Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


тарау. Денсаулық сақтау объектілерін салуға жер учаскесін таңдауға, жобалауға және орналастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет3/33
Дата13.09.2022
өлшемі215,52 Kb.
#149407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
1 ghjrydbfgafds

тарау. Денсаулық сақтау объектілерін салуға жер учаскесін таңдауға, жобалауға және орналастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


    1. Денсаулық сақтау объектілерін салуға жер учаскесін таңдау, оны жобалау " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының 20-бабының 23-

16) Тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
мемлекеттік нормативтер (бұдан әрі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес жобалауға арналған тапсырмада айқындалады.

    1. Эпидемия, пандемия кезеңінде тез тұрғызылатын модульді ауруханаларды жобалау және салу кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтердің ережелерін басшылыққа алу қажет.

    2. Инфекциялық аурулар ауруханасын, бөлімшесін жобалау кезінде:

      1. кемінде екі тексеріп-қарау кабинеті немесе бокстары болуы қажет қабылдау бөлімі;

      2. ауа-тамшы жолы арқылы, ішек, вирустық инфекциялармен, аса қауіпті және карантиндік инфекциялармен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызуға арналған оқшауланған бөлімшелер;

      3. диагностикалық бөлімше (диагностикалық палаталар);

      4. зертханалар көзделеді.

    3. Жобалау кезінде инфекциялық аурухананың тексеріп-қарау боксында дербес оқшауланған сыртқы есік көзделеді.

    4. Перинаталдық орталықтарды, перзентханаларды жобалау кезінде сыйымдылығы екі ананың төсегінен аспайтын босанғаннан кейінгі палаталар көзделуі қажет. Перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестелерге реанимациялық іс-шараларды және қарқынды терапияны жүргізуге арналған бөлімшелер көзделеді.

    5. Экстракорпоральды ұрықтандыру бөлімшесінің құрамы мен алаңы технологиялық процеспен және мекеменің қуатымен айқындалады.

    6. Операциялық блоктарды бірінің үстіне бірін орналастырған кезде септикалық операциялық блоктар асептикалықтан жоғары орналастырылады.

      1. Операциялық блоктар (бөлімшелер) өтетін жолда болмауы тиіс. медицина персоналының кіруі санитариялық өткізгіштер арқылы, науқастар үшін шлюздер арқылы көзделеді.

    7. Асептикалық бөлімшелерге (блоктарға) мыналар кіреді: дәретханасы, ваннасы немесе себезгісі бар палаталар, емшара бөлмесі, дәрігер кабинеті, буфет, стерильді материалды сақтауға арналған үй-жайлар және бөлімшенің бейініне байланысты басқа да үй-жайлар.

    8. Персоналға арналған санитариялық өткізгіштер үш көршілес үй-жай құрамында жобаланады. Бірінші үй-жай себезгімен, санитариялық тораппен жабдықталады. Екінші үй-жай таза хирургиялық костюмдер, аяқ киімдер, бахилалар кию үшін пайдаланылады

. Үшінші үй-жай пайдаланылған киім-кешекті ауыстыруға және жинауға арналған.

    1. Амбулаториялық, пластикалық және эстетикалық хирургия орталықтарында, дерматология-косметология объектілерінде, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда үй-жайлар жиыны аз - операциялық, операция алды, санитариялық өткізгіш, пациенттер үшін операциялық бөлмеге кірудегі шлюз және операциядан кейінгі палата бар шағын операциялық залдар көзделеді. Санитариялық өткізгіш персоналдың таза

және лас киім-кешегін сақтауға арналған жағдайлармен қамтамасыз етіле отырып, себезгімен жабдықталатын бір үй-жайдың құрамында жобаланады.
Шағын операциялық залдарға пациент шлюз арқылы, персонал - операция алды бөлмесі арқылы түседі.

    1. Психиатриялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық мекемелер қала маңындағы аймаққа немесе шеткері аудандарға, мүмкіндігінше селитебтік аумақтан ажырауды сақтай отырып, жасыл алқаптарда орналастырылады.

    2. Денсаулық сақтау объектілерінің негізгі және қосалқы үй-жайларының жиынтығы мен алаңдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес анықталады.

    3. Тұрғын үйлерде қуаты ауысымына 100 келушіден аспайтын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін, оның ішінде күндізгі стационарлары, амбулаториялық хирургия орталықтары (пациенттер 5 тәуліктен артық болмайтын) бар денсаулық сақтау объектілерін орналастыруға жол беріледі.

    4. Тұрғын ғимаратта осы Санитариялық қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттер тәулік бойы болатын стационарларды орналастыруға жол берілмейді.

    5. Ғимараттардың цоколдық және жертөле қабаттарында операциялық, таңып-байлау, емшара, манипуляциялық, босандыру, стоматологиялық кабинеттер, науқастарға арналған қабылдау және палаталық бөлімшелер орналастырылмайды.

Ғимараттардың цоколдық және жертөле қабаттарында қалпына келтіру емінің үй-жайлары мен кабинеттерін (емдік дене шынықтыру залдары, емдік бассейндер, сумен емдеу үй-жайлары, массаж кабинеттері), сондай-ақ табиғи жарықтандыру ұйымдастырылған жағдайда электр-жарықпен емдеу кабинеттерін орналастыруға жол беріледі.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет