Деректер қорының негіздері. Реляциялық деректер қоры: BigData



бет1/5
Дата24.11.2022
өлшемі17,95 Kb.
#159719
  1   2   3   4   5
Байланысты:
деректер қоры


Деректер қорының негіздері. Реляциялық деректер қоры: BigData.
Деректер қорының негізгі ұғымдары
Кез келген кәсiби қызмет түрі ақпаратты жинау , сақтау және оны іріктеуді ұйымдастырумен айналысады. Бүгінгі күні белгілі бір ұйымдастыру тәсілін немесе механизмді қажет ететін деректер қоры күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі болды. Мұндай механизмді деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) деп атайды. Осы негізгі ұғымдарды қарастырайық.
Деректер қоры (ДҚ) – мекеменің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған логикалық байланысқан деректердің жиынтығы (және олардың сипаттамасы).
Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) – қолданушыларға деректер қорын анықтауға, жасауға, қолдауға және оны бақылауға мүмкіндік беретін программалық жасақтама. Деректер қорын басқару жүйесі бұрыннан бері қолданыста, олардың көбісінің пайда болуы үлкен есептеуіш машиналарындағы құрылымдалмаған файлдар жүйелерінің пайда болуына негізделген. Деректер қорын басқару жүйелері саласында жалпыға бірдей қазіргі заманғы технологиялар мен қатар, дамып келе жатқан бизнестің талаптары, корпоративті деректердің үнемі ұлғаюы және Интернет технологиялардың әсерінен жаңа бағыттары пайда болды.
Реляциялық (ағылш. relation – байланыс) деректер қоры. Негізгі ақпараттық ағындарды басқару бастауын дәстүрлі деректер қоры жүйесінен алатын реляциялық басқару жүйесі көмегімен жүзеге асырылады. Реляциялық деректер қорымен клиент-сервер технологиясын біріктіру заманауи кәсіпорынға тауарлар мен қызметтер нарығында бәсекеге қабілеттілігін сақтай отырып, өз деректерін табысты басқаруға мүмкіндік береді.
Реляциялық деректер қорында математикалық қатынастар теориясына негізделген қуатты теориялық негіз бар. Реляциялық деректер қоры теориясының пайда болуы, екі класқа бөлінетін сұраныстар тілін жасауға негіз болды:
қатынастарға қолданылатын арнайы операторлар арқылы сұраныстарды сипаттауға мүмкіндік беретін алгебра лық тілдер;
қолданыстағы қарым-қатынастардың белгілі бір жиынтығынан жаңа қатынасты анықтайтын өрнекті жазу ережелерінің жинағы болып табылатын предикаттық есептеу тілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет