Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз. Мысалы үлкен банкінің мәліметтер базасын қарастырайық. Мұнда тұтынушы туралы, оның адресі жайлы, қаржылық амалдары, несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер базасына көптеген банк қызметкерлері қатынай алады, бірақ олардың іштеріңде тұтастай базаға кіріп, оған өзгерістер негізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәліметтермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мәліметтер базасының әдістері мен құралдары бар.
Деректер қорының негізгі түсініктері
Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөңелтуге арналған программалық құралдар кешені. Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда ол мәліметтер базасы болып қала береді. Өйткені онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар-бұл мәліметтер базасының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер базасы көптеген объектілерден тұрады.
Мәліметтерге жоспарланбаған сұраныстарды тез өңдеу. Мәліметтерге кездейсоқ сұраныстар нақты сұраныстарды өңдеу мақсатында жазылған қолданбалы программалармен емес, жоғарғы деңгейлі сұраныстар тілі немесе есептер генерациясы тілі көмегімен өңделе алады.
Өзгерту енгізудің қарапайымдылығы.Мәліметтер қоры мәліметтерді бар қолдану тәсілін жоймау арқылы ұлғая және өзгере алады.
Үлкен емес шығындар.Мәліметтерді сақтау мен қолданудың құны төмен және өзгерту енгізуге кететін шығындар азаяды.
Мәліметтер артықшылығының төмендеуі.Жаңа қосымшалар талабы жаңа файлдарды құру жолымен емес, бар мәліметтер есебінен жүргізіледі.
Бұрмалаудан және жоюдан қорғау.Мәліметтер апатты және қылмысты жағдайлардан, мәліметтерге қатысты тұлғалардың біліксіздігінен оларды қателікпен жаңартатын оқиғалардан сақталуы қажет.
Мәліметтер қорын ұйымдастыруда қойылатын талаптар
Мәліметтер қоры – бұл келешекте жасалатын қолданбалы программалардың негізі. Мәліметтер қоры қосымшаны жеңіл, арзан және жылдам өңдеу мүмкіндігімен қамсыздандыру қажет.
Мәліметтердің көп ретті қолданылуы. Бір сол мәліметтерді әр түрлі түсінетін пайдаланушылар оларды әр алуан түрде қолданыла алады.
Қарапайымдылық. Пайдаланушылар мәліметтерге қарапайым қатынас арқылы қол жеткізе алады.
Қолдану икемділігі. Мәліметтерге қатынас немесе оларды іздеу оған қол жеткізудің түрлі әдістері көмегімен іске асырыла алады.
Өнімділік.Мәліметтерге сұраныс мәліметтерді қолдану үшін қажет етілетін жылдамдықпен қанағаттандырылады.