"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары



бет3/19
Дата11.05.2020
өлшемі51,34 Kb.
#67157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
кима 6
кима 10, кима 10, кима 10
4-тарау. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларын жарықтандыруға, желдетуге және ауасын баптауға, жылумен жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      23. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.03.2020 № ҚР ДСМ-14/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Денсаулық сақтау объектілері үй-жайларын табиғи және жасанды жарықтандыру осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес параметрлермен айқындалады.

      25. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларындағы микроклиматтың және ауа ортасының оңтайлы жағдайлары желдету, ауа баптау және жылыту жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Сору-сыртқа тарту желдеткіш жүйелері тазалық сыныбына сәйкес үй-жайлар топтарына қызмет көрсетеді.

      26. Ауысымына 150 және одан астам келушіге есептелген стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілетін денсаулық сақтау объектілерінің ғимараттарын механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарту желдеткіш жүйелерімен жабдықтау керек.

      Ауысымына 150 келушіден кем объектілер үшін асептикалық үй-жайларда бактерицидті сүзгілері бар ауаны баптау аспаптарын орнату көзделеді.

      Инфекциялық, оның ішінде туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде), әрбір бокс пен жартылай бокстың палаталы секцияларында гравитациялық іске қосылатын желдетудің жеке сыртқа тарту жүйесі орнатылады. Инфекциялық бөлімшелерде механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарту желдеткіші болмаған жағдайда әрбір бокс пен жартылай бокс адамдар болған кезде пайдалануға мүмкіндік беретін бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен жарақтала отырып, табиғи желдеткішпен жабдықталады.

      Операциялық үй-жайлардан басқа барлық үй-жайларда механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарту желдеткішінен басқа табиғи желдеткіш көзделеді.

      27. Операциялық, наркоз беретін, босандыру бөлмесіне, реанимация, операциядан кейінгі палаталарға, қарқынды терапия палаталарына, тері күйігі бар науқастарға және иммунитет тапшылығы бар онкогематологиялық науқастарға арналған палаталарға берілетін ауа тазалау дәрежесі жоғары бактерицидті ауа сүзгілерінің көмегімен зарарсыздандырылады (кемінде 95%). Операциялық, қарқынды терапия, реанимация, босандыру палаталарында, емшара бөлмелерінде, зертханаларда, медициналық жабдықты пайдалану ауаға зиянды заттарды бөлумен қоса жүретін үй-жайларда жергілікті сорғы құрылғысы немесе сыртқа тарту шкафын орнату көзделеді.

      28. Ауа алмасу жиілігі белгіленген тазалықты қамтамасыз ету есебіне және ауаның газ құрамын ұстап тұруға қарай таңдалады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%-дан аспайды, ауа қозғалысының жылдамдығы секундына 0,15 метрден аспайды.

      29. Ауа өткізгіштер, торлар, желдеткіш камералары таза күйінде ұсталады, механикалық зақымдары, тотығу іздері, герметикалығының бұзылуы болмайды. Сору-сыртқа тарту желдеткішінің (ауа баптаудың) ауа өткізгіштерінің ішкі беті үй-жайға ауа өткізгіш материалының, қорғаныш жабынының бөлшектерін шығаруды болдырмайды және сіңіру қасиеттері жоқ материалдардан жасалады.

      30. Желдеткіш жүйесінің жабдығы сыртқа тарту және сору жүйелері үшін бөлек үй-жайларда орналастырылады.

      Шу мен дірілді оқшаулау жөніндегі іс-шаралар орындалған жағдайда жұмыс кабинеттерін, операциялық бөлімдерді, палаталарды, адамдар үнемі болатын үй-жайларды желдеткіш жүйесінің техникалық үй-жайларына тігінен және көлденеңінен жапсарлас орналастыруға жол беріледі.

      31. Үй-жайларда бір рет ауа алмасуы бар сыртқа тарту желдеткіші, екі рет ауа алмасуы бар сору желдеткіші орнатылады.

      32. Асептикалық үй-жайларда ауа өткізгіштерді, құбырларды, арматураны жасырын өткізу жүзеге асырылады.

      33. Қуаты ауысымына 150 және одан астам келушіге стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде себезгілер, дәретханалар, санитариялық бөлмелер, лас киім-кешекке арналған, қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайлар және дезинфекциялау құралдарына арналған қоймаларда ұйымдастырылған ағын құрылғысынсыз механикалық іске қосылатын сыртқа тарту желдеткіші жабдықталады.

      34. Туберкулезге қарсы ұйымдарда (бөлімшелерде):

      1) желдету жүйесі палаталарда сағатына кемінде алты еселік ауа алмасуды және аэрозоль құрайтын емшараларды орындауға арналған үй-жайларда (қақырық жинау бөлмесі, бронхоскопия) иіс тұрып қалған аймақтардың пайда болуын болдырмай, он екі еселік ауа алмасуды қамтамасыз етеді;

      2) роторлық немесе пластиналық түрдегі рекуператорларды пайдалануға жол берілмейді;

      3) қауіптілігі жоғары аймақтарға және 1-2-сыныптағы биологиялық қауіпсіздік шкафтарына қызмет көрсететін сыртқа тарту қондырғылары НЕРА-сүзгілерді немесе қарқындылығы жеткілікті бактерицидті ультракүлгін сәулелеуді қолдану арқылы ауаны зарарсыздандыруға арналған құрылғылармен жабдықталады;

      4) қабатаралық желілерді бір тік коллектормен біріктіруге жол берілмейді;

      5) ауаны беруге және шығаруға арналған жабдықтар қарама-қарсы қабырғаларда орналастырылады;

      6) үй-жайлардың және шлюздердің барлық есіктері автоматты түрде жабылатын құрылғылармен, палаталардың және бокстардың есіктері (есіктің төменгі жағынан) ауа кіруі үшін желдеткіш торлармен жабдықталады;

      7) көптеген дәрі-дәрмекке тұрақты микобактериясы бар науқастарға арналған бөлімшелердегі сыртқа тарту желдеткіші әрбір палатадан механикалық іске қосылатын және дефлектор қондырғысымен қосымша гравитациялық іске қосылатын болады. Осы бөлімшелердегі сору желдеткіші механикалық іске қосылатын және дәлізге ауа беру арқылы көзделеді;

      8) баспалдақ алаңдары, лифт шахталары, көтергіштердің діңгектері сыртқа тарту басым бола отырып, автономды сору-сыртқа тарту желдеткішімен жабдықталады;

      9) сору-сыртқа тарту желдеткішінің жүйесі тәулік бойы пайдаланылуы тиіс.

      35. Желдету және ауа баптау жүйелерін профилактикалық тексеріп-қарау, жөндеу, тазалау және дезинфекциялау мекеменің бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіледі.

      36. Денсаулық сақтау объектілерінде басшысының бұйрығымен желдету және ауа баптау жүйелерін пайдалануға, желдеткіш жүйелерін жоспарлы-профилактикалық жөндеу кестесін орындауға жауапты адам тағайындалады.

      37. Ауаны жылытып және баптай отырып, сору-сыртқа тарту желдеткішінің дербес жүйелері: бейненің жоғары сезімтал қабылдағышымен (фотозертханасыз) жұмыс істейтін денталдық аппараттар және пантомографтар және жұмыс жүктемесі аптасына 40 (мА *мин) аспайтын, бейнені цифрлы өңдейтін денталдық аппараттар бар стоматологиялық емханалардан басқа операциялық блоктар, реанимация залдары мен қарқынды терапия палаталары (септикалық және асептикалық бөлімшелер үшін бөлек), босандыру залдары (босандыру палаталары), жаңа туған нәрестелер палаталары, онкогематологиялық, диализдік, күйік бөлімшелері, таңып-байлау бөлмелері, жекелеген палаталық секциялар, қақырық алу бөлмелері, бактериологиялық зертханалар, эндоскопия, рентген кабинеттері үшін көзделеді.

      38. Ауаны баптау операциялық, наркоз, босандыру, операциядан кейінгі палаталарда, қарқынды терапия палаталарында, онкогематологиялық науқастар, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы бар, тері күйігі бар науқастар палаталарында, реанимация, жаңа туған нәрестелерге, емшектегі сәбилерге, шала туған балаларға, жарақат алған балаларға арналған палаталарда көзделеді. Кювездермен толық жабдықталған палаталарда ауаны баптау көзделмейді.

      39. Денсаулық сақтау объектілері орталықтандырылған жылыту жүйесімен жабдықталады. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзі болмаған жағдайда сұйық, қатты және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін автономды қазандық көзделеді.

      40. Селолық елді мекендерде бір қабатты ғимараттарда пешпен жылыту құрылғысына жол беріледі. От жағу жеке есігі бар оқшауланған үй-жайда жүргізіледі.

      41. Босандыру палатасында ауаның температурасы кемінде +25 0С болады. Мерзімінен бұрын босану кезінде босандыру залындағы ауаның температурасы кемінде +28 0С қамтамасыз етіледі.

      42. Шала туған балаларға арналған палатада ауаның температурасы +25 0С – +28 0С қамтамасыз етіледі.

      43. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларындағы, оның ішінде күндізгі стационардағы температура, ауа алмасу жиілігі, тазалығы бойынша санаты осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада белгіленген параметрлермен айқындалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет