Денсаулықты нығайту


Ауру пайда болуының негізгі теориялары



бет2/7
Дата20.09.2023
өлшемі31,24 Kb.
#181685
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Денсаулықты-нығайту-Дәріс

Ауру пайда болуының негізгі теориялары:
- Әлеуметтік ауру-әлеуметтік ортаға бейімсіздік нәтижесі
- Энергетикалық – адам организмдегі энергия мөлшерінің тепе-теңдігінің бұзылуы
- Биологиялық – аурудың негізгі себебі адам организмінің биологиялық ырғағы мен табиғат ырғағының арасындағы үйлесімдігінің бұзылуы
Денсаулық дегеніміз не? деген сұраққа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «ДДСҰ» жарғысы бойынша денсаулық дегеніміз –ағазада аурудың немесе физикалық кемістіктің жоқ болуы ғана емес , ол табиғи, рухани және әлеуметтік аман-есенділік болып саналады.
Денсаулық ұғымының түрлері:
Дербес денсаулық-жеке адам денсаулығы
Топ денсаулығы-азғантай қоғамға біріккен адамдардың денсаулығы
Тұрғындар денсаулығы-Белгілі бір аймақта тұрып жатқан адамдардың денсаулығы
1. Бұлшық ет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.
Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынық -тырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.
Қимыл белсенділігінің негізгі түрлері мынадай:
·таңертеңгі гимнастика;
·денебап;
·қимыл ойындары;
·сауықтыру жаттығулары;
·спорт секцияларына қатысу;
·серуендеу.
2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.
3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет