Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


бөлім. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылмаған денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлу және жұмыс режимі



бет24/33
Дата13.09.2022
өлшемі215,52 Kb.
#149407
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
1 ghjrydbfgafds

бөлім. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылмаған денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлу және жұмыс режимі


  • тарау. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылмаған денсаулық сақтау ұйымдарында аймаққа бөлу

    1. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оқшаулауға арналған изолятор көзделеді.

    2. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында "таза" және "лас" аймақтарға бөлу қамтамасыз етіледі.

    3. "Лас" аймаққа мыналар жатады:

    1. қабылдау бөлімшесі;

    2. изолятор.

    1. "Таза" аймаққа стационардың қалған барлық үй-жайлары жатады.

    2. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалану қамтамасыз етіледі:

    1. ауысымға кіретін жерде "таза" аймақтан "лас" аймаққа;

    2. ауысымнан шығатын жерде "лас" аймақтан "таза" аймаққа қамтамасыз ету қажет.

    1. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалану қамтамасыз етіледі:

    1. ауысымға кіретін жерде "таза" аймақтан "лас" аймаққа;

    2. ауысымнан шығатын жерде "лас" аймақтан "таза" аймаққа;

    3. бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс.

    4. "таза" аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, санитариялық торап болуы тиіс.

    5. "лас" аймақта ЖҚҚ-ны шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары және санитариялық тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.

    1. "Лас" аймақтың медицина қызметкерлері үшін ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары кіретін "таза" аймақ көзделуі қажет. Аталған "таза" үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс. Бұл ретте оларға кіру ЖҚҚ-ны шешуге арналған шлюз және душ арқылы жүзеге асырылады.

    2. "Лас" аймақ қызметкерлерінің медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуі, кәсіби мәселелерді талқылауы, құжаттармен жұмыс істеуі, демалуы, тамақтануы және сусындар ішуі және т. б. осы қосымшаның 41-тармағында көрсетілген "таза" үй-жайларда жүзеге асырылады.

    3. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың таза аймақтың үй-жайларында пайдаланылған ЖҚҚ-да кіруі және болуы жүзеге асырылмайды.

    4. Персонал "таза" және "лас" аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етіледі.

    5. Персонал лас аймақта ЖҚҚ-мен жұмыс істейді.

    6. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз "лас" аймақтарға жіберілмейді.

    7. Зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін пациенттерге жеке палатаға орналастыра отырып, медициналық көмектің қажетті көлемі көрсетіледі. Медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсету кезінде ЖҚҚ пайдаланады.

    8. Қызметкерлер ЖҚҚ-ның жеткілікті санымен қамтамасыз етіледі.

    9. Медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелері бойынша қозғалысы шектеледі.

    10. Пациенттердің бөлімшелер арасында қозғалысына жол берілмейді.

    11. Пациенттерге адамдардың келуіне жол берілмейді.

    12. Медицина қызметкерлерінің (ЖҚҚ-ны кию, қолды антисептиктермен өңдеу) және пациенттердің (палатадан палатаға орын ауыстыруы) режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің жұмысын бейнебақылау қамтамасыз етіледі.

    13. Палаталардың толтырылу циклділігін сақтау қамтамасыз етіледі.

    14. Барлық үй-жайларды үнемі желдету қамтамасыз етіледі.

    15. Қажет болған жағдайда, пациенттерге арнайы мамандардың консультация беруі және оларды жүргізуі барынша қашықтықтан ұйымдастырылады.

    16. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті COVID-19-ды ықтимал жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарауы тиіс.

    17. Бөлімшенің жауапты медицина қызметкері бақылау журналына тіркей отырып, күн сайын сауалнама жүргізіп, дене температурасын күніне 2 рет өлшей отырып, медицина қызметкерлерін тұрақты медициналық бақылайды.

    18. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура көтерілген кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді, тез арада оқшауланады, COVID-19- ға зертханалық тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері болмаған кезде жұмысқа жіберіледі.

    19. Госпитальдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) медициналық ұйымда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет