Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде стоматологиялық клиникалардың қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
тарау. Cтоматологиялық көмек көрсетудің басталуына стоматолог-дәрігерді, медицина және медициналық емес персоналдыдаярлау Ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен COVID-19 бойынша карантин уақытында профлактикалық іс-шаралардың сақталуына жауапты адам айқындалады.
Клиниканың қызметкерлері COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын қолдану алгоритмі жөнінде нұсқау жүргізеді.
Бақылау журналына тіркей отырып, клиника қызметкерлеріне күніне 2 рет температурасын өлшеу, күнделікті сұрау, қарап-тексеру және арқылы тұрақты медициналық бақылау орнатылады.
) белгілері бар персонал жұмысқа жіберілмейді.
Клиникадан тыс жұқтыруға қатысты барынша профилактикалық шараларды сақтауға қатысты қызметкерлерді мұқият бақылайды.
тарау. Стоматологиялық көмек көрсетілгенге дейін пациенттерді сұрыптау жөніндегі іс-шаралар
Респираторлық инфекция және/немесе пневмония белгілері бар кез келген пациент ықтимал инфекция жұқтырған адамдар, яғни COVID-19 инфекциясының көзі ретінде түсіндірілуі тиіс.
Қабылдауға алдын ала жазылу тек телефон арқылы жүргізіледі, оның барысында мұқият сұрау жүргізіледі. Әрбір пациентке клиникаға келген кезде пациент қол қоятын сауалнама толтырылады. Сауалнаманы пациенттің медициналық картасына желімдейді немесе электрондық медициналық картаны жүргізген кезде клиниканың тіркеу орнында сақтау керек.
Тіркеуші/әкімші қабылдауға жазу кезінде пациентке респираторлық инфекция және/немесе пневмония белгілері болған жағдайда жедел жәрдемге жүгіну қажет екенін ескертеді және стоматологиялық клиника COVID-19-дың таралуының профилактикасы үшін қабылдауды тоқтатуға құқылы.
Шұғыл немесе жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету үшін пациенттер клиникаға бару кезінде жанаспайтын термометрия және сауалнамаға сәйкес пациенттің жалпы жағдайын бағалау жүргізіледі.
Пациентті қабылдауға жазу кезінде пациентті қабылдауға дейінгі және одан кейінгі кабинетті өңдеу уақытын және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ) ауыстыруды міндетті түрде ескеру қажет.
Пациентке, мысалы, кәмелетке толмаған 18 жасқа дейінгі балаларға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, егде жастағы пациенттерге көмек қажет болған жағдайларды қоспағанда, күтулер мен стоматологиялық кабинеттің үй-жайларда еріп жүретін адамдардың болуына тыйым салынатыны туралы пациенттерге ескертіледі.
Егер стоматологиялық ем алатын пациенттерге еріп жүретін адамына рұқсат етілген жағдайда, олар пациентті тіркеу уақытында COVID-19 белгілері мен симптомдарына тексерілуі тиіс және егер кез келген респираторлық симптомдары немесе COVID-19 симптомдары (қызба, жөтел, ентігу, тамақтың ауруы) болса, клиникаға кірмейді. Осы қосымшаға сауалнама еріп жүретін адамға да толтырылады.
Пациенттің стоматологиялық кабинетке кіруі бахилада және медициналық маскада жүзеге асырылады. Егер пациентте медициналық маска болмаса, оған кіреберісте медициналық маска беріледі, сондай-ақ кіреберісте пациент қолын антисептикпен өңдейді.
Респираторлық инфекция және/немесе пневмония белгілері бар пациентке стоматологиялық көмек көрсету кезінде пациентке және ұйымның қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша COVID-19-ға тексеріледі. Респираторлық инфекция және/ немесе пневмония белгілері бар пациентті қабылдау тоқтатылады.