Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


тарау. Стоматологиялық клиниканы пациенттерді қабылдауға дайындау бойынша шаралар



бет29/33
Дата13.09.2022
өлшемі215,52 Kb.
#149407
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
1 ghjrydbfgafds

тарау. Стоматологиялық клиниканы пациенттерді қабылдауға дайындау бойынша шаралар


  1. Қолда бар ЖҚҚ - хирургиялық маскаларға, хирургиялық халаттарға, медициналық қолғаптарға, бетке арналған қорғаныш экрандарына, антисептиктерге және дезинфекциялау ерітінділеріне түгендеу жүргізіледі. Есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне, персоналдың саны мен пациенттерді 7-10 күн мерзімге қабылдау кестесіне қарай азаймайтын қорын қамтамасыз ету керек.

  2. Келушілердің ұстауы мүмкін және дезинфекциялау қиын/мүмкін болмайтын журналдар, жарнамалық материалдар, ойыншықтар және басқа да заттар күту аймағынан алынып тасталады.

  3. Холлдың, стоматологиялық кабинеттің көрнекті жерінде пациенттерге тыныс алу гигиенасы, жөтелу әдебі және әлеуметтік қашықтық бойынша нұсқау беру үшін ақпараттық материалдар орналастырылады. Осы материалдардың беті өңделеді.

  4. Стоматологиялық кабинеттердегі көрнекі орынға ЖҚҚ-ны кию, шешу, қолды жуу бойынша нұсқау беру үшін ақпараттық материалдарды басып шығару және орналастыру керек.

  5. Жұмыс режимі клиниканың ауқымы мен тұжырымдамасына байланысты.

Клиника/кабинет креслолардың санына байланысты жұмысты күту уақытында пациенттердің байланысын және араласуын болдырмайтындай етіп ұйымдастырады.
Егер стоматология үй-жайы бөлек кіруді ұйымдастыра алмаса және сүзгіні оқшаулай алмаса мыналар қамтамасыз етіледі:
- қызметкерлер штатын ең аз санға дейін қысқарту - клиника "бір пациент - бір дәрігер - бір ассистент" жабық клиника қағидаты бойынша жұмыс істейді;
- қабылдау уақытын, қабылдағаннан кейін кабинетті өңдеуді ескере отырып, пациенттер арасында тиісті аралық жасай отырып, жазба жүргізу - 20 минуттан кем емес, бұл атқарылған жұмыс көлемімен анықталады.
Көлемі үлкен клиникаларда, тіркеу орнында пациенттер арасындағы 2 метр қашықтықты қамтамасыз ету үшін 20-30 минут аралықпен пациенттердің өтуінің әтүрлі ағымдарын анықтау.

  1. Санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етіледі - персонал мен келушілерге арналған есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, жабдықтарды, үстелдерді, санитариялық тораптарды дезинфекциялық сулықтармен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту арқылы дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау.

  2. Кіреберістерде, барлық кабинеттер мен үй-жайларда: қолға арналған антисептиктері бар дозаторлар орнатылады, санитариялық бөлмелер сұйық сабыны бар дозаторлармен, бір рет қолданылатын қағаз сулықтармен, пайдаланылған маскалар мен сулықтарды жинауға арналған педальмен жабдықталған қоқыс жәшіктерімен жабдықталады. Санитариялық тораптарда және тіркеу орнында қолданылған маскаларға арналған медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинау және кәдеге жарату контейнерлерін (ҚБСУ) орнатылады.

  3. Үй-жайларды кварцтау:

әрбір пациентті қабылдағаннан кейін кемінде 30 минут экспозициямен барлық үй-жайларда бактерицидті шамдар пайдалану, тұрақты жұмыс режимі бар рециркуляторларды пайдаланылады;
жұмыс күні аяқталғаннан кейін тіркеу орнының үй-жайларын, холлды, санитариялық торапты кейіннен кемінде 15 минут желдете отырып кварцтау жүргізіледі.

  1. Үй-жайды өңдеу кезінде дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерінің шоғырлануын вирустық режим бойынша ең жоғары шамаға дейін (нұсқаулыққа сәйкес) арттыру жүргізіледі. Бұл іс-шаралар осы Ереженің VI бөлімінде жазылған.

  2. Қабылдауды ұйымдастыру кезінде үй-жайларды аймақтарға бөлу.

Қабылдауды ұйымдастыру кезінде үш және одан да көп креслолардың бір мезгілде жұмыс істеуі кезінде "лас" және "таза" аймаққа шартты аймаққа бөлу қамтамасыз етіледі.
"Лас" аймаққа үй-жайлардың кіру тобы жатады (тіркеу орны, холл). "Таза" аймаққа қалған барлық үй-жайлар жатады.
"Таза" аймақтың құрамында персоналдың киімін ауыстыруға арналған шешінетін орын, ЖҚҚ беретін бөлме көзделеді.

  1. Бір рет қолданылатын ЖҚҚ-ны шешу орны ЖҚҚ-ны жинауға арналған арнайы жабық контейнерлер болған кезде қабылдау аяқталғаннан кейін оны өңдеу және кварцтау сәтіне дейін кабинет болуы мүмкін.

Жұмыс күнінің соңында барлық бір рет қолданылатын арнайы киімдер кәдеге жаратуға тапсырылады. Бірнеше рет қолданылатын арнайы киімдер COVID-19-ға қатысты белсенді дезинфекциялық ерітінділермен аэрозольдық өңдеуге жатады және арнайы киімдерді сақтауға арналған шкафқа салынады. Медицина персоналының арнайы киімі аптасына екі рет дезинфекциялық ерітіндіге малынады және жуылады, әрбір 3 күн сайын арнайы киімдер ауыстырылады.

  1. Клиникада жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін жауапты қызметкерді тағайындалады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет