параграф. Паллиативтік көмек және мейіргер күтімі бойынша денсаулық сақтау объектілерін күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Паллиативтік көмек және мейіргер күтімі бөлімшесі көп бейінді немесе мамандандырылған денсаулық сақтау объектісінің құрамында көзделеді немесе дербес ұйым ретінде жұмыс істейді.
Хоспистарда және паллиативтік көмек бөлімшелерінде (бұдан әрі - хоспистар) пациенттерге күтім жасауды жүзеге асыратын адамдардың (туыстары, еріктілер мен денсаулық сақтау объектісінің жұмыскерлері болып табылмайтын басқа да адамдардың
) ұйықтауы және тамақ ішуі үшін қосымша үй-жайлар көздеу қажет.
Хоспистар пациенттеріне арналған палаталардың құрылғысы сыйымдылығы төрт төсекке дейін көзделеді.
Хоспис бөлімшелерінің құрамында іріңді-септикалық және инфекциялық аурулармен ауыратын пациенттерге арналған бір немесе екі төсектік жеке палаталар көзделеді.
Хоспистарда пациенттерге келу және пациенттерге сәлемдемелерді қабылдауды ұйымдастыру үшін жеке үй-жай көзделеді.
Амбулаториялық науқастарға арналған үй-жайлар үшін созылмалы гемодиализге арналған бөлімшеде дербес аймақ бөлінеді.
Амбулаториялық науқастар үшін демалу, киім ауыстыру және жеке заттарын сақтауға арналған үй-жайлар көзделеді.
Инфекциялық ауруханаларда гемодиализ жасауға арналған үй-жайларды науқастарға арналған бокстармен көршілес орналастыру керек.
Инфекциялық ауруларды тасымалдаушылар болып табылатын бағдарламалық гемодиализ пациенттері немесе оның созылмалы нысандарымен ауыратын пациенттер үшін, сондай-ақ парентералды вирусты гепатиттердің маркерлеріне зерттеп-қараудың оң нәтижелері бар адамдар үшін жеке аймақ немесе жеке зал және жабдық көзделеді.
Су дайындау, диализді концентраттарды дайындау және сақтау, диализді конценртаттарды дайындауға арналған ингредиенттерді сақтау үй-жайлары бір бірінен оқшау орналастырылады. Барлық үй-жайлар сору-сыртқа тарту желдеткішімен жабдықталады.
Диализ залдарында тазартылған суды үздіксіз беру көзделеді.
Гемодиализ бөлімшесіндегі тазартылған су стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Эпидемиялық тұрғыдан гемодиализге арналған судың қауіпсіздігі оның осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада белгіленген микробиологиялық көрсеткіштер және эндотоксиннің болуы бойынша талаптарға сәйкес келуі арқылы айқындалады. Гемодиализге арналған судың физикалық-химиялық көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
Гемодиализге арналған су өндірістік бақылау жүргізу шеңберінде тоқсанына 1 рет, сондай-ақ денсаулық сақтау объектілеріне ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кезінде зерттеледі.
Гемодиализге арналған судың сапасын өндірістік бақылауды гемодиализ жабдығын пайдалануды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға жүзеге асырады.
Судың сапасы тоған орындарында, су тазарту жүйесінен өткеннен кейін және гемодиализ аппаратына түсу алдында бақыланады.
Диализді жүргізу алдында бір рет қолданылатын бұйымдардың (диализатор, колонка, қанға арналған контейнер, магистралдар) жарамдылық мерзімі тексеріледі,
сондай-ақ тұтынушылық ыдысының тұтастығына көз жеткізіледі. Олардың стерильдігін бұзатын тұтынушылық ыдысы бүлінген бір рет қолданылатын бұйымдар пайдаланылмайды.
Емшара кезінде дезинфекциялаудан және стерильдеуден өтпеген жабдықтар, аппараттар және аспаптар пайдаланылмайды.
Науқастың тамырларын аппарат магистралдарына қосу асептикалық жағдайларда жүргізіледі. Диализдің әрбір емшарасын жүргізу кезінде пункциялау аймағының контаминациясынының алдын алу үшін стерильді клеенкаларды, жаялықтарды пайдалану қажет. Емшараның барлық кезеңінде пункциялау орны стерильді құрғақ дәке тампонмен жабылады.
Диализ залындағы төсектің матрасы оған қанның, басқа да биологиялық сұйықтықтардың түсуін болдырмау үшін клеенкамен, өзге де суға төзімді жабынмен қорғалуы тиіс. Әрбір диализ емшарасынан кейін төсектің (кресло-төсектің) төсек-орын жабдықтарын ауыстыру қажет. Пациенттің жеке киім-кешегін пайдалануға жол беріледі, бұл ретте жеке киім-кешектің қан дақтарымен және басқа да бөлінділермен ластанбауын көздеу қажет.