Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


тарау. СОVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық және провизорлық стационарлардың медицина қызметкерлерінің карантин жағдайларында тұру жағдайы (үйден тыс жерде тұрған кезде)



бет23/33
Дата13.09.2022
өлшемі215,52 Kb.
#149407
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
1 ghjrydbfgafds

тарау. СОVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық және провизорлық стационарлардың медицина қызметкерлерінің карантин жағдайларында тұру жағдайы (үйден тыс жерде тұрған кезде)





  1. Медицина қызметкерлерінің тұруы үшін мынадай жағдайлар қамтамасыз етіледі

:
әртүрлі медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлерін бөлек орналастыру
және тамақтандыру (әртүрлі үй-жайларда, олардың қарым-қатынас мүмкіндігін болдырмай);
бір медициналық ұйымның әртүрлі бөлімшелерінің қызметкерлерін үй-жайларда бөлек орналастыру және тамақтандыру;
медицина қызметкерлері үшін тұратын жерінен жұмысқа дейін және кері бағытта әрбір медициналық ұйым үшін көлікті қамтамасыз ету, кейіннен көлікті дезинфекциялау;
үйден тыс тұратын инфекциялық және провизорлық стационарлар қызметкерлерінің COVID-19 таралуының алдын алуға бағытталған орналастыру, тамақтану жағдайларын және басқа да іс-шараларды орындауын бақылауды қамтамасыз ету.

  1. Қашықтықтан консультация беру мүмкіндігі үшін медицина қызметкерлерінің тұратын жерлерінде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.
  1. бөлім. Пациенттерді шұғыл көрсетілімдері бойынша, оның ішінде COVID-19- ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттерді емдеуге жатқызу үшін айқындалған көпбейінді стационарларды (көпбейінді ауруханалар, балалар ауруханалары, аудандық орталық ауруханалар, босандыру ұйымдары - бұдан әрі - медициналық ұйымдар) аймаққа бөлу және жұмыс режимі


  1. Пациенттерді шұғыл көрсетілімдері бойынша, оның ішінде COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттерді емдеуге жатқызу үшін айқындалған көпбейінді стационарларды аймаққа бөлу, жұмыс режимі осы қосымшаның 1-бөліміне сәйкес инфекциялық және провизорлық стационарларға қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

  2. Пациенттердің бөлімшелер бойынша және бөлімше ішінде жүріп-тұруына жол берілмейді. Пациенттердің бөлімшеден немесе бөлімше ішінде шығуы қажет болған жағдайда, масканы пайдалану міндетті.

  3. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған жағдайда пациент инфекциялық стационарға ауыстырылады.

  4. Пациенттің эпидемиологиялық мәртебесі белгіленгенге дейін шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге тартылған барлық персонал ЖҚҚ-ны пайдаланады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет