Журналистикаға және Ақпарат
Әдеби-шығармашылық қызмет түрі ретінде журналистика саяси, салалық, тақырыптық т.б. басылымдар, радио және телебағдарламалар арқылы қоғамдағы көкейкесті мәселелерді қозғап, алуан түрлі аудиторияны әлеуметтік, саяси және арнаулы мағлұматтармен қамтамасыз етеді. Қоғам дамуының заңдылықтары, әлеуметтік, экономика және рухани мәселелер жөнінде мағлұмат беріп, жұртшылықтың қоғамдық пікірін қалыптастырады. Журналистикаға берілетін анықтамалар мен тұжырымдар барлық уақытта біркелкі болған емес. Кейбір тұжырымдар журналистика қоғамдық ой-пікір мен дүниетанымды қалыптастыратын, сол уақыттағы нақтылы оқиғаларды барлық жағынан қамти отырып, ондағы ағымдар мен процестерге, сондай-ақ құбылыстарға түсінік бере алатын әлеуметтік-бағыттаушылық мәнге ие болуы қажет дегенге тоқталса, кейбір тұжырымдар журналистика тек қана боямасыз ақпарат жеткізуші құрал, сондықтан тыңдаушы не оқырманның ой-пікірді өзі қорытуына, дүниетанымдық таңдау жасауына мүмкіндік қалдыруы тиіс деп санайды. Тіпті қазіргі заманғы ақпарат құралдарының қайсыбірі өз өнімдерінің ішкі мазмұны мен идеясына, ал кейбіреуі жалаң хабарды неғұрлым шұғыл да шапшаң таратуға баса назар аударып жүр. Осыған байланысты журналистиканы қалыптасқан жалпыадамзаттық ортақ құндылықтармен қатар әрбір елдің өзіндік ішкі бағыттары арқылы дамитын пластикалы ақпарат тарату түрі ретінде қарастыруға болады. Адамдарға ықпал ету мақсатында ақпарат жинақтау және оны тарату іс-әрекеттерінің белгілері ежелгі дәуірлерде-ақ байқалған.
ПР-дың міндеті мен парызы бұл жалпы, басқару жүйесінде ерекше функция атқаратын басымдыққа ие тетіктердің бірі. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кез келген ұйыммен жұртшылық арасында қатынас орнатуға дәнекерлік етеді. Әрі екі жақты байланысты одан ары нығайтуы арқылы, әртүрлі маңызды мәселелер мен міндеттерді шешуге ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, ұйымның басшысына өзі турасындағы қоғамдық пікірден хабардар болып отыруға және абыройын арттыратын «жақсы сөз жарым ырыстың» орнығуына дер кезінде қам жасауына мүмкіндік туғызады. Алға қойылмақ басты міндеттерді анықтап, соған мейлінше жұртшылық мүддесінің сәйкес келуіне күш салады. Қандай да бір өзгеріске басшылықтың әзір отыруына әмбе сол өзгерістің өзін қиын жағдайда да жеке қолайына неғұрлым тиімді пайдалануға икемдейді.
Қысқасы, ПР төніп келе жатқан қауіпті күні бұрын құлағдар ететін болжау-талдау жүйесінің ролін атқарады, сонымен қатар қарсы тұрғыда қалыптасқан жөнсіз үрдістердің бетін қайтаруға көмектеседі. Міне, осыларды игере келіп, этикалық нормадағы қатынасқа негізделген қызметтерді зерттеудің және оның жаңаша түрлерін ашуды көздейді.
Паблик рилейшнз өзінің міндетін атқару барысында шын ақпаратқа негізделеді, адамдарға белгілі бір көзқарасты ұстану, қайсыбір пікірлер мен идеяларды қабылдауды(теріске шығаруды) ұсынады, міндетті түрде екі жақты байланыс тетіктерін жолға қоюды ұйғарады. Дамыған елдердің көбісінде Паблик рилейшнз кез келген ұйымның қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынас тетігінің ажырамас бөлігіне айналған.
Қоғамды дамытудың алғышарттарының ең бір қажеттісі де сол – қоғамдық пікірлер болып табылады. Осыдан келіп жаңаша ойлау мақсатында пікір алуандығы, яғни, плюрализм келіп туындамақ. Плюрализм өмір мен қоғамның жан-жақты болмысынан туындайтын әрқилы ой-пікірлер. Мұнда біржақтылыққа, жауырды жаба тоқуға орын жоқ. Қажет болса кездесіп қалар кемшіліктер сынға алынады. Сөйтіп оны түзетудің амалдары іздестіріледі.
1. БАҚ қай елде болмасын, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста ашық жұмыс істеуі керек. Бұл ретте географиялық шекаралар шеңбері тосқауыл болмауы қажет. Бірақ ғаламдану орнына интеграция ғана қажет. Ұлттық журналистика өз сипатында дами беруі міндет.
2. Әр ел өз тарихын, мәдениетін, тілін, ділін, ұлтын сақтай отырып, жер жүзілік өркениетке үлес қосуы тиіс. Адамзаттық бүкіл құнды қасиеттерге араласу керек. Әділдік, шыншылдық, қауымдастық және гуманизмді қадірлеу жөн.
3. Қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын көрсетіп отыру қажет. Жер жүзілік прогресті дамытуға ақпарат құралдарының белсенді қызметі қажет.
4. Экология, атом қарулары зардаптарын жоюға және соғысты болдырмауға баспасөз, радио, телевидение ерекше қызмет етуі тиіс.
5. Әлемдік хабарлардың оперативтілігін жақсартуға ұмтылу керек. Бұл орайда көптеген елдердің ақпарат агенттіктері тығыз байланыста жұмыс атқаруы қажет.
6. Үкіметпен бірге, халықтық дипломатияны дамытуға ақпарат құралдары белсене араласуы қажет. «Дөңгелек үстелдер», «телекөпірлер» арқылы жер жүзілік маңызды оқиғалар мен бейбітшілік бастамаларды дер кезінде жариялап, насихаттап отырған дұрыс.
ПР-менеджердің міндеті компанияның ПР стратегиясын жасап, іс жүзіне асыру екендігі белгілі, алайда оның қызметінің негізгі бөлігі бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатып, сапалы ПР материалдарын жазу, БАҚ сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
Қазақстандық ірі компания, ұйымдардың баспасөз орталықтарында медиа-карталар(БАҚ туралы мәліметтер базасы) жасалады. Онда өздері байланысуға болатын БАҚ-тың тізімі, сипаттамасы(түрі, пішіні, шығу жиілігі, таралымы, бағыты, аудиториясы, редакцияның ішкі құрылымы, мекен-жайы) көрсетіледі және бұл тізім уақыт өткен сайын толықтырылып, жаңартылып отырады.
Бүгінде Қазақстанда PR-дың келесі бағыттары белсенді түрде дамып келеді:
- БАҚ-пен өзара байланыс орнату. Кез-келген іскерлік басылымды таңдап алыңыз да, ақпараттық негіз бойынша жазылған материалдар санын жалпы мақала санына шағып, пайыздық көрсеткішпен есептеңіз. Ақпараттық желі = компания ұсынған ақпарат
- Қаржылық коммуникациялар (инвесторлармен өзара қарым-қатынас). Қазақстанның қор нарығы дамуының басты үрдістері жөнінде пікір білдіретін негізгі спикерлер тізімін жасаңыз. Қай компаниялар жиі аталады?
- Мемлекеттік PR. Қазақстандағы жағымды «паблисити» үлгісі болып табылатын танымал адамдардың тізімін жасаңыз. Елдің алға ілгерілеуіне олар қалай ықпал ете алады?
- Іскерлік шараларды ұйымдастыру және өткізу. Қазақстанда өткізілетін іскерлік шаралар арасынан іскерлер қоғамдастығы үшін маңызды деген үшеуін таңдап алыңыз. Оларды кім ұйымдастырады?
- Ойын-сауықтық шараларды ұйымдастыру және өткізу. Бір мезгілде шыққан 5 жылтыр мұқабалы басылымды алып, олардың басым бөлігі сөз еткен кешті табыңыз. Кешті кім ұйымдастырғанын анықтаңыз. Оған шақырылған танымал адамдардың тізімін жасаңыз.
- Өнімді және қызметті тұтынушылармен өзара қарым-қатынас. Негізгі деген азық-түліктік 5сауда желісін таңдап алыңыз. Әр желінің дүкендеріне кіріп шығыңыз. омпанияның өз тұтынушыларын жаңалықтарымен таныстыруда қандай тәсілдерді пайдаланатынын анықтаңыз.
- Үшінші сектормен өзара қарым-қатынас (Үкіметтік емес ұйымдар). Интернеттегі іздеу қызметі арқылы үкіметтік емес ұйымдардың соңғы бір жылда БАҚ-та барынша жиі аталған ұлттық жобаларының топ-5 рейтингін құрыңыз.
- Үкіметпен өзара қарым-қатынас. 3 іскерлік басылымды таңдап алыңыз және экономика(шикізат) фармацевтика салаларында қабылданған заңдар нәтижесі бойынша жазылған материалдарды салыстырып қараңыз. Сіздіңше, қабылданған шешім Қазақстандағы компаниялардың қайсысы үшін тиімдірек болды?
- Корпоратив ішіндегі коммуникациялар. 3 корпоративтік басылымды таңдап алыңыз, олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай? Қандай айдарлар ашылған? Негізінен мақала авторы кім?
- Интернет-коммуникациялар. Ақпаратты Интернет арқылы жариялауға қажетті 10 құралдың тізімін жасаңыз.
- Дағдарысқа қарсы коммуникациялар. Өзіңізге қызықты көрінген даулы мәселені таңдап алыңыз. БАҚ пен Интернет-форумдар арқылы осы дағдарыстың шешілу барысын қадағалап отырыңыз. Оқиғаға кінәлі адам қалай қарайды, не жауап берді?
- Корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік. Қазақстандық компаниялардың қайсысы ойыңыздан шығады? Неліктен?Сол компания қандай да бір әлеуметтік қызметпен айналыса ма?
- Бірінші басшыны ұсыну. Имиджі ұнайтын Бизнесменді таңдап алыңыз. Бизнесменнің өмірінен/кәсіби қызметінен оны негізгі бәсекелестеріненерекшелендіріп тұратын 3 сирек факторды табыңыз.
- БАҚ-пен өзара түсіністік байланыстар қалыптастыру, сондай-ақкөпшілік алдына шығып сөз сөйлеуге қатысты тренингтер
Достарыңызбен бөлісу: |