Ж, Ө
45-бет
http://school-
assistant.ru/?pr
edmet=algebra
&theme=mate
mat_model
http://festival.1
september.ru/a
rticles/565270/
7.4.2.2
мәтін есептерді
теңдеулер және
теңсіздіктер құру
арқылы шығару;
Оқушыларға есептер шығаруды топтарда ұсыныңыз. Есептердің
математикалық
моделінің
дұрыс
құрылуын,
есептеулердің
дұрыстығын және дұрыс шығарылған есептердің санын ескеретін
жарыс ұйымдастырыңыз (бағалау критерийлерін оқушылармен бірге
құруға болады). Критерийлер бойынша ең көп ұпай жинаған топ
жеңіске жетеді. Жарысу үшін қиындығы жағынан әртүрлі деңгейдегі
есептерді таңдаңыз.
Мысалы:
1. Тіктөртбұрыштың периметрі 28 см-ге тең. Егер оның ұзындығын 3
Т
Ұ
Т
Ү
[4]
http://www.ma
th10.com/ru/al
gebra/reshenie
-lineinih-
neravenstv/ind
ex.html
47
см-ге кішірейтіп, енін 2 см-ге арттырсақ, онда оның ауданы 8 см
2
кемиді. Тіктөртбұрыштың ауданы қандай?
2. Тараз бен Шымкент қалаларының арақашықтығы 210 км-ден кем
екені белгілі. Тараз қаласынан жылдамдығы 60 км/cағ болатын жүк
машинасы, ал Шымкент қаласынан оған қарама-қарсы автобус
шықты. Олар 2 сағаттан кейін кездесу үшін автобус қандай
жылдамдықпен жүру керек екенін бағалаңыз.
3. Жылдамдығы 40 км/сағ пойызда келе жатқан жолаушы терезеден
қарама-қарсы бағытта ұзындығы 75 м пойыз 3 секунд аралығында
өте шыққанын байқады. Қарама-қарсы бағыттағы пойыздың
жылдамдығы қандай?
4. Үштаңбалы сан 7 цифрына аяқталады. Егер осы цифрды бірінші
орынға қойсақ, онда шыққан сан алғашқы берілген саннан 17 ге кем
болады. Берілген үштаңбалы санды табыңыз
5. Көп жылдар бойы қайсыбір тауар құны үнемі көтеріліп отырған:
алдымен 10%-ға, содан соң 3000 тг-ге, кейін тағы 25%-ға көтерген.
Нәтижесінде тауар құны алғашқы бағасымен салыстырғанда 75%-ға
өскен. Тауар бағасы алғашқыда қанша болған?
6. Турист ауылдан теміржол станциясына келе жатыр. Бір сағатта 3
км жүргеннен кейін, ол осы жылдамдықпен жүре берсе пойызға 40
минутқа кешігетінін түсінді де, 4 км/сағ жылдамдықпен жүрген.
Турист станцияға пойыздың
жүруіне 45 минут қалғанда жетті. Ауыл мен станцияның
арақашықтығы қандай?
7. Кейбір мөлшердегі 40% және 10%-дық қышқыл ерітінділерін
араластырып 800 г болатын 21,25%-дық қышқыл ерітіндісін алды.
Әрбір ерітіндіден қанша грамм алынған?
8. 500 кг кен құрамында темірдің кейбір мөлшері бар. Кеннен 12,5%
темірі бар 200 кг қоспаларды алып тастағаннан кейін қалған кенде
темірдің құрамы 20%-ға артты. Кен құрамында қанша темір қалды?
«Мәтінді есептерді шешу»
тақырыбының 7.4.3.1 және 7.4.2.2
оқыту мақсаттары бойынша
міндетті үй жұмысы
оқушылардың 15-20 минуттан
аспайтын уақыт жұмсайтындай
тапсырмалар санын болжайды.
Үйде орындалатын
тапсырмаларды күрделілігіне
қарай дифференциациялау, соның
ішінде талдау, синтез және
бағалауға байланысты
тапсырмаларды қосу ұсынылады.
Бұл ретте, мүмкіндігінше,
оқушыларға практикалық
мазмұндағы есептерді ұсынған
жөн.
|