35
Сахароза –
C
12
H
22
O
11;
ылғалдылығы – 0,15% -ға дейін, күл -0,03%-ға дейін.
Меласса
– қант өндірісінің қалдығы. Түсі қоңыр, тығыздығы 1,35-1,4 г/мл. Құрамында 40-
55%-ға дейін сахароза, 0,5-2%-инвертті (жай) қант бар. Құрамында тағыда аминоқышқылдар
В тобының витаминдері (биотин – 80%-ға дейін) бар. Күлдің құрамында калий, магний,
кальций жəне темір өте көп мөлшерде. Меласса - мезгілдік өнім. Сақтау барысында
микроағзалардың əрекетінен қант шығынына ұшырауы ықтимал.
Жүгері ұны –
67% крахмал, 10% басқа көмірсулар, 12% ақуыздар. Ылғалдығы 15%-ға дейін,
күлі 0,9%-ға дейін. Күлінде фосфор, калий, магний өте көп.
Ағаш (древесина) гидролизаты.
Ағаш (древесина) таза күйінде микроағзалар үшін «дəмсіз»
шикізат, бірақ қосымша өңдеуден кейін, яғни жоғары температуралық қышқылдық
гидролизден кейін – гидролизатқа айналады. Целлюлоза жəне пентозан глюкоза жəне
басқада қанттарға дейін гидролизденеді. Қанттың мөлшері 4-8%-ға дейін, ол ағаштың түріне
гидролиз технологиясына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: