Депутаттар Торғай халқымен кездесуі
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Олейник В.И. және Смагулов А.А. 2018 жылдың 22 қазаны күні Қостанай облысының Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округінде, сондай-ақ Торғай орталығында тұрғын халықпен, жергілікті билік өкілдерімен, құқық қорғау саласының қызметкерлерімен кездесіп ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5-қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндірді.
Кездесуге қатысушылардың жеке сұрақтарына нақты жауаптар беріп, қоғамдық қабылдау өткізді.
Ақшығанақ ауылдық округіндегі кездесуді «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ғ.К.Сундетбаев басқарып жүргізсе, Торғайдағы кездесулерді аудан әкімі Ш.С.Оспанов басқарып, жүргізіп отырды.
Тұрғындардың, интеллигенция, жастардың және еңбек ардагерлерінің көкейкесті сауалдарына, пікірлері мен ұсыныстарына зейін қойған «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық фракция мүшелері В.И.Олейник пен А.А.Смагуловтар ашық әңгіме түрінде жиналғандармен пікір бөлісті.
Достарыңызбен бөлісу: |