Денсаулықты нығайту


«Артык салмақ - аурудың белгісі»



бет3/7
Дата20.09.2023
өлшемі31,24 Kb.
#181685
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Денсаулықты-нығайту-Дәріс

«Артык салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау - адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу - терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оку - тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.
Дегенмен дұрыс тамақтанудың 10 кеңесі бар, ол:
1.аш қарынға су ішу, әсіресе таңертең
2)Ыстық шайды ас қабылдау кезінде ішіңіз
3)« Күніне бір алма сізді барлық дерттерден қорғайды » дейді ұлттық даналық
4) Иммунитетті күшейтіңіз
5) Асты дұрыс қабылдаңыз
6)Кейбір өнімдерді қабылдауды шектеңіздер
7)Барлық аурулар тістерден-тісті емдетіңіз
8)Тамақты жақсылап шайнаңыз
9)Өз салмағыңызды қадағалап жүріңіз
10)Салауатты өмір сүру салты -ұзақ өмір сүрудің жолы!
4.Тағамды ластандыратын бактерияларды жұқтырмау ережелерін сақтау үшін:
1.Қолыңызды жуыңыз, жемістер мен көкөністерді жуыңыз.
2) Сатып алу, тамақ əзірлеу жəне сақтау кезінде шикі, пісірілген жəне пайдалануға дайын тағамдарды бір бірінен бөлек ұстау керек
3) Микроорганизмдерді жою үшін тамақ əзірлеу кезінде оларды қауіпсіз температураға дейін қыздыру керек.
4) Жылдам бұзылатын тамақтарды тоңазытқышта сақтау керек.
5) Мыналарды пайдаланудаң алшақ болыңыздар:
·шикі (пастерленбеген) сүттен жəне құрамына пастерленбеген сүт кіретін тағамдардан;
·шикі не шала пісірілген жұмыртқалардан, құрамына шикі жұмыртқа кіретін тағамдардан
· шикі немесе шала піскен еттерден, тауық етінен;
· пастерленбеген шырыннан
Қазіргі заманда денсаулықты сақтау мен нығайту ең басты мәселелердің бірі екені белгілі..Салауаттану –тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым.Салауаттану ғылымы-қалай денсау-
лықты сақтаудың- ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден-дені сау адам, екіншіден –оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар,үшіншіден –аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетік -тері,төртіншіден – сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табыла -ды.Сондықтан денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет