Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Гемодиализге арналған судың эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіздігі



бет21/33
Дата13.09.2022
өлшемі215,52 Kb.
#149407
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
1 ghjrydbfgafds

Гемодиализге арналған судың эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіздігі




Көрсеткіштің атауы

Көрсеткіштің мәні

Сынау әдісі

Жалпы микробтық сан, КОЭ/см3, кем

100

ГОСТ 31942 бойынша

Орташа микробтық сан, КОЭ/см3, кем

50

ISO 13959-2014 бойынша

Эндотоксиндер құрамы, ЕЭ/см3, кем

0,25

5.2 бойынша

"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 7-қосымша


Гемодиализге арналған судың физикалық-химиялық көрсеткіштері





Көрсеткіштің атауы

Көрсеткіштің мәні

Сынау әдісі

Меншікті электр өткізгіші, мкСм/cм, артық емес

5,0

ГОСТ 6709 бойынша

Алюминийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0100

ГОСТ 31870 бойынша

Сүрменің массалық шоғырлануы, мг/дм, артық емес

0,0060

ГОСТ 31870 бойынша

Күшәннің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0050

ГОСТ 31870 бойынша

Барийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,1000

ГОСТ 31870 бойынша

Бериллийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0004

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 18294
бойынша

Кадмийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0010

ГОСТ 31870 бойынша

Кальцийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

2,0

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 23268.5
бойынша

Хлораминнің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,1000

ГОСТ 18190 бойынша

Хромның массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0140

ГОСТ 31870 бойынша

Жездің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,1000

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 4388
бойынша

Цианидтердің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0200

ГОСТ 4386 бойынша

Фторидтердің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,2000

ГОСТ 4386 бойынша

Бос қалдықты хлордың массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,5000

ГОСТ 18190 бойынша

Қорғасынның массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0050

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 18293
бойынша

Магнийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

2,0

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 23268.5
бойынша

Сынаптың массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0002

ГОСТ 31950 бойынша

Нитраттардың массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

2,000

ГОСТ 33045 бойынша

Калийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

2,0

ГОСТ 23268.7 немесе ГОСТ 31870
бойынша

Селеннің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0900

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 19413
бойынша

Күмістің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0050

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 18293
бойынша

Натрийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

50

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 23268.6
бойынша

Сульфаттардың массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

100

ГОСТ 4389 бойынша

Қалайының массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,1000

ГОСТ 31870 бойынша










Мырыштың массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,1000

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 18293
бойынша

"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 8-қосымша


Аймаққа бөлуге және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялау режиміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


1-бөлім. Аймаққа бөлу және инфекциялық және провизорлық стационарлардың жұмыс режимі
  1. тарау. Инфекциялық және провизорлық стационарларда инфекциялық қауіптілікті ескере отырып, "лас" және "таза" аймақтарға бөлу


    1. Инфекциялық және провизорлық стационарларда стационарды "таза" және "лас" аймақтарға қатаң бөлу қамтамасыз етіледі.

    2. "Таза" аймаққа мыналар жатады:

  1. медицина қызметкерлеріне арналған кіреберіс, сыртқы киімге арналған гардероб, кіретін жерде "лас" аймаққа дейінгі және шығатын жерде "лас" аймақтан кейінгі санитариялық өткізгіш, осы блоктардағы қосалқы үй-жайлар;

  2. ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары. Бұл ретте оларға кіретін жер жеке қорғану құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ) шешуге арналған шлюз және душ арқылы жүзеге асырылады;

  3. әкімшілік кабинеттері және басқа да әкімшілік үй-жайлар;

  4. көшеден кіретін жері бар және "лас" аймақтың ішінде шығатын жер жоқ техникалық үй-жайлар;

    1. "Лас" аймаққа осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, стационардың қалған барлық үй-жайлары жатады.

    2. Сан өткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалану:

  1. ауысымға кіретін жерде "таза" аймақтан "лас" аймаққа;

  2. ауысымнан шығатын жерде "лас" аймақтан "таза" аймаққа қамтамасыз ету қажет.

  3. бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс.

  4. "таза" аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, сан. торап болуы тиіс.




  1. "лас" аймақта ЖҚҚ-ны шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары және сан.тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.

    1. Бөлімшенің "лас" аймағынан персоналдың демалу және жұмыс істеу ( құжаттармен, компьютермен жұмыс істеу) үй-жайларын алып тастау қажет.

    2. Медициналық ақпараттық жүйелердегі жұмыс, кәсіби мәселелерді талқылау, құжаттармен жұмыс істеу, демалу, тамақтану және сусындар ішу және т. б. тек осы қосымшаға 2-тармақта көрсетілген "таза" үй-жайларда ғана жүргізіледі.

Аталған "таза" үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс.

    1. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және онда болуына үзілді-кесілді тыйым салынады.

    2. Персонал "таза" және "лас" аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.

    3. Лас аймақтағы персонал 3 сағаттан артық емес үздіксіз жұмыс істеуі тиіс, кейіннен таза аймаққа шығу және қажет болған жағдайда жұмыс ауысымы ішінде лас аймаққа қайта кіреді.

    4. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз "лас" аймақтарға жіберілмейді.

    5. Тікелей бөлімшеде "таза" және "лас" аймақтарды құру мүмкіндігі болмаған жағдайда:

  1. инфекциялық стационарда бір бөлімшені персоналға арналған "таза" аймақ ретінде қайта бейіндеу;

  2. "таза" аймаққа кіре берісте "таза" және "лас" ағымдарға бөле отырып, санитариялық өткізгіш ұйымдастырылады;

  3. қабылдау бөлімшесін қоса алғанда, әртүрлі бөлімшелердің персоналы арасындағы байланысты азайту мақсатында медицина қызметкерлері "таза" аймақта кесте бойынша болады; бұл ретте "таза" аймақтың үй-жайларын бекіту бөлімшелер арасында бөлінеді;

  4. "лас" аймақтың бөлімшелерінде персоналға арналған үй-жай пациенттер палатасы ретінде қайта бейінделеді.

    1. "Лас" аймақтар жұмыс ауысымы кезеңінде медицина қызметкерлері үшін ішкі байланыспен (рация, ішкі телефон) қамтамасыз етіледі.

    2. "Лас" аймақта мобильді телефондарды, қол сағаттарын, әшекейлерді және басқа да жеке заттарды пайдалануға жол берілмейді.

    3. Провизорлық және инфекциялық стационарларда белгілерді және навигациялық көрсеткіштерді визуализациялау жүйесінің болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте тану белгілерімен "таза" және "лас" аймақтар анық көрсетіледі.

    4. Жұмыс ауысымы кезінде медицина қызметкерлерін тек "таза" аймақта тамақтандыруға жол беріледі.

    5. Госпитальдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет