«Біреуден – көпке» қатынасы «Біреуден – көпке» қатынасында негізгі кестенің бір жазбасына бағынышты кестенің бірнеше жазбасы сай келеді.
«Біреуден – көпке» байланысын кейде «көптен – біреуге» деп те атайды. Екі жағдайда да кестелер арасындағы байланыс өзгеріссіз қалады. Байланыстың бұл түрі реляциялық деректер қоры үшін кең таралған. Сонымен қатар ол деректердің иерархия лық құрылымын модельдеуге мүмкіндік береді.
«Біреуден – біреуге» қатынасы «Біреуден – біреуге» қатынасында негізгі кестенің бір жазбасына бағынышты кестенің бір жазбасы сәйкес келеді. Қатынастың бұл түрі «біреуден – көпке» қатынасына қарағанда аз қолданылады. Егер деректер қорының кестесі қосымша ақпараттардан ұлғайып кетпеуін қаласақ, осы қатынас түрін қолданамыз. Алайда бір неше кестедегі өзара байланысқан ақпараттарды оқу үшін, бір кестеде сақталған деректерден бір ақпаратты оқудың орнына бірнеше операция орындау керек болады.
«Көптен – көпке» қатынасы «Көптен – көпке» қатынасы мынадай жағдайларда қолданылады:
– негізгі кестедегі бір жазбаға бағынышты кестенің бірден көп жазбалары сәйкес келеді;
– бағынышты кестенің бір жазбасына негізгі кестенің бір неше жазбасы сәйкес келеді. Реляция лық деректер қорындағы кез келген «көптен – көпке» қатынасын, қосымша кестелерді енгізу арқылы «біреуден – көпке» қатынасына ауыстыру керек.
Big Data
Big Data (тура аударма – «үлкен деректер») дегеніміз не? «Үлкен деректер» терминін деректердің үлкен көлемін басқаруға және талдауға қатысты деп болжауға болады. Деректер – компьютерді басқаратын және электр сигналдары түрінде сақталатын және берілетін магниттік, оптикалық, механикалық тасығыштарға жазылатын шамалар, белгілер немесе символдар.
«Big Data» термині қысқа уақыт ішінде алуан түрлі, ауқымды, құнды деректерді жинау дегенді білдіреді. Мұндай деректерді өңдеу машинасыз жүзеге аспайды. Соңғы уақытқа дейін деректер электрондық кестелермен немесе деректер қорымен шектелді әрі барлығы өте ретті және ұқыпты болды. Жолдар мен бағандарға орналастыруға келмейтіндердің барлығы жұмыс істеу үшін тым қиын деп есептеліп, еленбе ді. Алайда ақпарат сақтау саласындағы прогресс әртүрлі деректің көп санын тіркеп, сақтап, өңдеуге қол жеткізді. Нәтижесінде қазіргі таңда «деректер»ұғымына деректер қорынан бастап, фотосуреттер , бейнелер, дыбыс жазбалары, жазбаша мәтіндер және датчиктердің деректеріне дейін кіреді. Үнемі өсіп келе жатқан ақпарат ағынын бірнеше жыл бұрын елестетуде мүмкін болмаған жолмен пайдалана алатынымызды білдіреді. Бүгінде компаниялар клиенттердің нақты санаттарының қандай затты, қашан сатып алуды қалайтынын болжай алады. Big Data сондай-ақ компанияларға өз қызметін әлде қайда тиімді орындауға көмектеседі.
Термин экономикада, банк қызметінде, өндірісте, маркетингте, телекоммуникацияда, web-талдауда, медицинада және т.б. деректер ағынының жылдамдығының артуы тұрақты болатын, сапалы үлкен көлемдегі деректер мен жұмыс істейтін ірі салаларда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |