Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру



бет26/103
Дата14.03.2023
өлшемі2,23 Mb.
#172330
түріҚұрамы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   103
Байланысты:
книга ПАХТ

Бақылау сұрақтары
1. Идеал және нақты сұйықтардың элементар ағыншалары үшін бернулли теңдеуін жазыңыз. Сұйық ағыны үшін?
2.Ағынның орташа жылдамдығы және тірі қима арасындағы өзара байланыс қандай?
3. Бернулли теңдеуінің геометриялық және энергетикалық мәні, олардың өлшем бірліктері қандай?
4. Гидравликалық, пьезометрлік және геометриялық көлбеулік нені сипаттайды?
5. Сұйық қозғалысы кезіндегі геометриялық, пьезометриялық және ағынды сызықтардың орналасу мүмкіндігін түсіндіріңіз?
6.Олардың әр қайсысы ағын бағыты бойынша горизонтальды бола ала ма?
7. Кариолис коэффициентінің сандық мәні неменеге байланысты болады?
8. Сұйық шығынын өлшеу тәсілдері мен әдістерін атап көрсетіңіз?
9. Ағыстың тік қимасының өлшемін өзгерткен кезде сұйық ағынындағы қысым өзгере ме?
Дәріс 5. Сұйықтықтарды жылжыту. Сорғылардың әр түрлі түрлері және олардың сипаттамалары


Гидравликалық машиналар дегеніміз -электрқозғалтқыштың механикалық энергиясын тасымалданатын сұйықтың ағын энергиясына айналдырып, қысымын көбейтеді немесе қозғалыстағы сұйық тегеурін энергиясын механикалық энергияға айналдыратын (гидравликалық құбырлар) машиналар. Гидравликалық жетек дегеніміз- сорғыдан және сәйкес реттегіш және таратқыш аппаратурасы бар гидроқозғалтқыштан тұратын гидравликалық жүйе және жұмысшы сұйық көмегімен беріліс беруді қамтамасыз етеді.
Сұйық қоспаларды кәсіпорын ішінде аппараттар мен қондырғылар арасында және кәсіпорыннан тыс басқа жақтарға тасымалдауға арналған гидравликалық машиналар сорғыштар деп аталады.
Сорғыштар үш түрге бөлінеді: қалақшалы немесе ортадан тепкіш, көлемді және ағынды.
1.Қалақшалы (ортадан тепкіш) сорғыштардағы қысым, қалақшалы доңғалақтардың айналуындағы ортадан тепкіш күштің сұйыққа әсерінен пайда болады. Бұларға ортадан тепкіш, құйынды және осьтік сорғыштар жатады.
2.Көлемді насостардағы қысымдар айырмасы сұйықтардың белгілі бір көлемін жабық камерадан жылжымалы немесе айнамалы денелер арқылы ығыстырып шығарғанда пайда болады. Бұларға поршенді (плунжерлі), диафрагмалы және (роторлы (тісті доңғалақты, пластинкалы, винтті) сорғыштар жатады.
3.Ағынды насостарда сұйықтарды тасымалдау үшін жұмысшы сұйықтың (ауа, бу, су т.б.) кинетикалық энергиясын пайдаланады.
4.Сұйықтардағы сығылған газ немесе ауа жәрдемімен тасымалдау үшін газлифт (эрлифт) және монтежюлар қолданады.

С орғыштың сұлбасы: 1. сорғыш құбырөткізгіш; 2. үрлегіш құбырөткізгіш; 3. қоректендіргіш резервуар; 4. ағынды резервуар; 5. қабылдағыш торы бар кері клапан; Н – сорғыш; V – вакуумметр; М – манометр






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет