тарау. Денсаулық сақтау объектілерінде қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, сақтау және денсаулық сақтау объектілерінен шығару денсаулық сақтау объектісінің басшысы бекіткен Қалдықтармен жұмыс істеу бағдарламасына сәйкес орындалады, ол:
сыныптары бойынша пайда болатын қалдықтардың құрамын;
медициналық қалдықтарды жинау тәртібін;
қалдықтарды зарарсыздандырудың (залалсыздандырудың) және жоюдың қоданылатын тәсілдерін;
қалдықтармен жұмыс істеу схемасын;
персоналды қалдықтармен жұмыс істеу кезінде эпидемиялық қауіпсіздік қағидаларына гигиеналық оқытуды көздейді.
Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау объектісі басшысының бұйрығымен осы Санитариялық қағидалар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жауапты тұлға тағайындалады.
Қалдықтарды жинау үшін бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптар, пакеттер, металл және пластик сыйымдылықтар, жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер пайдаланылады. Қауіпті қалдықтарды жинауға арналған металл және пластик сыйымдылықтар, контейнерлер тығыз жабылады.
Медициналық қалдықтардың сыныптамасы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес айқындалады. Қалдықтардың әрбір сыныбын жинау үшін қаптардың, пакеттердің, сыйымдылықтардың түсі әртүрлі болады:
"А" сыныбы қалдықтары - қара;
"Б" сыныбы - сары;
"В" сыныбы - қызыл;
"Г" сыныбы - ақ.
"А" сыныбы медициналық қалдықтарын жинауға мынадай талаптар қойылады:
жинау көп рет қолданылатын сыйымдылықтарда немесе бір рет қолданылатын пакеттерде жүзеге асырылады;
бір рет қолданылатын пакеттер арнайы арбаларда немесе көп рет қолданылатын сыйымдылықтардың ішінде орналасады. Қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтар мен арбалар "Медициналық қалдықтар. "А" сыныбы" деген тиісті жазумен таңбаланады.
"Б" және "В" сыныптары медициналық қалдықтарын жинауға мынадай талаптар қойылады:
түсі сары немесе сары түсті таңбалауы бар бір рет қолданылатын жұмсақ ( пакеттерге) немесе қатты тесілмейтін қаптамаға (контейнерлерге) жиналады. Қаптаманы таңдау қалдықтардың морфологиялық құрамына байланысты болады;
шанышпалы және үшкір заттар алдын ала бөлшектелмей және дезинфекцияланбай, тесілмейтін және суға төзімді ЖҚКЖК-ға жиналады;
инелерді бөлуге арналған арнайы құрылғылар (ине шешкіш, ине бұзғыш, ине кескіш және басқалары) болған кезде пайдаланылған инесіз шприцтерді арнайы қондырғыларда зарарсыздандырылатын "Б" сыныбының басқа да медициналық қалдықтарымен бірге бір рет қолданылатын жұмсақ пакеттерге жиналады;
"Б" сыныбының органикалық, сұйық медициналық қалдықтарын жинау үшін олардың герметикалығын қамтамасыз ететін қақпағы бар суға төзімді контейнерлер пайдаланылады;
ЖҚКЖК көлемінің төрттен үш бөлігінен асырылмай толтырылады. ЖҚКЖК толтырылғаннан кейін қақпақпен тығыз жабылады және үш тәуліктен асырмай сақталатын медициналық қалдықтарды сақтауға арналған үй-жайға жіберіледі;
оларды бөлімшеден шығару үшін "Б" және "В" сыныбының медициналық қалдықтарын түпкілікті қаптамалау кезінде бір рет қолданылатын сыйымдылықтар ( пакеттер, ЖҚКЖК) бөлімшенің атауы, күні және қалдықтарды жинауға жауапты адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.) көрсетілген " Медициналық қалдықтар. "Б" немесе "В" сыныбы" деген тиісті жазулармен таңбаланады.
"Г" сыныбы медициналық қалдықтары бөлімшенің атауы, күні және қалдықтарды жинауға жауапты адамның Т.А.Ә. көрсетілген "Медициналық қалдықтар. "Г" сыныбы" деген тиісті жазуы бар таңбаланған сыйымдылықтарға жиналады.
Қалдықтарды залалсыздандыруды арнайы қондырғыларды пайдалана отырып ұйымдастырған кезде "Б" сыныбының медициналық қалдықтарын жинау және сақтау алдын ала залалсыздандырусыз пайда болған жерінде, эпидемиологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда жүргізіледі.
"Б" сыныбының патологиялық-анатомиялық және органикалық операциялық медициналық қалдықтары (ағзалар, тіндер және тағы басқалар) кремациялануға ( өртелуге) немесе зиратта арнайы бөлінген учаскеде көмілуге жатады. Инфекциялық аурулармен ауырған науқастардың қалдықтарын қоспағанда, мұндай медициналық қалдықтарды алдын ала залалсыздандыру талап етілмейді.
"В" сыныбының медициналық қалдықтары денсаулық сақтау объектісінде физикалық немесе химиялық әдістермен міндетті залалсыздандыруға жатады. "В" сыныбының залалсыздандырылмаған медициналық қалдықтарын ұйымның аумағынан тыс жерлерге шығаруға жол берілмейді.
Сұйық биологиялық медициналық қалдықтар химиялық әдістермен залалсыздандырылғаннан (дезинфекциялаудан) кейін су бұру жүйесіне төгіледі.
"Б" және "В" сыныбының медициналық қалдықтарын денсаулық сақтау ұйымының аумағында мамандандырылған қондырғыдан тыс өртеуге тыйым салынады.
"Б", "В", "Г" сыныптарының медициналық қалдықтарын сақтау үшін стационарлық көмек және қуаты ауысымына 50-ден астам адамды қабылдайтын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде
механикалық іске қосылатын сыртқа тарту желдеткішпен, биологиялық қалдықтарды ( бар болған жағдайда) сақтауға арналған тоңазыту жабдығымен, стеллаждармен, таразылармен, медициналық қалдықтары бар пакеттерді жинауға арналған контейнерлермен, ыстық және суық су өткізілген раковинамен, ауаны зарарсыздандыруға арналған қондырғылармен, қолға арналған антисептиктермен жабдықталған жеке үй-жай бөлме бөлінеді.
Қуаты ауысымына 50 және одан аз адамды қабылдайтын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде биологиялық қалдықтарды (бар болған жағдайда) сақтауға арналған тоңазыту жабдығымен және қолға арналған антисептиктермен жабдықталған қосалқы үй-жайларда медициналық қалдықтарды сақтауға жол беріледі.
Тамақ қалдықтарын, "Б" сыныбының залалсыздандырылған медициналық қалдықтарын жиырма төрт сағаттан артық сақтау тоңазытқыштарда және мұздату камераларында жүзеге асырылады, бірақ үш тәуліктен асырмайды.
"Б" сыныбының биологиялық медициналық қалдықтары +5оС жоғары емес температурада сақталады.
Жиналған медициналық қалдықтар қаптың саңылауын тартып буу арқылы бүтіндігіне зақым келтірілмей пакеттерде герметикалық қаптамаланады. Жинақталуына қарай шығарылады және мамандандырылған ұйымдармен кәдеге жаратылады.
"Б" және "В" сыныбының қауіпті медициналық қалдықтарын тасымалдау, залалсыздандыру және жою нормалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Медициналық қалдықтар шығарылғаннан кейін медициналық қалдықтарды жинауға арналған үй-жай, пайдаланылған мүкәммал және жабдық дезинфекцияланады.
"Д" сыныбының радиоактивті медициналық қалдықтарымен жұмыс істеу нормалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Медициналық ұйымның жауапты тұлғасы осы Санитариялық қағидаларға 5- қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда пайда болған медициналық қалдықтарды күн сайын есепке алуды жүргізеді.
Персонал санитариялық киім мен ЖҚҚ жиынтықтарымен (халаттар, комбинезондар, қолғаптар, бетперделер, респираторлар, арнайы аяқ киім, алжапқыштар