18
таңдалады. Бастапқы өлшем бірлік қойындысының үстіндегі қатарға
қажетті санды енгізгенде, соңғы өлшем бірлік қойындысының
үстіндегі қатарда «аударылған» сан пайда болады.
Мәтін есептерді
шығару
7.4.2.1
өте кіші немесе
өте үлкен
сандармен
берілген
шамаларға
байланысты
есептер шығару;
Оқушыларға өте үлкен немесе өте кіші шамалармен өрнектелген
деректерді алдын-ала табуды ұсынуға болады. Танымдық сипатқа ие
болатын ғылым, экономика, елдер немесе жергілікті аймақпен
байланысты деректер ұтымды келеді. Осы деректерді қолданып,
сабақта түрлі есептер құрастыруға болады.
Мысалы:
Өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін Арал теңізі ауданы бойынша
әлемде
төртінші
орынды
иемденген.
Адамзаттың
салғырт
әрекеттерінің салдарынан қазіргі таңда теңіз таязданып, екі
оқшауланған тоғанға – Солтүстік және Оңтүстік Арал теңізі болып
бөлінді. Жалпы ауданы –
10
10
7
,
1
м
2
, ал судың көлемі – шамамен 2000
км
3
. Бұл көлдің бастапқы аумағының тек төрттен бір бөлігін және
бастапқы су көлемінің 10%-ын құрайды.
Арал теңізінің бастапқы
ауданы мен көлемі қандай болды? Жауаптарыңызды стандарт түрде
жазыңыз.
Бұл жұмысты ауыспалы жұптар арқылы ұйымдастыруға болады. Әр
оқушы өз деректері бойынша есеп құрастырып, содан соң жұптар
есептерімен алмасады.
Оқушылардан қай есептің ең қызықты болғанын сұрауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: