Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


бөлім. Денсаулық сақтау ұйымдарын "лас" және "таза" аймақтарға бөлу схемалары



бет26/33
Дата13.09.2022
өлшемі215,52 Kb.
#149407
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
1 ghjrydbfgafds

бөлім. Денсаулық сақтау ұйымдарын "лас" және "таза" аймақтарға бөлу схемалары






Модульдік инфекциялық стационардың схемасы


COVID-19 ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік стационарларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


    1. Объект қажет болған жағдайда ықтимал байланысы бар адамдарды оқшаулау және бақылау үшін арнайы бейімделген оқшауланған үй-жайларда (санаторий, оңалту орталығы, жатақхана, қонақүй, балалар және спорт лагерлері) орналастырылады.

    2. Объект жеке тұрған ғимаратта, қала шегінде және тұрғын үй массивінен және стратегиялық ғимараттардан алыс орналастырылады.

    3. Карантиндік стационар байланыста болған адамдардың, келушілердің, көліктің, заттардың, өнімдердің және т.б. кіруін/шығуын қатаң бақылау үшін полиция нарядтары тәулік бойы күзетпен қамтамасыз етіледі. Полиция нарядтары жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіліп, соларда жұмысс істейді.

    4. Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, қоршаумен, жеке кірме жолдармен және өткізу пунктімен сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

    5. Кіру/шығу кезінде дезинфекциялық тосқауыл, аумақта - көлікті жуу және дезинфекциялау пункті ұйымдастырылады.

    6. Объектінің ғимараты табиғи желдетумен қамтамасыз етіледі.

    7. Автомашиналардың келу бағыты, ғимарат ішіндегі маршруттау, пациенттерді палаталар бойынша қарсы алу және орналастыру, болу тәртібі мен шарттары туралы ақпараттандыру пысықталады (ақпараттық парақтың нысаны қоса беріледі).

    8. Ғимаратқа кіреберісте COVID-19 күдігі бар адамдарды қабылдауға арналған жеке кабинет (холл), интернет пен телефон байланысын міндетті түрде қоса отырып, үстелдердің, орындықтардың, кушеткалардың, сканері бар компьютерлік техниканың болуы көзделеді.

    9. Палаталарда (бөлмелер) әрбір палатада (бөлмеде) 1-2 пациентке есептелген жеткілікті жарықтандыру, жақсы желдету, жылыту, санитариялық торап және ағынды суы бар раковина көзделеді, бұл ретте балаларға арналған ұйықтайтын орындар ( кереуеттердегі ернеулер) көзделеді.

    10. Стационарда:

      1. келетін заттарды санитариялық өңдеуге арналған жеке бөлме және зарарсыздандырылған заттарды сақтауға арналған жеке бөлме;

      2. консультациялық сипаттағы қоңыраулар қабылдауға арналған Call-орталығының байланыс құралдарымен жарақтандырылған болуы;

      3. әрбір палатада санитариялық тораптардың, сондай-ақ себезгі кабиналарының немесе ыстық және суық суы бар раковиналардың болуы;

      4. палаталарда (бөлмелерде) үлестіру ас үйі және тамақтандыру ұйымы бар асхана);

      5. қызметкерлердің - бейінді дәрігерлердің, мейіргерлердің, лаборанттардың, госпитальдық эпидемиологтардың, тіркеушілердің, психологтардың, әлеуметтік

қызметкерлердің, кіші медицина персоналының қажетті саны (50 - ге дейін обсервацияланатындар-1 дәрігер, 1 мейіргер, 2 санитар).

      1. жеке қорғану құралдары, дезинфекциялау құралдарының, жеке гигиена құралдарының (сабын, қағаз сүлгі), бір рет қолданылатын маскалардың, төсек-орын жабдықтарының жеткілікті саны;

      2. дәрілік заттардың және ММБ-ның жеткілікті қоры (спиртті қалта антисептиктері, градусниктер және т. б.);

      3. келушілердің сауалнамалық деректерін толтыруға арналған нысандар.

  1. Әрбір қызметкермен санитариялық-эпидемиологиялық, гигиеналық ережелерді сақтау бойынша, құпиялылықты сақтау, этика және деонтология бойынша нұсқаулық өткізіледі. Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес COVID-19 күдікті адамдарды бақылау және қадаағалап-қарау ерекшеліктері бойынша қызметкерлерге нұсқама беруді қамтамасыз ету.

  2. Келушілер тексеру жүргізуге, олардың санитариялық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауға, санитариялық және гигиеналық өңдеу үшін смартфондар мен жеке заттарды уақытша алуға арналған ақпараттық келісім парағымен қамтамасыз етіледі.

  3. Келушілердің жеке заттарын өңдеуді қамтамасыз ету бойынша жауапты қызметкер айқындалады.

  4. Келгендерді ауруханаға жатқызу кезінде тұрғылықты жері бойынша одан әрі амбулаториялық бақылау үшін БХТ бойынша сәйкестендіру жүргізіледі.

"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 9-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет