      68. Мейірбикелер (палаталық) лауазымдары 15 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
      69. Операциялық және жара таңатын бөлімшенің мейірбике лауазымы 10 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      70. Шаруа–бикесі лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді.
      71. Операция, емшара және жара таңатын кабинеттердің санитарлар лауазымдары осы кабинеттердің мейірбике лауазымына сәйкес белгіленеді.
      72. Буфетші-санитарлар лауазымы ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      73. Еден сыпырушы (палаталық) - санитар лауазымдары мейірбикелер (палаталық) лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
      74. Ваннашы–санитарлар лауазымы 20 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.

§7. Гипербариялық оксигенация бөлімшесінің штат нормативтері

      75. Гипербариялық оксигенация бөлімшесінің (бұдан әрі – ГОБ) дәрігері, кіші және орта медициналық персонал лауазымдары қолданысты ГОБ стационарлық және жылжымалы құрылғыларына тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.


      76. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы бөлімшенің дәрігерлері лауазымдарының үстінен 2 және одан да көп ГОБ құрылғылары болған жағдайында белгіленеді.
      77. Аға мейірбике лауазымы бөлім меңгерушісінің лауазымына сәйкес белгіленеді.
      78. Инженерлік-техникалық персоналының лауазымы мен ГОБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету техникалық құжаттары бойынша белгіленеді.
      79. Жүргізушілер лауазымы ГОБ жылжымалы құрылғыларына тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.

§7-1. Диагностика мен емдеудің рентгенохирургиялық әдістері бөлімшесінің штат нормативтері

      Ескерту. 7-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.01.05 № 10 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      79-1. Диагностика мен емдеудің рентгенохирургиялық әдістері бөлімшесінде (топтарында) бөлімше меңгерушісінің 1 лауазымы, аға мейірбикесінің 1 лауазымы, шаруа-бикесінің 1 лауазымы, маман дәрігерлердің 1 посты, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің 1 посты, рентген-зертханашылардың 1 посты, анестезист мейірбикелердің 1 посты, санитарлардың 1 посты белгіленеді.

§8. Трансфузиология бөлімшесінің (кабинетінің) штат нормативтері

      Ескерту. 8-параграф жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      80. Персоналдың лауазымы осы Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне 4-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдарда жүзеге асырылатын жылдық қан компоненттерінің транзфузиясы (құю) мөлшерінен белгіленеді.     
      81. Трансфузиология бөлімшесі (кабинеті) қан компоненттерін пайдаланатын барлық медициналық ұйымдарда ұйымдастырылады.
      81-1. Трансфузиология бөлімшесі (кабинетінің) штат бірлігінің саны қан және оның компоненттеріне аутологиялық дайындауды енгізу және ренфузия жүргізу есебінен ұлғаюы мүмкін. Аутоқанның және оның компоненттерінің бір жыл ішінде дайындалған әрбір 100 дозасына қосымша 1 трансфузиолог-дәрігер, мейірбике, кіші медицина қызметкер лауазымы енгізіледі.

§9. Параклиникалық бөлімшелердің штат нормативтері

      82. Параклиникалық бөлімше мамандарының лауазымдары атқарылатын жұмыстың көлемі және қызметтер тарификаторы бойынша қолданыстағы уақыттың есеп мөлшеріне сай тиісті медициналық құрылғылар мен техника бар болғанда белгіленеді, бірақ Денсаулық сақтау ұйымдарының осы штаттық нормативтері мен үлгі штаттарына 5-қосымшаға сәйкес стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары үшін ауысымда 1 лауазымнан кем емес болу керек.


      83. Қажетті мамандар санын есептеген кезде қаладағы медицина ұйымдарына жұмыс уақытын қолдану коэффициенті 0,85 және ауылдарға 0,75 екенін ескеру қажет.
      84. Меңгерушінің лауазымы параклиника бөлімшесі дәрігерінің бір лауазымының орнына белгіленеді.
      85. Аға фельдшердің лауазымы (мейірбикенің, зертханашының) меңгерушінің лауазымына тиісінше бір фельдшердің лауазымының орнына белгіленеді.

§10. Сәулелік диагностика бөлімшесінің штат нормативтері

      86. Рентген–зертханашылардың лауазымдары дәрiгер-рентгенологтардың лауазымдарына сәйкес белгіленеді.


      87. Рентген мұрағатына (компьютерлік рентген мұрағаты) үшін медициналық тіркеушілердің лауазымы стационарлар үшін ауысымға бір лауазым және емханаға бір лауазым есебінен белгіленеді.
      88. Рентген бөлiмшесi (кабинет) санитарларының лауазымдары дәрiгерлердiң лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
      89. Рентгенолог–дәрігердің лауазымы кеуде қуысының органдарын профилактикалық флюрографиялық тексеру үшін бекітілген 60 мың тұрғынға бір лауазым есебінен белгіленеді.
      90. Рентген–зертханашыларының лауазымы кеуде қуысының органдарын профилактикалық флюорографиялық тексеру үшін бекітілген 30 мың тұрғынға бір лауазым есебінен белгіленеді.
      91. Медициналық тіркеушілердің лауазымы 30 мың тұрғынға бір лауазым есебінен белгіленеді. 15 мың адам тұрғыны бар аудандарда рентген–зертханашылардың лауазымы 0,5 лауазымы қарастырылады.
      Тұрғыны 15 мың адамнан аз аудандарда флюорографиялық кабинеттердің штаты ауданның рентгенологиялық лауазымдардың ортақ лауазымдарының есебінен істелуі керек.
      92. Жылжымалы құрылғыларда бір рентгенолог–дәрігер, бір рентген–зертханашы, бір жүргізуші штаттары қарастырылған.
      93. Компьютерлік томография бойынша рентген–зертханашылардың лауазымы ауысымда 2 рентген–зертханашы лауазымы есебінен белгіленеді.
      94. Емшара мейірбикесі лауазымы ауысымда бір кабинетке 0,5 қызмет орны есебінен белгіленеді.
      95. Компьютерлік томография кабинеті санитарларының лауазымы бір ауысымда бір компьютерлік томография кабинетіне 0,5 лауазым есебінен белгіленеді.
      96. Компьютерлік томография жөніндегі инженерлердің лауазымы ауысымда екі немесе одан да көп құрылғыларға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      97. Анестезиолог мейірбикенің лауазымы анестезиолог дәрігер лауазымына сәйкес белгіленеді.
      98. Күрделі ангиографикалық және рентгено-теледидарлық құрылғылармен инженер–маман қызмет көрсетеді: инженердің 1 лауазымы 2 және одан да артық құрылғыларға белгіленеді.
      99. Рентгенхирургиялық емдік әрекеттер аптасына 4 реттен артық болмау керек.
      100. Есептік мөлшерге зерттеуге немесе емдік кірісулерге алдын-ала жұмыстарын өткізу уақыты қосылған.
      Алынған ақпаратты талдау үшін және белгіленген медициналық құжатты енгізу үшін бір зерттеуге қосымша уақыт - 30 минут.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет