Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


параграф. Патологиялық-анатомиялық ұйымдарды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет15/33
Дата13.09.2022
өлшемі215,52 Kb.
#149407
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
1 ghjrydbfgafds

параграф. Патологиялық-анатомиялық ұйымдарды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


    1. Мәйіттерді сақтауға арналған үй-жай +2оС - +4оС температураны қамтамасыз ететін тоңазытқыш қондырғыларымен, мәйіттерді тасымалдауға арналған механикаландырылған құралдармен, стеллаждармен, сөрелермен немесе арнайы сейфтермен жабдықталады. Мәйіттер еденде сақталмайды.

    2. Секциялық үстелдерге суық және ыстық су жүргізіледі. Секциялық үстел сарқынды суларды жинауға және су бұру жүйесіне төгу алдында зарарсыздандыруға арналған сыйымдылықпен жабдықталады. Секциялық үстелдегі жұмыс орны ағаш тормен жабдықталады.

Секциялық үстелдер, каталкалар, зембілдер және мәйіттерді тасымалдауға арналған басқа да құрал-жабдықтар жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді су өткізбейтін материалмен қапталады.
Еден күн сайын жуу құралдарымен ыстық сумен жуылады. Қабырға панелдері, есіктері ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жуылады.

    1. Айына бір реттен сиретпей және инфекциялық аурулардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін сойғаннан кейін үй-жайларда жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып күрделі жинау жүргізіледі.

    2. Секциялық материалмен жұмыс ЖҚҚ-ны (халат, қолғаптар, алжапқыштар, көзілдірік) пайдалана отырып жүргізіледі. Туберкулезді жоққа шығармайтын жағдайларда қорғаныш дәрежесі жоғары бетперделер, респираторлар пайдаланылады.
  1. тарау. Денсаулық сақтау объектілерінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


    1. Ауруханаішілік инфекциялық аурулардың (бұдан әрі - АІИА) алдын алу бжөніндегі іс-шараларды тиімді ұйымдастыру және жүргізу үшін денсаулық сақтау объектісінде инфекциялық бақылау бағдарламасы әзірленеді, ол:

  1. аурухана ішілік инфекцияларды есепке алуды және тіркеуді;

  2. сырқаттанушылықты талдауды, тәуекел факторларын анықтауды, АІИА өршулерін тергеп-тексеруді және оларды жою бойынша шаралар қабылдауды;

  3. микробиологиялық мониторингті ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

  4. антибиотик профилактикасы мен антибиотик терапиясы тәсілдерін әзірлеуді;

  5. кәсіби аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды;

  6. персоналды инфекциялық бақылау мәселелері бойынша оқытуды;

  7. санитариялық-эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыруды және бақылауды;

  8. медициналық қалдықтарды жинауды, залалсыздандыруды, сақтауды және тасымалдауды ұйымдастыруды көздейді.

    1. Инфекциялық емес бейіндегі денсаулық сақтау объектілерінде пациентте айналасындағылар үшін эпидемиологиялық қауіп төндіретін инфекциялық ауру анықталған жағдайда ол изоляторға ауыстырылады. Изолятор болмаған жағдайда инфекциялық аурулармен ауыратын пациенттер тиісті инфекциялық ауруханаға ауыстырылады.

    2. Стационарлық емдеуге келіп түсетін пациенттер қозғалысының ағымы қабылдау бөлімшесінен емдеуге жатқызу бейіні бөлімшесіне жоспарлы және шұғыл тәртіппен көзделеді. Шұғыл тәртіппен (клиникалық көрсетімдері бойынша) қабылдау бөлімшесіне соқпай, операциялық, анестезиология және реанимация бөлімшесіне, босандыру залына науқастардың қозғалуына жол беріледі.

"Лас" және "таза" ағындардың, науқастарды, келушілерді тасымалдаудың, науқастарға тамақты жеткізудің қиылысуын болдырмау үшін лифтілерді "шартты таза" және "шартты лас" деп айқындау керек.

    1. Қабылдау бөлімшесінде келіп түсетін науқастардың жұтқыншағын қарау, температурасын өлшеу, сырқатнамасына белгі қоя отырып, педикулезге, қышымаға, дерматомикозға тексеріп-қарау жүргізіледі. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша биологиялық материал алу жүргізіледі.

    2. Инфекциялық ауруға күдіктену кезінде пациентті инфекциялық аурулар бөлімшесіне (ауруханаға) ауыстырғанға дейін қабылдау бөлімшесінің жанындағы диагностикалық палатаға оқшаулайды.

    3. Іріңді-септикалық инфекциялармен ауыратын пациенттерді іріңді хирургия бөлімшесіне, ал ол болмаған кезде жеке палатаға оқшаулайды.

    4. Науқастар стационарға келіп түскен кезде санитариялық өңдеуден өтеді және таза іш киімдер, пижама, аяқ киім жиынтығы беріледі. Туберкулезге қарсы ұйымдарда емделіп жатқан науқастарды қоспағанда, стационарда науқастардың үй киімімен жүруіне жол беріледі.

    5. Палаталарда төсектер қатаң түрде қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес белгіленген ауданға сәйкес қойылады.

    6. Науқастарды емдеуге жатқызу кезінде палаталарды (күнтізбелік үш күн ішінде) толтыру циклын сақтау қамтамасыз етіледі.

    7. Денсаулық сақтау объектілеріндегі төсектерді эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша қайта бейіндеу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі.

    8. Гирудотерапия кабинеттерінде сүліктер бір рет пайдаланылады, қайтадан пайдалануға жол берілмейді. Сүліктер қолданылғаннан кейін қабылданған "Б" сыныпты медициналық қалдықтармен жұмыс істеу схемасына сәйкес кәдеге жаратылады.

    9. Тері және сілемейлі жабындардың бүтіндігін бұзумен байланысты барлық медициналық манипуляциялар бір рет пайдаланылатын қолғаптармен жүргізіледі.

    10. Медицина персоналы қолды өңдеудің барлық кезеңдерін сақтай отырып, әр медициналық манипуляцияны өткізу алдында және одан кейін қолдарын өңдейді.

    11. Денсаулық сақтау объектілерінің функционалдық мақсатына және олардың тазалық сыныбына байланысты үй-жайлардағы ауа ортасының бактериялық тұқымдалуының рұқсат етілген деңгейлері осы Санитариялық қағидаларға 3- қосымшада белгіленген параметрлермен айқындалады.

    12. Денсаулық сақтау объектілеріндегі ерекше тәртіп бойынша тексерулер кезінде жүргізілетін зертханалық-құрал-саймандық өлшеулер осы Санитариялық қағидаларға 4

-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

    1. Өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру нормалау құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

    2. Денсаулық сақтау объектілерінде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шаралары нормалау құжаттарына сәйкес жүйелі түрде ұйымдастырылады және жүргізіледі.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет