- үкіметтің тұрақтылығы
- сырттан келетін қатер
- саяси сабақтастық
- ұлтшылдық
- ұйымдасқан қылмыс
Ақпарат – демократияның оттегісі. Егер адамдар қоғамда не болып жатқанын білмесе, өздерін басқаратындардың әрекеттері жасырын болса, олар қоғам мен мемлекет істеріне қажырлылықпен қатыса алады. Ақпарат адамдарға жәй ғана керек емес, ол сондай-ақ демократиялық үкіметтің маңызды сипаттамасы. Нашар үкімет аман қалу үшін құпиялылықты қажет етеді. Құпиялылық мемлекеттік билік қызметінің тиімділігін арттырмайды және жемқорлықтың гүлденуіне септігін тигізеді. Экономист және Нобель сыйлығының лауреаты Амарти Сеннің сөздеріне қарағанда басқарудың демократиялық нысаны және салыстырмалы түрдегі еркін баспасөзі бар елде аштық болмайды. Ақпараттар адамдарға үкімет қызметін қадағалап отыруына мүмкіндік береді және оның әрекеттерін саналы түрде талқылауға негіз құрады.
Алайда үкіметтердің көпшілігі жасырын әрекет етуді артық көреді. Суахи тілінде «үкіметті» білдіретін сөздердің бірі тура «қатаңырақ құпия» деп дыбысталады. Тіпті демократиялық үкіметтер өз қызметінің айтарлықтай бөлігін жұртшылықтан жасырады. Үкіметтер үнемі құпиялылық үшін – мәселен, ұлттық қауіпсіздіктің мүдделері және қоғамдық тәртіп пен кеңірек қоғамдық мүдде үшін себептерді таба алады. Үкіметтер ресми ақпараттарды адамдардың пайдасына пайдаланылуы тиісті ретінде емес, өздерінің меншігі ретінде қолданады.
Журналистика ешқашан қоғамнан бөлініп қалған емес. Қоғамның өзі демократияланған болса, журналистика да сол биіктен көрінеді әрі оның белгілі бір дәрежеде қозғаушы күші бола алады. Саясат секілді журналистика да қоғамдық өмірге белсене араласады. Тіпті сол саясаттың өзі баспасөз арқылы тарайды, ел-жұртқа мәлім етіледі. Онсыз саясат соншалықты ауқымда халыққа түсінікті болуы екіталай. Саясаттың өрісі бұқаралық ақпарат құралдарына да тәуелді. Әйтпесе саясаттағы ой-тұжырымдар толық күйінде қалың бұқараның зердесіне жетуде дәрменсіздікке тап болуы мүмкін.
Демократиялылық – журналистиканың негізгі шарттарының бірі. Онсыз БАҚ-тың да өмірі ұзақ болмасы белгілі. Әрине БАҚ-тың бәрі бірдей емес, оның да жекелеген тармақтарында өзінің шынайы жолынан алшақ кететіндері аз емес.
Көрер көзге бұра тартатын, кейде «қараны – ақ» деп, «ақты – қара» деп жататын бұқаралық ақпарат құралдарын кездестіруге болады.
Ал қоғам дамуында тарихқа көз салсақ талай нәрсеге қанығамыз. Бұл журналистикаға да қатысты нәрсе. Айталық сонау кезгі ойшылдар да, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар да, саясаттанушылар мен ағартушылар да өздерін толғандырған мәселелерді жазып қалдырған, жариялап отырған. Осы орайда олардың еңбектері баспасөз арқылы болашақ ұрпақтың игілігіне айналғаны рас.
БАҚ-тың саяси-идеологиялық ықпалын, қоғамдық пікір туғызып, қалыптастыратынын, әлеуметтік-экономикалық процестерге назар аударып, сөз қозғайтынын, іс-әрекетке талдау жасап, оның жүзеге асуына әсер ететінін кім-кім де болса білмейді емес, біледі. Оның істі ұйымдастыруға да белсенділігі баршылық екені анық.
Ақпарат еркіндігі мемлекеттік органдардың қолдағы бар ресурстар мен мүмкіндіктерді ескере отырып, салынған сауалға жауап ретінде ақпаратты беретінін ғана емес, сонымен қатар олардың өздерінің ерекше қоғамдық мүддені қамтитын құжаттарды жариялайтынын және тарататынын да білдіреді. Жариялануға тиісті ақпараттың түрлері оған ие мемлекеттік органның ерекшелік сипатына байланысты болады. Заң жалпы міндеттілікті белгілеуі және жариялануы тиісті ақпараттың негізгі санаттарын жариялау жолымен мәліметтерді жариялауы тиіс.
Ең аз дегенде, мемлекеттік органдар ақпараттың төмендегідей санаттарын:
-оларға көрсетілген қызметтердің құнын, мақсаттарын, аудиторлық тексерулердің нәтижелерін, стандарттарын, қол жеткізген нәтижелерді қоса лағанда және одан әрі әсіресе, егер мемлекеттік орган көпшілікке тікелей қызметтер көрсетсе, мемлекеттік органның қалай жұмыс істейтіні туралы шұғыл ақпаратты;
-кез келген сұрақ салулар, арыздар мен қоғам мүшелерінің мемлекеттік органдарға қатысты жасайтын әрекеттері бойынша басқа да ақпаратты;
-жұртшылық өкілдерінің саясат пен заң шығару саласында шешімдер қабылдауға қатысуының ықтимал нысандары туралы мәліметтерді;
- органның иеленетін және қандай нысандарда осы ақпарат қамтылған ақпаратының тізбесін;
-көпшілікке әсер ететін мемлекеттік органның кез келген шешімінің және ниеттерінің мазмұнын, сондай-ақ шешімдер қабылдау кезінде мәні болған себептер мен дайындау материалын жариялауы тиіс.
Пр Қазақстанда өз мағынасында 1990-шы жылдары пайда болғандықтан, үгіт-насихат, ұран сөздері бірден қоғаммен байланыс терминдерімен алмастырылды және қоғаммен байланыс бизнес құрылымдарда емес алдымен мемлекеттік органдарда дамып, бастау алды. Себебі, посткеңестік елдерде қоғамман байланысты алғаш рет қоғамның басқа салаларында емес, сайлау процесінде қолданған болатын. Адамдар алғашқыда паблик рилейшнздің мәнін түсінбеді. Бұл саланың мамандары да болмады, ол кездері қоғаммен байланыспен филологтар, журналистер, тарихшылар, философтар, саясаттанушылар, психологтар айналысқан болатын. Өйткені, қоғаммен байланыстың мәнін кім, қалай түсінсе, солай пайдаланған. Мемлекеттік органдар Пр-ды бұрынғы иедеологиялық құрылымнан қалған ескірген, көнерген әдістердің жалғасы ретінде қабылдады. Міне, сондықтан ПР-ды посткеңістік елдерде мемлекетпен байланыстыратыны осыдан. Ал, бүгінде Пр биліктің бөлінбес коммуникативті аспектісі болып табылады. Қазір еліміздегі барлық атқарушы биліктің қоғаммен байланыс орантатын бөлімдері немесе баспасөз қызметі бар. Осы арқылы олар өз ұйымдарының бұқара үшін мейлінше ашық екенін көрсетуді көздейді. Бұл ашық қоғам үшін аса қажет. Алайда, еліміздегі мұндай құрылымдар күні бүгінге дейін Пр талаптарына сай толық қалыптаспаған. Себебі, бұл салаға мейлінше көңіл бөлінбей, тек қосымша құрал ретінде ғана қалып отыр.
Мемелкеттік институттардағы Пр-құрылымдары қызметі тиімсіз. Пр-қызметін баспасөз орталықтары ауыстырып, тек жаңалық пен баспасөз релиздерін таратып, журналистермен байланыс орнататын құрал деңгейінде танылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |