Денсаулықты нығайту



бет1/7
Дата20.09.2023
өлшемі31,24 Kb.
#181685
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Денсаулықты-нығайту-Дәріс


Денсаулықты нығайту.
Адам денсаулығын сақтау мен нығайту ең басты құндылық. Біздің еліміздің болашағы халықтың денсаулығымен тығыз байланысты.Оның дәлелі Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына « Қазақстан-2030» жолдаған стратегиялық бағдарламасында экономикалық жағдайдың өсуі, халықтың әл-ауқатының артуына жол ашқанымен, оның денсаулығын жақсартуға толық кепілдік бере алмайды деп атап көрсетілді.Қазіргі таңда халықтың денсаулығы төмендеп кеткені белгілі.Бұл жағдай әртүрлі әлеуметтік және қоршаған ортаның қауіпті факторларымен қатар азаматтардың өз денсаулығына жауасыздықпен қарауына, әрі салауатты өмір салтын сақтамауына тікелей байланысты екені баршамызға аян. Сондықтан жаңа қоғам құру кезеңі халқымыздың бүкіл өмір бойы дені сау болуы және қоршаған орта тазалығын сақтау үшін барынша күш-жігер жұсамуды қажет етеді.
Осы мақсатты іске асырудың негізгі стратегиясы:
- Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру
- Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес
- Темекі мен алкоголді тұтынуды қысқарту
- Әйелдер мен балалар денсаулығын жақсарту
- Тамақтануды, қоршаған орта мен экологиялық тазалықты жақсарту
Осы аталған шараларды іс жүзінде орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.Бұл жағдай медицина саласында бірсыпыра реформалар жүргізумен қатар медицина қызметкерлері алдына да жауапты міндеттер қойды. Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдер денсаулығын жақсарту, медицина ғылымын әрі қарай дамыту, ауыл тұрғындарының денсаулығына көңіл бөлу және халық арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихатту болып табылады.
Енді ауру және денсаулық деген не? деген сұраққа келетін болсақ ол медицина -да зерттелетін негізгі мазмұндардың бірі,денсаулық және ауруды зерттеудің мәні зор.
Ауру-организмнің белгілі бір ауру себебінен зияндалып, өзіндік реттелуінің бұзылуынан болған қалыпсыз тіршілік барысы, яғни оргазимнің тепе-теңдік күйінің және тіршілік әрекетерінің бұзылуы.Адам ағзасының ауытқуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет