Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу институттарында, өндірістік зертханаларда хроматография әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс бір заттың басқа зат бетінде әр түрлі жылдамдықпен сіңірілуіне негізделген
Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу институттарында, өндірістік зертханаларда хроматография әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс бір заттың басқа зат бетінде әр түрлі жылдамдықпен сіңірілуіне негізделген.
Тығыздықтары әр түрлі өзара ерімейтін сұйыктықтардан тұратын коспаны бөлгіш кұйғы аркылы бөлуге болады; тығыздығы үлкен сұйықтык құйғының төменгі бөлімінде, ал тығыздығы төмен сұйықтык жоғары бөліміне жиналады. Құйғы тиегін ашып, сұйықтықтарды жеке құйып алады.
Әртекті қоспадан заттарды бөліп алу үшін тұндыру және сүзу әдістері қолданылады. Суда ерімейтін тығыздықтары әр түрлі заттардан тұратын коспаны бөлу тұндыру аркылы жүзеге асырылады. Мысалы, лай суды ұзақ, уақытқа қойып қойғанда саздың бөлшектері біртіндеп тұнады. Сүзу әдісі де қатты затты ерітіндіден бөліп алуға мүмкіндік береді, ол үшін сүзгі қағазы (фильтр), құйғы және шыны таяқша қажет. Кейбір магнитке тартылатын металдарды (ферромагнитті) қоспадан магнитпен бөліп алуға болады.
Тазартылу дәрежесіне қарай заттар «таза», «аса таза», «химиялық» және «анализдік таза» деген сұрыптарға бөлінеді. Тазалық дәрежесі өте жоғары заттар дәлдігі аса жоғары тәжірибелерде қолданылады. Заттардың тазалық дәрежесін білудің ғылым мен техника үшін маңызы зор. Химиялык заттың тазалык дәрежесі массалық үлеспен, өрнектеле.
Араластыру газ бен сұйықтың ағысымен бұлғылауышпен (мешалка) келетін, импулстің әрекетімен барлық көлемге, тегіс таралу мақсатымен жүретін гидромеханикалық үрдіс.
Механикалық- бұлғылауышпен араластыру, аппаратта араласатын оратмен айналады.
Барботаж - газ бен ауа ағынын сұйық ортаға араластыру жолымен өткізу, ұсақ көпіршіктерге бөлінген, Архимед күшінің әрекетімен сұықтың қабатында көтеріледі де, үздіксіз сұйықты араластырады.