"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары


Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға қойылатын талаптар



бет3/3
Дата25.06.2022
өлшемі24,4 Kb.
#147085
1   2   3
Байланысты:
Мед қалдық
testirovanie gosudarstvennykh sluzhashchikh, СД199К.электив. тест сурактары (копия), Зарарсыздандыру , СӨЖ. рефераттар
Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға қойылатын талаптар

Б, В сыныпты қалдықтарды денсаулық сақтау объектілерінің аумағында мамандандырылған қондырғыларсыз өртеуге тыйым салынады.

Қалдықтарды термиялық әдіспен залалсыздандыру медициналық қалдықтарды +800-1500 С төмен емес температурада термиялық әсер ету жолымен немесе медициналық қалдықтарды кәдеге жарататын арнайы жабдықтың жұмыс температурасына сәйкес жүргізіледі.

Медициналық қалдықтарды ("Б" сыныбының залалсыздандырылмаған медициналық қалдықтары мен "В" сыныбының барлық медициналық қалдықтары) өртеу нормалау құжаттарына сәйкес санитариялық-қорғау аймағының өлшемі ескеріле отырып орналастырылған арнайы қондырғыларда жүргізіледі.

Қондырғыны орналастыру үшін мыналар көзделеді: ауданы кемінде 10 м2 қалдықтарды уақытша сақтау үй-жайы, ауа ағымын сору қасиеті бар сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған, су бұру жүйесіне ағылатын және су келтірілген ауданы кемінде 20 м2 қондырғыны орналастыру үй-жайы (егер өзгесін өндіруші көздемеген болса), қызметтік-тұрмыстық үй-жай (персоналдың бөлмесі, санитариялық торап, себезгі).

Ішкі әрлеу үшін үй-жайлардың функциялық мақсатына сәйкес материалдар пайдаланылады.

А сыныбының қалдықтары пайда болған орындарынан денсаулық сақтау объектісінің аумағында орналасқан контейнерге жіберіледі және контейнерлердің толуына қарай, үш күнде бір реттен сиретпей қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады.

Қалдықтарды кәдеге жаратудың ақырғы өнімдері қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады.


Үйге тапсырма:
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1.«Медициналық қалдықтар» анықтамасы.
2. Медициналық қалдықтарды жинауға қойылатын талаптар бекітілген бұйрық
3. Медициналық қалдықтардың жіктеуі.
4.ММ медициналық қалдықтарды жинауға қойылатын санитарлы эпидемиологиялық талаптар.
5. Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға қойылатын санитарлы эпидемиологиялық талаптар.
6.Медициналық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын санитарлы эпидемиологиялық талаптар.
7. Медициналық қалдықтарды жоюға қойылатын санитарлы эпидемиологиялық талаптар.
1 Есеп
Медициналық процедура аяқталғаннан кейін медбике Б сыныбындағы медициналық қалдықтарды тасымалдау үшын коридорға шығарып қойды.
Медбикенің іс әрекетін бағалаңыз.Сіздің беретін кеңесіңіз.
№ 2 Есеп
Медбике инъекция жасаған иненмен қолын қолғаптын сыртынан шаншып алды
Медбикенің іс әрекетін бағалаңыз.Сіздің беретін кеңесіңіз.
3.Есеп
Сіз егу бөлмесінің медбикесі. Пациенттің қанын анализге алып болғаннан кейін абайсызда ортанғы саусағыңызды инемен шаншып алдыңыз.Қан қолғаптан көрініп тұр.Сіздің іс әрекетіңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет