Негізгі əдебиеттер:
1 [5-9,27],2,5
Қосымша əдебиеттер:
9,10,11 [15-20]
Бақылау сұрақтары:
1.
Биокаталитикалық процестердің жетістіктері мен кемшіліктері. Иммобилизация
туралы түсінік.
2.
Иммобилизация
əдістері. Химиялық
жəне физикалық
иммобилизацияның
принциптері.
3.
Иммобилизациялық биокатализаторларға сипаттама.
4.
Иммобилизацияланған жүйелер: ферменттер, жасушалар.
5.
Иммобилизацияланған ферменттерді өндірісте қолдану.
Дəріс 11. Ферментация процестеріне арналған шикізат. Арнайы ферментация
процестері үшін шикізатты таңдау.
Ферментация процестеріне қажет шикізат ең алдымен микроағзалардың биомассалық
құрылымына қажетті элементтері бар қоректік ортаның түзілу мəселесін шешеді. Қоректік
орта микроағзалардың да мекені болып табылады.
Шикізат
–
құрамында қоректік компоненттер бар таза немесе аралас арнайы
заттар. Олар жеңіл табылатын, қымбат емес жəне зиянды қоспаларсыз болуы қажет.
Сондықтан қолданылатын шикізатттың əрбір түріне сапасын анықтайтын арнайы
стандарттар болуы қажет.
Су салмағы жағынан шикізаттың ең көрнектісі жəне ең арзаны. Биотехнология өнім
түрлерінің көбі су сапасымен анықталады. Су билиогиялық таза, түссіз, иіссіз, дəмсіз болуы
жəне тұнба бермеуі тиіс. Буландырғаннан кейінгі судың қалдығы 1г/л- ден аспауы, жалпы
кермектігі 7 мг-экв/л- ден аспауы қажет. Кермектігі жоғары су ферментация процесіне кері
əсер етеді. Зиянды қоспалардың мөлшеріне байланысты мынадай шектеулер қойылған:
қорғасын – 0,1 мг/л, мышьяк – 0,05 мг/л, фтор – 1,5 мг/л, мырыш – 5,0 мг/л, мыс – 3,0 мг/л
дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |