Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік стационарларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет27/33
Дата13.09.2022
өлшемі215,52 Kb.
#149407
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Байланысты:
1 ghjrydbfgafds

Инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік стационарларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


  1. Объекті оқшауланған үй-жайларда (санаторий, оңалту орталығы, жатақхана, қонақ үй, балалар және спорт лагерьлері және т.б.), ықтимал байланыста болған адамдарды оқшаулау және бақылау үшін арнайы бейімделген үй-жайларда орналастырылады.

  2. Объект жеке тұрған ғимаратта, қала шегінде және тұрғын үй алабы мен стратегиялық ғимараттардан алшақ орналасады.

  3. Карантиндік стационар байланыста болған адамдарды, келушілерді, көлікті, заттарды, өнімдерді және т. б. кіргізуді/шығаруды қатаң бақылау үшін полицей

нарядтарының тәулік бойы күзетімен қамтамасыз етіледі. Полицей нарядтары жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі және жұмыс істейді.

  1. Объект санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, қоршаумен, жекелеген кірме жолдармен және өткізу пунктімен сәйкес болады.

  2. Кіретін/шығатын жерде дезинфекциялық кедергі, аумақта көлікті жуу және дезинфекциялау пункті ұйымдастырылады.

  3. Объекті ғимаратының табиғи желдеткіші болады.

  4. Автомашиналардың кіруі бағытын, ғимарат ішінде маршруттауды, пациенттерді қарсы алуды және палаталарға орналастыруды пысықтау, күн тәртібі мен болу шарттары (ақпараттық парақтың нысаны қоса беріледі) туралы ақпараттандыру пысықталады.

  5. Ғимаратқа кіреберісте үстелдер, орындықтар, кушеткалар, сканерімен компьютерлік ұйымдастыру техникасы бар, міндетті түрде интернет пен телефон байланысы қосылған, COVID-19-ға күдікті адамдарды қабылдауға арналған жеке кабинет (холл) бөлінеді.

  6. Палаталар (бөлмелер) жарықтандырылған, жақсы желдетілетін, жылы, 1 пациентке есептелген, жатын орны, әр палатада (бөлмеде) санитариялық торап пен ағынды суымен раковинасы бар болады, бұл ретте балаларға арналған жатын орындар ( төсектегі ернеулер) қарастырылады.

  7. Мыналар:

    1. келушілердің заттарын санитариялық өңдеуге арналған жеке бөлме және зарарсыздандырылған заттарды сақтауға арналған жеке бөлме;

    2. консультативтік сипаттағы қоңырауларды қабылдау үшін байланыс құралдарымен жабдықталған Call-орталықтың болуы;

    3. әрбір палатада санитариялық тораптардың, сондай-ақ себезгі кабиналарының немесе ыстық және салқын суы бар раковиналардың болуы;

    4. тарату асүйі бар асхананың болуы және тамақтануды палаталарда ұйымдастыру;

    5. қызметкерлердің - бейінді дәрігерлердің, мейіргерлердің, зертханашылардың, госпиталь эпидемиологтарының, тіркеушілердің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің, кіші медицина персоналының (50-ге дейінгі обервациялық - 1 дәрігер

, 1 мейіргер, 2 санитар) қажетті саны;

    1. жеке қорғаныш құралдарының, дезинфекциялау құралдары, жеке гигиена құралдары (сабын, қағаз сүлгілер), бір рет қолданылатын маскалар, төсек-орынның жеткілікті мөлшері;

    2. дәрілік заттар мен ММБ-ның (спирттік қалта антисептиктері, градусниктер және т.б.) қажетті қоры;

    3. келушілердің сауалнамалық деректерін толтыруға арналған нысандар көзделеді.

  1. Санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды, гигиенаны, құпиялылықты, әдепті және деонтологияны сақтау бойынша әр қызметкермен нұсқаулық жүргізу.

Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес COVID-19-ға күдікті адамдарды бақылау және жүргізу ерекшеліктері бойынша қызметкерлерге нұсқама беруді қамтамасыз ету керек.

  1. Келушілерді тексеруді жүргізуге, олардың санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды сақтауына, смартфондар мен жеке заттарын санитариялық және гигиеналық өңдеуге уақытша алуға келісім беретін ақпараттық парақпен қамтамасыз ету керек.

  2. Келушілердің жеке заттарын өңдеуді қамтамасыз ету бойынша жауапты қызметкерді анықтау керек.

  3. Келушілерді емдеуге жатқызу кезінде тұрғылықты жері бойынша одан әрі амбулаториялық бақылау үшін БХТ бойынша сәйкестендіру жүзеге асырылады.

"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 10-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет