"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары


-тарау. Денсаулық сақтау объектілерін салуға жер учаскесін таңдауға, жобалауға және орналастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет2/19
Дата11.05.2020
өлшемі51,34 Kb.
#67157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
кима 6
кима 10, кима 10, кима 10
2-тарау. Денсаулық сақтау объектілерін салуға жер учаскесін таңдауға, жобалауға және орналастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Денсаулық сақтау объектілерін салуға жер учаскесін таңдау, оны жобалау "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының 20-бабының 23-16) Тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес жобалауға арналған тапсырмада айқындалады.

      5. Инфекциялық аурулар ауруханасын, бөлімшесін жобалау кезінде:

      1) кемінде екі тексеріп-қарау кабинеті немесе бокстары болуы қажет қабылдау бөлімі;

      2) ауа-тамшы жолы арқылы, ішек, вирустық инфекциялармен, аса қауіпті және карантиндік инфекциялармен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызуға арналған оқшауланған бөлімшелер;

      3) диагностикалық бөлімше (диагностикалық палаталар);

      4) зертханалар көзделеді.

      6. Жобалау кезінде инфекциялық аурухананың тексеріп-қарау боксында дербес оқшауланған сыртқы есік көзделеді.

      7. Перинаталдық орталықтарды, перзентханаларды жобалау кезінде сыйымдылығы екі ананың төсегінен аспайтын босанғаннан кейінгі палаталар көзделуі қажет. Перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестелерге реанимациялық іс-шараларды және қарқынды терапияны жүргізуге арналған бөлімшелер көзделеді.

      8. Экстракорпоральды ұрықтандыру бөлімшесінің құрамы мен алаңы технологиялық процеспен және мекеменің қуатымен айқындалады.

      9. Операциялық блоктарды бірінің үстіне бірін орналастырған кезде септикалық операциялық блоктар асептикалықтан жоғары орналастырылады.

      Операциялық блоктар (бөлімшелер) өтетін жолда болмауы тиіс. медицина персоналының кіруі санитариялық өткізгіштер арқылы, науқастар үшін шлюздер арқылы көзделеді.

      10. Асептикалық бөлімшелерге (блоктарға) мыналар кіреді: дәретханасы, ваннасы немесе себезгісі бар палаталар, емшара бөлмесі, дәрігер кабинеті, буфет, стерильді материалды сақтауға арналған үй-жайлар және бөлімшенің бейініне байланысты басқа да үй-жайлар.

      11. Персоналға арналған санитариялық өткізгіштер үш көршілес үй-жай құрамында жобаланады. Бірінші үй-жай себезгімен, санитариялық тораппен жабдықталады. Екінші үй-жай таза хирургиялық костюмдер, аяқ киімдер, бахилалар кию үшін пайдаланылады. Үшінші үй-жай пайдаланылған киім-кешекті ауыстыруға және жинауға арналған.

      12. Амбулаториялық, пластикалық және эстетикалық хирургия орталықтарында, дерматология-косметология объектілерінде, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда үй-жайлар жиыны аз – операциялық, операция алды, санитариялық өткізгіш, пациенттер үшін операциялық бөлмеге кірудегі шлюз және операциядан кейінгі палата бар шағын операциялық залдар көзделеді. Санитариялық өткізгіш персоналдың таза және лас киім-кешегін сақтауға арналған жағдайлармен қамтамасыз етіле отырып, себезгімен жабдықталатын бір үй-жайдың құрамында жобаланады.

      Шағын операциялық залдарға пациент шлюз арқылы, персонал – операция алды бөлмесі арқылы түседі.

      13. Магниттік-резонанстық томография, сәулелік диагностика және терапия кабинеттерін жобалау, сондай-ақ тиімді дозаның рұқсат етілген қуатының мәнін гигиеналық нормалау "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы кодексінің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына (бұдан әрі – нормалау құжаттары) және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Психиатриялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық мекемелер қала маңындағы аймаққа немесе шеткері аудандарға, мүмкіндігінше селитебтік аумақтан ажырауды сақтай отырып, жасыл алқаптарда орналастырылады.

      14-1. Денсаулық сақтау объектілерінің негізгі және қосалқы үй-жайларының жиынтығы мен алаңдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес анықталады.

      Ескерту. 2-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

15. Тұрғын үйлерде қуаты ауысымына 100 келушіден аспайтын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін, оның ішінде күндізгі стационарлары, амбулаториялық хирургия орталықтары (пациенттер 5 тәуліктен артық болмайтын) бар денсаулық сақтау объектілерін орналастыруға жол беріледі.

      16. Тұрғын ғимаратта осы Санитариялық қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттер тәулік бойы болатын стационарларды орналастыруға жол берілмейді.

      17. Ғимараттардың цоколдық және жертөле қабаттарында операциялық, таңып-байлау, емшара, манипуляциялық, босандыру, стоматологиялық кабинеттер, науқастарға арналған қабылдау және палаталық бөлімшелер орналастырылмайды.

      Ғимараттардың цоколдық және жертөле қабаттарында қалпына келтіру емінің үй-жайлары мен кабинеттерін (емдік дене шынықтыру залдары, емдік бассейндер, сумен емдеу үй-жайлары, массаж кабинеттері), сондай-ақ табиғи жарықтандыру ұйымдастырылған жағдайда электр-жарықпен емдеу кабинеттерін орналастыруға жол беріледі.

      3-тарау. Денсаулық сақтау объектілерін сумен жабдықтауға және су бұруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      18. Денсаулық сақтау объектісінде орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен, ыстық сумен жабдықтау және су бұру көзделеді.

      19. Денсаулық сақтау объектісінде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінің (ұңғымалар) суы немесе нормалау құжаттарына сәйкес келетін әкелінетін су пайдаланылады. Суды әкелу арнайы көлік құралымен жүзеге асырылады. Суды сақтау арнайы таңбаланған сыйымдылықтарда жүзеге асырылады.

      20. Дәрігерлердің барлық қабылдау кабинеттерінде, палаталарда, қосалқы үй-жайларда (персонал, шаруашылық мейіргері, лас киім-кешекті жинау бөлмесі, санитариялық бөлмелер, санитариялық тораптар) суық және ыстық су өткізілген раковинаны орнату көзделеді.

      Айрықша режимді талап ететін операция алды, таңып-байлау, манипуляциялық, егу кабинеттерін, реанимация залдары мен палаталарын, босандыру залдарын, бокстардың шлюздерін, жартылай бокстардың, жаңа туған нәрестелер палаталары жанындағы мейiргерлер постарын араластырғышы бар шынтақты немесе жанаспай ағатын шүмектерді орната отырып, ыстық және суық су өткізілген раковиналармен жабдықтау керек.

      21. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда операция алды және босандыру залдарында, емшара, таңып-байлау, егу кабинеттерінде, стерильдеу, реанимация және жаңа туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі балалар бөлімшелерінде, қабылдау бөлімшелерінде, санитариялық-тұрмыстық бөлмелерде, жуу, буфет, тарату, ас блоктарында, кір жуатын орындарда үздіксіз жұмыс істейтін су жылытқыштар орнатылады.

      22. Объектіні орталықтандырылған су бұру желісі жоқ немесе ішінара бар елді мекендерге орналастырған жағдайда жергілікті су бұру жүйесінің құрылғысы көзделеді. Сарқынды суларды қабылдау жер асты су өткізбейтін сыйымдылықта жүзеге асырылады. Сарқынды суды қабылдауға арналған сыйымдылық қақпақпен жабдықталады, шаруашылық аймағында орналастырылады және толуына қарай тазартылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет