тарау. Денсаулық сақтау объектілерін сумен жабдықтауға және су бұруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Денсаулық сақтау объектісінде орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен, ыстық сумен жабдықтау және су бұру көзделеді.
Денсаулық сақтау объектісінде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінің (ұңғымалар) суы немесе нормалау құжаттарына сәйкес келетін әкелінетін су пайдаланылады. Суды әкелу арнайы көлік құралымен жүзеге асырылады. Суды сақтау арнайы таңбаланған сыйымдылықтарда жүзеге асырылады.
Дәрігерлердің барлық қабылдау кабинеттерінде, палаталарда, қосалқы үй-жайларда (персонал, шаруашылық мейіргері, лас киім-кешекті жинау бөлмесі,
санитариялық бөлмелер, санитариялық тораптар) суық және ыстық су өткізілген раковинаны орнату көзделеді.
Айрықша режимді талап ететін операция алды, таңып-байлау, манипуляциялық, егу кабинеттерін, реанимация залдары мен палаталарын, босандыру залдарын, бокстардың шлюздерін, жартылай бокстардың, жаңа туған нәрестелер палаталары жанындағы мейiргерлер постарын араластырғышы бар шынтақты немесе жанаспай ағатын шүмектерді орната отырып, ыстық және суық су өткізілген раковиналармен жабдықтау керек.
Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда операция алды және босандыру залдарында, манипуляциялық, емшара, таңып-байлау, егу кабинеттерінде, стерильдеу, реанимация және жаңа туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі балалар бөлімшелерінде, қабылдау бөлімшелерінде, санитариялық-тұрмыстық бөлмелерде, жуу, буфет, тарату, ас блоктарында, кір жуатын орындарда үздіксіз жұмыс істейтін су жылытқыштар орнатылады.
Объектіні орталықтандырылған су бұру желісі жоқ немесе ішінара бар елді мекендерге орналастырған жағдайда жергілікті су бұру жүйесінің құрылғысы көзделеді
. Сарқынды суларды қабылдау жер асты су өткізбейтін сыйымдылықта жүзеге асырылады. Сарқынды суды қабылдауға арналған сыйымдылық қақпақпен жабдықталады, шаруашылық аймағында орналастырылады және толуына қарай тазартылады.