Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


тарау. Денсаулық сақтау объектілерінде тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет17/33
Дата13.09.2022
өлшемі215,52 Kb.
#149407
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Байланысты:
1 ghjrydbfgafds

тарау. Денсаулық сақтау объектілерінде тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


    1. Ас блогының және жабдықтардың құрылғысы, оны күтіп-ұстау, шикізатқа және дайын өнімдерге қойылатын талаптар нормалау құжаттарына сәйкес көзделеді.

    2. Күн сайын ас блогында дайындалған тағамдардың тәуліктік сынамасы қалдырылады.

Тәуліктік сынама үшін бірінші тағамдардың жарты порциясы қалдырылады, порциялы екінші тағамдар кемінде 100 грамм (бұдан әрі - гр) мөлшерінде толығымен алынады, үшінші тағамдар кемінде 200 гр мөлшерінде алынады.
Тәуліктік сынамалар (1, 2, 3 тағамдар) дайын тамақты сақтауға арналған тоңазытқышта арнайы бөлінген орында +2о - +6оС температурасы кезінде қақпақтары жабылған таңбаланған банкаларда сақталады. 24 сағат өткеннен кейін тәуліктік сынама тамақ қалдықтарына тасталады. Тәуліктік сынаманы сақтауға арналған ыдыс ( сыйымдылықтар, қақпақтар) бес минут бойы қайната отырып өңделеді.

    1. Дайын тамақты аурухананың буфет бөлімшелеріне жеткізу үшін таңбаланған ( тамақ өнімдеріне арналған) термостар немесе қақпақтары жабылатын ыдыс пайдаланылады. Тасымалдау арнайы арбалардың көмегімен жүзеге асырылады.

    2. Дайын тамақты таратуды буфетшілер және "тағам таратуға арналған" деп таңбаланған халаттарда бөлімшенің кезекші мейіргері жүргізеді.

Бөлімшенің палаталарын және басқа да үй-жайларын жинаумен айналысатын техникалық персоналдың тамақ таратуына жол берілмейді.

    1. Тамақты таратуды бақылауды тағайындалған диетаға сәйкес аға мейіргер жүзеге асырады.

    2. Тарату кезінде бірінші тағамдар мен ыстық сусындарда температура +75оС, екіншілерде +65оС төмен емес, салқын тағамдар мен сусындарда +7-ден 14оС дейiн болады. Тарататын кезге дейін бірінші және екінші тағамдар дайындалған кезден бастап eкi сағатқа дейін ыстық плитада тұрады.

    3. Буфет бөлімшелерінде:

  1. тамақ таратуға және ыдыс жууға арналған екі үй-жай;

  2. жуу ванналарына су өткізілген резервтік су ысытқыштар көзделеді.

    1. Ыдысты өңдеуді мынадай бірізділікпен жүргізеді: тамақты механикалық түрде алып тастау және бірінші жуғышта майсыздандыру құралдарымен жуу, екінші жуғышта ыстық сумен шаю және ыдысты арнайы сөрелерде, торларда кептіру.

    2. Инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы ұйымдардың ( бөлімшелердің) буфеттерінде, эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша басқа бейіндегі бөлімшелерде:

  1. ыдысты тамақ ішкеннен кейін буфеттерде бөлек үстелде жинайды, ішіндегі тамақтың қалдықтарын төгеді, зарарсыздандырады, жуады және кептіреді. Зарарсыздандыру химиялық (дезинфекциялау құралдары ерітіндісімен, оның ішінде ыдыс жуатын машинада) немесе термиялық (қайнату, ауа стерилизаторында өңдеу) тәсілмен жүргізіледі;

  2. тамақ қалдықтарын қақпағы бар арнайы таңбаланған бакқа тастайды және бестен бір арақатынасында (экспозициясы бір сағат) құрғақ дезинфекциялық құралды себу тәсілімен тиісті инфекцияға арналған режим бойынша зарарсыздандырады. Пайдаланылған ыдысқа арналған үстел, щеткалар, ысқыштар әрбір қолданыстан кейін

дезинфекцияланады. Үстелдер мен ыдысты жууға арналған шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге батыру арқылы зарарсыздандырады, шаяды және кептіреді.

    1. Науқастарға арналған сәлемдемелер науқастың тегі мен аты, сәлемдеменің берілген күні мен уақыты көрсетіле отырып целлофан пакеттерде беріледі. Сәлемдемелерді қабылдау орындарында және бөлімшелерде рұқсат етілген (олардың саны көрсетіле отырып) тағамдардың және тұтынуға дайын тамақ өнімдерінің тізімдері iлiнеді.

    2. Балаларға арналған құрғақ сүт қоспаларының қаптамасы ашылғаннан кейін ашылу күні және уақыты көрсетіле отырып таңбаланады және қаптамасында көрсетілген "қаптамасын ашқаннан кейін сақтау" жағдайында және мерзімінде сақталады. Қоспаларды араластыру стерильді ыдыс қолданыла отырып жүзеге асырылады. Дайын сүт қоспалары дайындаушының құжаттарына сәйкес тасымалданады, қолданылады, сақталады және таратылып беріледі.

    3. Денсаулық сақтау объектілерінде белгіленген нормалар мен қағидалар сақталған жағдайда тиісті ұйымдармен шарттық негізде науқастарды ыстық тамақтанумен қамтамасыз етуге жол беріледі.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет