"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы
№ ҚР ДСМ -96/2020
бұйрығымен бекітілген
"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
тарау. Жалпыережелер Осы "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
Санитариялық қағидалар мыналарға:
денсаулық сақтау объектілерін салуға жер учаскесін таңдауға және жобалауға;
денсаулық сақтау объектілерін сумен жабдықтауға және суды бұруға;
денсаулық сақтау объектілерін жарықтандыруға, желдетуге және ауасын баптауға, жылумен жабдықтауға;
денсаулық сақтау объектілері үй-жайларын жөндеуге және күтіп-ұстауға;
денсаулық сақтау объектілерінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;
денсаулық сақтау объектілерінде медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға;
денсаулық сақтау объектілерінде тамақтану жағдайларына;
персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды;
инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды қамтиды.
Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
"А" сыныбындағы медициналық қалдықтар - коммуналдық-тұрмыстық қалдықтардан құрамы бойынша ерекшеленбейтін, қауіпті қасиеттері жоқ қалдықтар;
асептикалық бөлімше - науқаста іріңді инфекция болмағанда медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жайлар;
асептикалық режим - микробтардың жараға түсуінің алдын алатын санитариялық-техникалық және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар кешені;
"Б" сыныбындағы медициналық қалдықтар - эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (инфекцияланған және әлеуетті инфекцияланған қалдықтар).
Қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдар және аспаптар, заттар. Патологиялық-анатомиялық қалдықтар, органикалық операциялық қалдықтар (ағзалар, тіндер). Инфекциялық бөлімшелердің тамақ қалдықтары. Патогендігі III-IV топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істейтін микробиологиялық, клиникалық-диагностикалық зертханалардың, фармацевтикалық, иммундық-биологиялық өндірістердің қалдықтары. Виварийлердің биологиялық қалдықтары. Пайдалануға жарамсыз тірі вакциналар;
бокс - сырттан науқас келіп түсуі үшін жеке есігі бар үй-жай. Оның құрамына: палата, санитариялық торап, ванна және шлюз кіреді;
"В" сыныбындағы медициналық қалдықтар - төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (аса қауіпті және карантиндік инфекциялық аурулармен ауыратын науқастармен жанасқан, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында төтенше жағдайлардың пайда болуына алып келуі мүмкін және аумақты санитариялық қорғау бойынша іс-шараларды жүргізуді талап ететін материалдар. Патогендігі I-II топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істейтін зертханалардың, фармацевтикалық және иммундық-биологиялық өндірістердің қалдықтары. Анаэробты инфекциялы пациенттердің және туберкулезбен ауыратын науқастардың қалдықтары. Туберкулез қоздырғыштарымен жұмысты жүзеге асыратын микробиологиялық зертханалардың қалдықтары);
"Г" сыныбындағы медициналық қалдықтар - токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (пайдалануға жатпайтын дәрілік, оның ішінде цитостатиктер, диагностикалық, дезинфекциялау құралдары. Құрамында сынап бар заттар, аспаптар мен жабдықтар. Фармацевтикалық өндірістердің шикізаттары мен өнімдерінің қалдықтары. Жабдықты, көлікті, жарықтандыру жүйелерін пайдалану қалдықтары);
"Д" сыныбындағы медициналық қалдықтар - радиоактивті медициналық қалдықтар (құрамында Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасымен белгіленген, радиоактивті заттар үшін регламенттелген мәннен асатын мөлшерде және шоғырлануда радиоактивті заттар бар);
денсаулық сақтау объектілері - денсаулық сақтау ұйымдары және денсаулық сақтау саласында медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар өздерінің қызметін жүзеге асыратын объектілер;
денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
жеке босандыру палатасы немесе бірге болу палатасы - босанатын бір әйелді босандыруға арналған, санитариялық торабы бар, босанған әйел жаңа туған нәрестесімен стационардан шыққанға дейін болатын, жабдықталған үй-жай;
жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі - ЖҚҚ) - зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмау немесе азайту үшін, сондай-ақ ластанудан қорғау үшін жұмыскер пайдаланатын құралдар;
жылжымалы медициналық объект - жабдықтары және медицина персоналына арналған орындары бар көлік құралдары (автомобиль, теміржол, теңіз, өзен, авиация) базасында орналасқан мобильді консультациялық-диагностикалық объект;
медициналық қалдықтар - медициналық қызметтер көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу процесінде түзілетін қалдықтар;
медициналық қалдықтарды залалсыздандыру - қалдықтардың қауіпті қасиеттерін механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен азайту немесе жою;
медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бойыша арнайы қондырғы - өртеуді, автоклавтауды, қысқа толқынды өңдеуді, плазмалық өңдеуді және залалсыздандырудың басқа да әдістерін пайдаланатын, медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған мамандандырылған технологиялық жабдық;
медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер (бұдан әрі - ҚЖКЖК) - өткір және үшкір медициналық қалдықтарды жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған су өткізбейтін және тесілмейтін, бір рет қолданылатын сыйымдылықтар;
санитариялық киім - еңбек заттарын жұмыс істеушілерден және жұмыс істеушілерді жалпы өндірістік ластанулардан қорғауға арналған өндірістік киім;
санитариялық-эпидемияға қарсы режим - денсаулық сақтау объектілерінде инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және оларды таратпау жөніндегі іс-шаралар кешені;
селитебтік аумақ - тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көліктік инфрақұрылымдардың жекелеген бөліктерін, орналастырылуы мен қызметі арнайы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететін әсері болмайтын басқа да объектілерді орналастыруға арналған елді мекен аумағының бір бөлігі;
шлюз - ауаның бір үй-жайдан басқасына кіру мүмкіндігін желдету жүйесі арқылы жоятын және ауасы әртүрлі деңгейде ластанған үй-жайлардың арасында орналасқан, палата, бөлімше мен жалпы дәліз арасындағы үй-жайдың бір бөлігі.